Менің өмірбаяным

Құрметті достар! Жақында мен ұлт үшін жүрегін суырып беруге дайын-ау деген бір адаммен сөзге келіп қалдым. Ол кісінің ұлт үшін жаны шырылдап жүргені бер жағы ғана екен. Ар жағында топтық, кландық, қала берді рулық деңгейден аса алмапты. Олай дейтінім, ол кісінің ойынша, оралмандар – елдің арасын бүлдіріп, оның ата-анасы төлеп жатқан салықты жеп жатыр екен. [...]