Кеше Алматыда күні бойы жаңбыр жауды. Біз Ақтанай екеуміз қонаққа бардық. Қайтарда жаңбыр одан сайын еселене түсіпті. Түн іші. Біз машинамен Райымбек даңғылымен келе жатырмыз. Алдыңғы терезені қос таяқ (дворник) дамылсыз сүртуде. Осы құбылысты байқап отырған Ақтанай:
- Мама, ана жаңбыр тамшылары шабуылын тоқтатар емес, бізді алдымызды көрмесін деп қатты-қатты соғып жатыр. Ал, ана екі таяқ соларға қарсы шыққан батыр, иә. Тамшылармен күресіп жатқан, қайсысы жеңер екен? – деді. Баламның қисынды ойлары мені де сүйсіндіріп жіберді:
- Иә, балам әзірге қос таяқ берісер емес, түбі біз жеңетін шығармыз, – деп едім:
- Шаршаған соң тамшылар да шабуылын тоқтатар, – дейді жайбырақат.
Ойлау жүйесі кең екен.
Тфу-тфу )))
By: Ақзере on Қараша 8, 2010
at 5:49 am
Рахмет, Ақзере.
By: yesengul on Қараша 8, 2010
at 7:22 am
Машалла! Енді осы Ақтанайға бір қарындас, іні керек болып жүр-ау…
By: Жұлдыз Әбділда on Наурыз 9, 2011
at 8:30 am
Рахмет, Жұлдыз! Ойластырып жүрміз. Бәрі бір Алланың қолында.
By: yesengul on Наурыз 9, 2011
at 8:38 am