Posted by: yesengul | Маусым 27, 2009

Ақтанайдың қылықтары

DSC04516Менің құлыным Ақтанай – Ақтанберді қазір 3 тен үш ай асты. Тілі сондай тәтті. Ешкім ойламаған сөздерді айтып қалып, қарап отырады.

ОНДА СЕН КЕМПІРСІҢ БЕ?

Ақтанай менен:

- Мама, мен үлкен болғанда, сендер кішкене боласың дар ма? – деп сұрады.

Мен:

- Жоқ, сен үлкен жігіт болғанда әкең – шап, мен – кемпір боламын, – дедім.

Бірде “мама, әкем – үлкен бе?” деп сұрады. “Әкең – шал ғой” деп жауап беріп едім, жұлып алғандай: “онда – сен кемпірсің бе?”, – дегені.

“БІЗ ЕТІК КИГЕНДЕ ЖАУАДЫ”

Ақантайдың қабілет-қарымын сынамақ болып, неше түрлі сауалдар беріп жаңылдырамыз. Бірде машинамен кетіп бара жатыр едік, жаңбыр құйып кетті.

- Мама, жаңбыр жауып кетті ғой, – деді Ақтанай. Тыныш отырмай:

- Жаңбыр қашан жауады? – деп сұрақ қойдым.

- Жазда.

- Ал, қар ше?

- Қар ма? Біз етік кигенде, далада қар жауады, – деді ақтанай.


Пікірлер

  1. Соңғы жауабы баланың логикасына сай. Өзінің көргені, білгені бойынша жауап беріп отыр. Ол жақсы. Көп сұраған балалар есейгенде зерек болады.

    Тәтті бала екен :) Бұзықтығы жоқ па?

    • Рахмет, Ансар. Айтқаның келсін. Қалай дегенмен де, ойлап сөйлейді-ау деп ойлаймын.

  2. …Бала тіл-бал…дейді ғой. Үйіңізден баланың былдыры кетпесін! Ақтанберді үлкен азамат болсын!

    • Рахмет, Тоты. Айтқаның келсін. Саған да соны тіледім.

  3. Ақтанайыңыз қалай? Үлкен жігіт болып өсіп жатыр ма?

    • Рахмет, құдайға тәуба.

  4. Ия, шынымен де таттi кылыктары коп кой))) Балабакшага барып жур ма?

  5. рахмет.


Leave a response

Your response:

Категориялар