«Қара жорға» биін Қазақстанға ең алғаш германиялық қазақ Арыстан Шәдетұлы таныстырды деп ойлаймын. Қазақстанға келіп орналасқан 20 жыл ішінде ол кісі талай концерттерге қатысып, талай іс-шараларда қазақтың осы бір төл биін насихаттап жүрді. Ол үшін «Қара жорға» атты күй қоятын.
Соңғы жылдары осы «Қара жорға» қазақ тойының сәніне айнады. Ал, қытайлық қандастарымыз аттарын білмеймін бірі сөзін, бірі әнін жазып «Қара жорға» атты өлең жазып, өмірге әкелді. Тойдың бәрінде «Қара жорға» осы әнмен биленетін боп жүр.
Ал, Арыстан аға Шәдетұлының ұлы мен қызы Қажымұқан мен Айтжан бұл бидің шебері болып алды. Биді қоюшы өз әкелері – Арыстан Шәдет ұлы.
Осы апта аяғындағы тойда осы екі өреннің биін видикке түсіріп алып едім. Бірінші рет блогыма видео қосқалы отырмын. Назар аударыңыздар:
jazewengezde tusinbedim .
By: arew on Тамыз 17, 2009
at 7:30 тк
Bul biydi jane bul biyding kuyin Arestan aha dunyege akelgen jok , bul kazakteng halek biyi , Arestan ahamez bolsen Ketaylek kandas kazaktaremez bolsen bari de kazakteng bul halek biyin jalhasterep kayta janghertep jurgender , bularha mengda – meng rahemet …….
By: arew on Тамыз 17, 2009
at 8:12 тк
Видеосы көрінбейді
By: urimtal on Тамыз 18, 2009
at 3:17 тд
Қоя алмай қойдым. көмегің қажет
By: Есенгүл on Тамыз 18, 2009
at 6:23 тд
Әуелі youtube.com деген порталға кіріп, сол жерге жүктеп қойсаңыз, әрі қарай блогқа қою да оңай болмақ.
By: urimtal on Тамыз 18, 2009
at 7:02 тд
Буын биіне жатады екен. Қателеспесем, ”Серпер” деген топ та осындай биді билеуші еді.
By: Ansar on Тамыз 18, 2009
at 8:16 тк
Иә, олар соңғы кездері билеп жүр. Мен өз басым ең алғаш Арыстан ағаның билегенін көрдім.
By: yesengul on Тамыз 19, 2009
at 3:59 тд
Осы би бойынша қытайлық қандастар рекорд жасапты ғой.
By: Ansar on Қыркүйек 7, 2009
at 1:27 тд
Тоты, Аңсар, әр уақыт блогыма қонақ болып, үнемі ой-пікірлеріңді қосып жүргендерің үшін рахмет. Ал, мен жиі жазба жаза алмайтындығым үшін сіздерден кешірім өтінемін.
By: yesengul on Қазан 1, 2009
at 4:47 тк
Соңғы уақытта жастар да үйреніп жүргенін көрдім. Жақсы -ақ…
By: Тоты on Қыркүйек 7, 2009
at 9:33 тд
Есенгүл! Амансың ба?
Сен жайында Ұлан-Батырда шығатын энциклопедияға деректер сұратып жатыр. Кандидаттықты қандай тақырыпта қорғадың т.с.с. Сол деректерді тезарада Zulkaphil@yahoo.com адресі бойынша жібергін! Бақытбек досыма сәлем айтқайсың!
By: Kuandyk on Қыркүйек 16, 2009
at 9:40 тд
Ия менде Арыстан аганын биін теледидардан көргенмін. Бірақ Қытайдағы қазақ бауырларымыз кунделікті тұрмыста жиі қолданады деп еш ойламаппын. Оны Қытайға барған да көзім жетті. Жане Қара жорғадан басқа тағы Айжарық деген әдемі биі де бар екен. Ол жаққа барып уятқа қалдым, билерінді көрсетіндер дегенде.Сендер уйгырлар мен өзбектер сияқты билейсіндер деп кулді. Осы билеріміз біздің елдің тойларында да жиі қолданса қатып кетер еді. Бұл билерде ерекшелік толып жатыр!
By: Жазира on Қараша 9, 2009
at 1:47 тк
Ия менде Арыстан аганын биін теледидардан көргенмін. Бірақ Қытайдағы қазақ бауырларымыз кунделікті тұрмыста жиі қолданады деп еш ойламаппын. Оны Қытайға барған да көзім жетті. Жане Қара жорғадан басқа тағы Айжарық деген әдемі биі де бар екен. Ол жаққа барып уятқа қалдым, билерінді көрсетіндер дегенде.Сендер уйгырлар мен өзбектер сияқты билейсіндер деп кулді. Осы билеріміз біздің елдің тойларында да жиі қолданса қатып кетер еді.
By: Жазира on Қараша 9, 2009
at 1:48 тк