Қазақтың ең бір кәделі тойларының бірі – қыз ұзату. Қыз ұзатудың сыры мен жыры бітпейді. Болғанынан боладысы қызық тойдың, талай күйеу жігіттің сабырын қашырып, талай қалыңдықты сабылтып қойғаны жайлы революциядан бұрынғы өмірді суреттейтін әдеби шығармалардың барлығынан оқып білген едік. Өз көзімізбен көрмесек те, қалыңдық ойнату, ұрын бару, қол ұстатар, жамбас сипатар сияқты кәделердің біразынан хабардар болатынбыз. Біраз, уақыт үзілістен кейін – қыз ұзату біздің арамызға қайта орала бастады. Қазір ең әуелі қызын жақсы жолға, кәделі сапарға шығарып салу үшін қыздың әке-шешесі үйлену тойынан кемдігі жоқ той жасайтын болды. Әрине, бұның еш сөкеттігі жоқ қой. Егер, қыз ұзатуда қазақтың өзіне тән ырым-жоралғылары жасалып жатса.
Бірақ, бүгінгі тірлігімізде батыстан енген кейбір құндылықтарға жатсынбай қарайтын болдық. Еліктейтіндігіміз соншалық кейбір көзге оғаш көрінетін жайттарды да ата-баба салтындай қабылдайтын болдық. Күні кеше ғана қыз ұзатуға барып қайттық. Талдықорған қаласының әдемі мейрамханаларының бірі – Балқашта дүбірлетіп қыз ұзату рәсімі болды. Үйлену тойынан асып түспесе, кем болған жоқ. Екі жасқа бақыт тілеп, келген құдалардың қадамына құт болсын айтыстық. Алайда, біздің көңілімізге жақпаған бірнеше жайтты айта кетсем деп отырмын.
Біріншіден, қонақтардың барлығы жайғасып отырғаннан кейін ортаға екі жас пен олардың ата-аналары шақырылды. Той иесі қыздың ата-аналарына сөз бергеннен кейін күйеуге қол ұстату шарасы қыздың әкесіне тапсырылғаны. Бұл қайдан келген ырым деп біразға дейін ойланып қалдым. Содан кейін бразилиялық сериалдарда алтарьдың алдында құдайға ант беру рәсімі кезінде күйеу жігітке қызын әкесі алып келіп тапсыратын католиктердің жоралғысы есіме түсті. О заманда, бұ заман күйеу жігітке қызды табыстырған әкені қазақтың қай салтынан көрдік. Бетімді шымшыдым. Қазақтың асыл жеңгелері қайда. Бұндайда қыздың көңілін табуға, күйеудің сағын сындырмауға тырысатын. Менің білетін қазақтың салтында қыз бен жігіттің қолын ұстату, жамбас сипар, шаш сипау, т.б. ырым жоралғыларды қушыкеш жеңгелер атқарушы еді. Әкесі бұндай істерге араласпақ түгілі, маңына жолаушы ма еді. Тойдың қамын, қыздың жайын шешесі арқылы реттеп, болған істен хабардар ғана болып, құдаларының қасына жайғаспаушы ма еді… Бояушы бояушы дегенге, сақалын бояпты деген осы шығар.
Тағы бір көңілге оғаш келгені – қызды есік алдына дейін тағы да әкесі шығарып салып, күйеудің қолына тапсырды. Тағы да католиктердің салты жадыма орала бергені… Еліктегенге солықтаған, мен салтанаты асқан қыз ұзатудағы осы бір көріністерге қынжылып қана отырдым. Басқа ел не ойлағанын кім білсін.
Ақыры, қыз ұзатуды жаңғыртып жатыр екенбіз, ендеше қыз жалғыз айтпай-ақ қойсын, «Сыңсу» әнін топ болып, жақсы тілектермен шығарып салатын үрдісті неге қалыптастырмасқа… «Жар-жар» бар, «Беташар» бар, «Сыңсудың» не айыбы бар. Қызды ұзаттық екен, өзіміздің салт-санамызға бағынған жөн сияқты.. Сен не ойлайсың, ендігі жас.
Есенгүл, мына жазбаңыз адамды ойлантарлық жазба екен. Расында да, осы жаһандану заманында көп нәрсеге еліктейтін болдық. Дегенмен, кеңес тұсындағыдан қарағанда, қазіргі үйлену, қыз ұзату тойлары біршама қазақылыққа жақындай түсе, салт-дәстүрлеріміз жаңғыруда. Бірақ та…сіз жоғарыдағы тоқталған жайттар әр өңірде кездесіп жатады. Жаңағы қызды әкесі келіп күйеу балаға табыстау дегенді өз басым бірнеше тойдан көргенмін, одан кейін басқа ұлт салты бойынша той соңында *букет лақтыру* деген үрдіс тағы қалыптасқан. Яғни, қалыңдық ұстап жүрген қолындағы гүлін той аяғында теріс қарап тұрып, күйеуге тимеген жас қыздарды тізіп қойып, сол тұсқа лақтырады. Кім тосып алса, келесі той сол қыздың ауылында деп есептеңіз. Одан кейін қалыңдықтың аяқ киімін ұрлау деген тағы бар. Оны да бірнеше қыз жақтағы өткен тойлардан көргенмін. Ал, бұл салттардың қазақта ешқашан болмағаны бесенеден белгілі. Иә, сіз айтқандай өзіміздің салт-санамызбен өткізген тойға не жетсін!!!
By: Тоты on Қазан 9, 2008
at 4:21 тд
Рахмет, Тоты. Иә сенің айтқандарыңның қазақ тойында орын алғанына біраз уақыт болған. Бірақ, өз басым күйеу балаға қыздың әкесін жетектеп барғанын қалай да қабылдай алар емеспін. Өзге діннің салты ғой. Оның үстіне әкесі мен қыздың арасында белгілі бір дистанция болуға тиіс. Бұл қазақтың өзіне ғана тән ерекше салты болатын. Қазір мен кеңеседе, басқа да орындарда қырқылжың шалдармен жас қыздардың қалжыңдасып жатқанын көріп қынжыламын. Бұл сол біздің қазақы бет-бейнеміздің жоғағанының белгілі болар.
By: Esengul on Қазан 9, 2008
at 4:43 тд
мән бермейді екенмін. көп салт-дәстүр ұмытылған ғой. маған мысалы үйреншікті көрінеді: гүл лақтыру да, жаңа келіннің дараң-дараң билеуі де, екіқабат болып үйлену де, кей-кейде қыз ұзатусыз да жасалып жатады тойлар. несі бар?! Мысалы, жоғарыда айтылған тойды жасаған үлкендер ғой, жастар басты себепкер болғанымен. Олар неге білмейді екен?! Жастар сосын “біздің тойда былай да былай болған” деп әрі қарай кете береді ғой өзгеріссіз
By: balgyrgan on Қазан 13, 2008
at 12:04 тк
@: Esengul on Қазан 9, 2008
at 4:43 – дұрыс, айтасыз, тәрбиенің жоқтығы әлде, қазақ қызына тән ибалық, биязылық қазіргі “модадан” шығып кетті деген пікірлердің бар болуы…
By: arsenal777 on Қазан 13, 2008
at 5:20 тк
Рахмет, Арсенал. Әрине, заман басқа, заң басқа. Дегенмен, мен қазақтың кейбір салттарын қадағалауды жөн санаймын.
By: Есенгүл on Қазан 13, 2008
at 5:41 тк
Иә, Балдырған. рахмет. Атың әдемі екен. Рас айтасың, бұны үлкендер реттеуі керек. Оған келісемін. Бірақ, сол үлкендеріңнің өзі кешегі кеңес заманында білім алған, жартылай дүбәра халық боп тұр ғой. Несін айтасың?
By: yesengul on Қазан 13, 2008
at 5:45 тк
Иә, сол үлкендеріміздің өзі мәңгүрттеу ұрпақтың сынығы ғой…
By: Тоты on Қазан 14, 2008
at 9:39 тд
үлкендерге жастар үйрететін заман келе жатыр ма?! қызық
кінәліні іздемейміз ғой, бірақ келешекті өзгертуге тырыссақ қайтеді?! Қыз ұзату туралы толық мәлімет қайдан алса болар екен?
By: balgyrgan on Қазан 16, 2008
at 11:54 тд
Иә, Тоты кешегі Кеңестік кезең біраз дүниеміздің тас-талқанын шығарды ғой. Бүгінгі қыз ұзатып жатқандар сол заманда білім алып, сол жүйеде тәрбеленіп, қазақтың құндылықтарынан безініп өскендер. Байқасаң, ХХ ғасырдың 70 жылында біз бұғауда болдық. Алайда ұлттық рух сөнбеген еді. Соның нәтижесінде “Қыз Жібекті” түсіріп, қазақтың рухын жебей білдік. Ал, тәуелсіздк келіп, өз қолымыз өз аузымызға жеткенде, рухсыз қалдық. “Көшпенділер” сол рухсыз сананың жемісі болған жоқ па?
By: Есенгүл on Қазан 18, 2008
at 3:46 тд
Иә, Балдырған мәселе кінәліні іздеу емес, бірлесіп санамыздағы өзге діннің және жат сананың сарқыншақтарынан құтылу. Қыз ұзату туралы бәлкім этнографиялық еңбектерден оқуға болатын шығар. М. Әуезовтің “Абай жолында” да қы ұзату жайында жақсы мағлұмат бар.
By: Есенгүл on Қазан 18, 2008
at 3:48 тд
[...] Ұзату: Есенгүл күнделігіндегідей болмады. Қызды ақ матамен екі жеңгесі қолтықтап [...]
By: Қызұзату « Балғырған on Қазан 20, 2008
at 8:35 тд
ондай әкесіменн қоштастыру сияқты эмоционалды момент жасағылары елсе бір тойда қыз әкесімен вальс биледі, қараған жұрт жылап енді…
ал қызды әкесінің тапсырғаны шынымен біртүрлі екен
осы вааще қыз ұзату жасап, бұл да босқа мал шашпақ нәрсе, ақшасы бар кісіоерге әрине сөз емес, ал кейбірлері әйтеуір елден қалмаудың амалы
By: KonilAshar on Қазан 22, 2008
at 11:18 тд
Yesengul!
Akesi Kisin Altardin aldinda Bolashak Kyeune Kolin Tapsiry – Ol tek kana Katolik emes, Jalpi Xristian Dini madeniet salttin bir tyri……….Ol Batis Haliktarda Damigan…oni dyris Aitasiz……Birak Ol bir jaginan Kyei Balanin Jayiapkershiligin Kudai men Halik Aldinda asiru ushin bagittalgan………Ol ote ademi shin omirde korseniz……….
Birak Kazakh halkinin ozinin Ademi Salttari bar – 1.Neke Kiu….2. Bet Ashar…..3. Shashu…… Birak menin Oimsha kazirgi Zamanda Er Adamdarga Kalindik alganda – Kizdin Ake-sheshesinin Aldinan Otyp……Resmi Tyrde…..Kizinizdi Omirlik Jar Etip Alap…….basinan Shash Tysirmei Omiri Kyrmettep Ayalap Otemin Degen Yade Bery Dyris Siyakti…………Onda Jetim Kazakh Azyar me di…….??………..Jalgiz balalarin osirip kinalip jurgen kelinshekter Azyar ma edi….?????…….
Kauim Bolip – Sondai Azamattarga JOL Bermau – sonda gana Toi Toiga Ulasa Beredi……Jetim Kazaq Balalari Amerikaga satilmai oz Elinde Osip Kuanip jurer Edi…….Jigittilik Degen ne…..?? – soni jazsaniz…Yesengul sinilim…….
By: Gulnara on Қаңтар 30, 2009
at 12:24 тд
Әрине, күйеу жігіттің өзінің жауапкершілігін түсінгені дұрыс. Бірақ, оны христиан дінінің салт, жорасынан көшіріп алмауы керек қой. Қазатың өзінің күйеуге жүктер жауапкершілігі жетіп артылады ғой.
By: yesengul on Қаңтар 31, 2009
at 5:12 тд
Келесі айда сіңілімнің ұзату тойы болмақшы, соған байланысты тойдың сценариін жазайын деген ойым бар. Қыз ұзату тойына байланысты салт-дәстүрлер туралы жазып, көмектессеңіздер екен. Рахмет.
By: Meruyert on Ақпан 9, 2009
at 4:52 тд
Маған қазақша тост керек қыз үзатуына
By: Айжан on Шілде 24, 2009
at 12:41 тк
Сәлем, сізге қыз ұзату жайлы өлең жазып жіберсем жарай ма?
By: yesengul on Шілде 25, 2009
at 4:41 тк
Қайырлы күн, құрметті Есенгүл! адам баласы басына бір іс түспесе осындай тамаша сайттың бар екенін де білмейді екен ғой!
мен Аллахым бұйыртса, келер жылдың жазында тұрмыс құрамын ба деп ниет еттім. сол жөнінде біраз жұмыстардың басын қазірден бастасам ба деп, интернет арқылы біраз мағлұмат жинауға белімді бекем будым. Қазірги кезде көп тойлар бір сарынмен өтеді емес пе?! ал мен өзі жастайымнан өнерсүйер жан болғаннан кейін, сәйкес өз тойымды да ерекше? ескілікте болған сыңсу сияқты элементтерді қоссам ба деп едім. тіпті көрініс ретінде жасасам ба деген ой бар. әйтеуірб тойыма келген адамдар біздің негізгі салт-дәстүрімізбен танысса екен деген арман ғой. сол үшін қандай кеңес берер едіңіз? Алдын ала алғысымды білдіремін.
Жұлдызай
By: Жұлдызай on Қыркүйек 10, 2009
at 7:06 тд
Сәлем, Жұлдызай. Кешігіп жауап қатқаныма кешірім өтінемін. Менің анам қыз ұзатарда сыңсу айтқанды жақсы көреді. Сыңсу да – жар-жардың бір түрі. Бұның ерекшелігі – қыз ұзатыларда айтылады. Біз жар-жарды бүгінгі қоғам элелементтерімен өмірге қайта әкелдік те, сыңсуды елеусіз қалдырдық. Қыз ұзатуды қайтадан сергітіп жатқанда, сыңсуды неге өз ортамызға қоспасқа. Менің білетінім бұнда да қыз-жігіттер екіге бөлініп, өзара айтыс түрінде айтылады. Мысалы:
Жігіттер:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.
Әкем-ау деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Әке орнына қайны атаң онда болар, жар-жар, – дейді. Оған қыздар:
Есік алды қарасу майдан болсын, ай-ау,
Ақ жүзімді көретін айнам болсын, ай-ау.
Кісі әкесі кісіге әке болар дейді,
Айналайын әкемдей қайдан болсын, – деп жауап қатады.
Жігіттер тағы да:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.
Анам-ау деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
Ана орнына қайны енең онда болар, жар-жар, – жеп өлеңдетеді. Қыздар тағы да:
Есік алды қарасу майдан болсын, ай-ау,
Ақ жүзімді көретін айнам болсын, ай-ау.
Ана орнына қайны енең ана болар дейд,
Айналайын анамдай қайдан болсын, – деп жауап қатады.
Осылай қыз бен жігіттің өзара айтысынан кейін, қыз ата-ана туған туыс, дос жарандарымен көрісіп, қоштасады. Бұл әрине, қыздың тым ұзаққа ұзатылатындығының әсерінен де болса керек.
By: yesengul on Қазан 1, 2009
at 4:46 тк