Менің өмірбаяным (жалғасы)

Сонымен мен туған өлкемнің ойы мен қырын әңгімелеп бітер емеспін. Әрі қатты сағынған да екенмін. Жазған сайын қолат қыры есіме оралып, көңілімнің түкпіріндегі тығылып жатқан сезімдер қайта бас көтере бастады. Дегенмен, адамның ең уыз шағы - балалыққа не жетсін.

Өлең

Құрметті достар! Назарларыңызға жолдасым Бақытбектің мына бір өлеңін ұсынғым кеп отыр.

Менің өмірбаяным (жалғасы)

Құрметті достар! Мен өз өмірбаянымды жаза отырып, балалық шағыма саяхаттап қайтудамын. Негізі жақсы бастама көтердім-ау деймін.
Мен туған өлке 
Географиядан сабақ беретін Құмархан мұғалім (бізде мұғалімдерді «ағай, апай» деп атау дәстүрі қалыптаспаған, «мұғалім» дейміз) «Жергілікті жердің географиясы» деп әрбір сабақта қайталап жататын, бір қызығы жыл сайын пысықтап отыратын. «Көз алдымызда тұрған қара мекеннің қандай географиясы болуы мүмкін» [...]

Менің өмірбаяным

Құрметті достар! Жақында мен ұлт үшін жүрегін суырып беруге дайын-ау деген бір адаммен сөзге келіп қалдым. Ол кісінің ұлт үшін жаны шырылдап жүргені бер жағы ғана екен. Ар жағында топтық, кландық, қала берді рулық деңгейден аса алмапты. Олай дейтінім, ол кісінің ойынша, оралмандар – елдің арасын бүлдіріп, оның ата-анасы төлеп жатқан салықты жеп жатыр екен. [...]