Міне, осы жазбаны жазуға кіріскенімде сағат тілі түнгі 0.51-ді соқты. Яғни, шілденің үші аяқталып, төрті басталды деген сөз.
Тағы да туған күн
Uncategorized жазылған
Ақтанайдың қылықтары
Менің құлыным Ақтанай – Ақтанберді қазір 3 тен үш ай асты. Тілі сондай тәтті. Ешкім ойламаған сөздерді айтып қалып, қарап отырады. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Ұланбатырда Моңғолия қазақтары кіші құрылтайға жиналды
Маусымның 27-і күні Ұланбатырда басталған Моңғолиядағы қазақтардың кіші құрылтайына, ұйымдастырушылардың айтуынша, сол елдің қазақтар тұратын аймақтарымен бірге Ресей, Қазақстан және Қытай елдерінен қонақтар шақырылған екен. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Үржарға барар жол
Uncategorized жазылған
Торғынның жаңа сәлемі
Түркиядағы қазақ радиосы жайында бұған дейін блогыма жазған едім. Ондағы қазақ радиосының бүкіл-бүтін қан тамыры Торғын Сұлтанқызы тағы бір хабарын маған салып жіберген екен. Таныс болыңыздар. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Жай бір ойлар (жалғасы)
Наурыздың 10-ында Астанаға сапар шектім. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшысы Ералы Ералы Тоғжанов қазақ журналистерімен кездесу өткізбек екен. Арнайы, аттай қалап шақырған соң, барып қайтуға жиналдым. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Жай бір ойлар
Көп болды, күнделік жүргізе алмадым. Уақыт тапшы. Бәлкім менің оқырмандарым менің блогыма енгенді біржола тоқтатқан шығар. Дегенмен, осы уақыт аралығында қордаланып қалған ойларыммен бөліссем деймін. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Cтуденттермен сабақ
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің 3 курс студенттеріне блог жайлы сабақ өттім. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Түркиядан сәлем
Мен, Түркияда Торғын Сұлтанқызымен телефон арқылы байланысқа шығып, Азаттық радиосына хабар жасаған едім. Содан бері Торғыннан маған хат кеп тұрады. Көбінде өздерінің “Түркия үні” атты радиосының қазақ тілінде тарататын хабарлары жайында мәліметтер жіберіп отырады. Бұл жолы Тайф Ердоғанның Израйль басшысының Давос форумына қатысқанына наразылық ретінде жиналысты тастап шыққаны жайлы мәлімет жіберген екен. Бұл хабар телерадио және интернет арқылы тарап кетті. Екі күн кешіктіріп қойғаныма кешірім өтінемін. Дегенмен, қызықтырады әрі шетте қазақ тілінде хабар тарататын радионың мән-жайымен қаныға берсін деген мақсатта блогыма қойып отырмын.
Uncategorized жазылған
Менің өмір баяным (жалғасы)
Алтын той
Құрметті оқырман! 
Көптен бері үзіліп қалған өмірбаянымды арықарай жалғастырудың сәті бүгін түскендей…
Өткен жазғы демалыс мен үшін мазмұн мен мағынаға толы болды. Соның ең маңыздысы ата-анамның алтын тойы еді. Той Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының Көкөзек ауылында өтті. Бүкіл туған-туыс жиналды. Талай бас қосуда дәл осылай кездеспеген екенбіз. Ең үлкен ағам марқұм Әмірханнан басқамыз алқалы тойдың басы-қасында болдық. Бүкіл жамағат, ең бастысы атам мен анам риза болды.
Тойдың ресми жиынынан кейін дастархан басында барлығымыз жиылып өз атымыздан сый-кәдемізді ұсындық. Ерекше бір сезім баурап алды. Онымыздан тараған үрім-бұтақ барлығы мәуедей салбырап, әкем мен тәтемді кезек-кезек құшақтайды. Осы бір сәт менің көңілімді қозғап жіберді, көзіме жас тығылып, өзіммен өзім еңіреп тұрып жылап алдым. Менің қуаныты көз жасымды ешкім түсінген жоқ. Саған не болды?» деп аң-таң болысты. Бірақ, не болғанын өзім де түсінбеймін. Тек бұл жылаудың қуаныштан, сезім толқынысынан екенін сезіп тұрдым.
Uncategorized жазылған
