Posted by: yesengul | Шілде 3, 2009

Тағы да туған күн

Міне, осы жазбаны жазуға кіріскенімде сағат тілі түнгі 0.51-ді соқты. Яғни, шілденің үші аяқталып, төрті басталды деген сөз.

Былтыр осы блогым арқылы “Бүгін менің туған күнім ” деп жаһаннамға жар салып едім. Биыл блогыма жазба қалтырудың өзіне уақыт әзер жетті. Таңертең Ақтанай ерте тұрғызды. Сосын үйдегі қыздар тұрып құттықтап, сый-сияпаттарымен бөлісті.

Сосын жұмысқа тарттым “Азаттыққа”.  Әуелі баспасөз-мәслихатына соқтым. Мүшелмен қоштасқанымды атап өткім келіп, торт іздеп әзер таптым. Жұмыстағы қыздар тортыма риза болып қалды. Барлығы жақсы тілек, ізгі ниет білдірді.

Бір қызығы телефоным үйде қалып кетіпті де, кімнің телефон соғып құттықтағанын біле алмай дал болдым. Үйге келсем қоңырау шалғандар да, хабарлама қалдырғандар да біраз екен. Қоңырауларға өзім жауап беріп, телефоным қалып қойғанын жеткіздім. Кешке шағын отырыс болды.

Ақтанай ұйықтап қалды, ал әкесі Түркияға сапар шегіп кеткен еді. Шағын “девичник” жасап, бастаңғы жасадық. Барлығы кеткеннен кейін, құттықтағандарға жауап жазып, бүгінгі күннің қалай өткенін саралау үшін компьютерге отырдым. Жақсы көңілдеріңізге мың да бір рахмет!


Пікірлер

  1. Өтіп кетсе де құттықтап қоялық!!!
    Ақтанайыңыздың қызығын көріңіз!

  2. Eshten kesh jaksy. Tugan kuniniz kutty bolsyn!

  3. Бақытнұр, Аңсар, рахмет.

  4. Иә, қазақтың ырымында болмаса да, бала күнімізден туған күнді тойлау санамызға сіңісті болып кетті ғой. Туған күніңізді ойдағыдай атап өткеніңізге қуаныштымын. Өмірдің бар жақсылығын тілеймін!

  5. Рахмет, Тоты.


Leave a response

Your response:

Категориялар