Жақында Германияның Парламенті – Бундестагқа сайлау болып өтті. Біз осы шараны бақылаушы журналистер ретінде Германияның Гамбург және Берлин қалаларында болдық.
Бізді Гете институты арнайы бағдарлама бойынша шақырған екен. Екі топ жасақталыпты. Бірі – ТМД-дан, орыстілді топ, екіншісі – ағылшын тілді топ. Әрине, орыстілді топқа қарағанда, ағылшынтілді топтың қарасы анағұрлым мол болды.
Немістер бізді үш түрлі ерекшелігімен таң қалдырды. Бірінші – өте-мөте дәлдігімен, айтқан уақытынан кешікпеуді басты мақсат тұтады екен.
Екіншіден – тым үнемшлідігімен. Еш нәрсені босқа ысырап етпеуге тырысады. Оны әрине, сізге
ескертіп те отырғанды жөн көреді.
Үшіншіден – саяси мәдениеттілігімен. Партия лидерлерінің ешуақытта бір-бірінің атына лас, балағат сөздер айтып, ғайбат жасағанын көрмедік. Жеңілген партия жеңілгендігі үшін өзгелерді айыптамайды. Жеңген партия жеңдім деп марсимайды.

Сапардан оралуыңызбен. Тамаша суреттер екен. Ойларыңызға да қосыламын. Шіркін, не нәрсеге кешігіп жүретін көп қазақтарға үйрететін-ақ екен…немістердің өте-мөте дәлдігін…
By: Тоты on Қазан 15, 2009
at 4:56 тд
Das ist fantastisch деп қайтқан екенсіздер ғoй
By: Ansar on Қазан 20, 2009
at 8:15 тк
Не де болса бул касиеттерді қазекеңе де уйрену жаман болмас еді…)))):
By: Жазира on Қараша 9, 2009
at 1:37 тк
Керемет маған ұнады
и үшінші суретіңіз қисайып қалыпты
By: blogger on Қараша 14, 2009
at 8:58 тд
Назар аударғандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет
By: yesengul on Қараша 22, 2009
at 8:16 тд