Адам өмірінде талай күтпеген тосын оқиғалар бола бедерді ғой. Сондай жайт – Астанаға барған сапарымда менің басымнан да өтті. Астанаға екі түрлі мақсатпен жол тартқан едім.
Біріншісі – медиа бағытында жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдардың альянсы құрылып, соның үйлестіру кеңесіне қатысу мақсатымен, өйткені, Мінбер осы альянсқа мүше болып енген. Екіншісі – Қазақстан халқы ассамблеясы бір жиын өткізетін болып, оған мені аттай қалап шақырыпты. Екеуінің уақыты да бір кезге сәйкес келеді. Алғашқы күні МАК тың (біздің алянстың қысқарған атауы) жиынына қатысып келесі күні Ассамблеяның жиыны өтедеі деген Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне тарттым. Жиын 11-ге жақын басталды. Басталғаннан-ақ, журналистердің этно журналистикадағы рөлі және этнос аралық қатынастарды реттеудегі қызметтеріне алғыс айтылып, журналистерді көбірек мақтау басталды. Сол кезде менің жаныма Шархан Қазығұлов аға келіп, қолымды алып:
- Сен қазір қазақ журналистерінің атынан сөз сөйле, – деді.
- Не үшін? – деймін түсінбей.
- Саған қазір сыйлық беріледі
-Неғылған сыйлық?
-Грантқа ие болдың.
- Не үшін?
- Ойбай-ау, енді не үшін дерің бар ма, атың бар,. атағың бар журналиссің, еңбегің еленіп жатыр да, тәуба де, бірақ қазақ журналистерінің атынан бір ауыз лебіз білдірсең. Саған сенім артып отырмыз, – деді. Абдырап қалдым, не сөйлерімді де білмеймін. Ешқандай дайындығым жоқ. Сол екі ортада Қазақстан халқы Ассамблеясының жауапты хатшысы Нәзипа апай да келіп, маған сөз сөйлеуіңіз керек деп шегеледі. Бірақ, сөйлеп жарытпадым, ойларым әрі шашыраңқы болды, әрі дауысымда діріл білініп тұр еді. Керісінше, 150 мың теңгеге сертификат алдым.
Оз созинмен айтканда кутпеген сыйлык алуынмен шын журектен куттыктаймын! Осындай куаныш сыйлайтын сыйлыктар коп болсын!
By: Бакыт on Қараша 26, 2010
at 11:14 am
Рахмет, менің жолдасыммен аттас екенсіз. Басында, Бақыт жазып отыр ма деп таң қалдым. Тек электронды адресіңіз басқа болған соң ғана, ажыраттым.
By: yesengul on Қараша 26, 2010
at 1:56 pm
О-о мынауыңыз жуатын жаңалық екен ғой. Сол кезде Асқар Ақтілеу айтқан, бірақ жөнді ұға алмағам. Енді қанығым отырмын ақпарға. Есенгүл әпке,шын жүректен менің құттықтауымды қабыл алыңыз! Мұндай тосын сыйлықтарыңыз, марапаттарыңыз көбеймесе, кемімесін! Бізге сіздердің жолды берсін, иншалла!
By: Өркен on Қараша 29, 2010
at 9:45 pm
Иә, Өркен, жавғымды жаңалық болды. Рахмет, өзіңнің де өркенің өсе берсін. Газеттерің күшті шығып жатыр деп естідім. Көре алмай жүрмін. Веб-адресс болса жіберші.
By: yesengul on Қараша 30, 2010
at 6:04 am
Еңбегіңнің елеңгені де жақсы ғой,Есенгүл апай! Құтты болсын! Табыстан табысқа жете беріңіз!
By: Тоты on Желтоқсан 6, 2010
at 5:59 am
Рахмет, Тоты. Өзіңде де жақсылықтар көп болсын.
By: yesengul on Желтоқсан 6, 2010
at 6:00 am
Есенгүл әпке, еңбегіңіз жемісті болсын. Қуаныштымын. Әрине, бұл сыйлық Сіз алатын жүлделердің басы да соңы да емес, бірақ әр сйылықтың орны бөлек болса керек. Біз Сіздердің жазған-сызғандарыңызды оқып, қызығып өскен інілеріңіз боламыз ғой. Басыңыз аман, бауырыңыз бүтін болсын! Шын жүректен құттықтаймын!
By: Amangeldi on Желтоқсан 11, 2010
at 7:38 am
Esengul apke ,kutty bolsin oljaniz.ar kashan joliniz bolsin!alayda sylik beredi degende kazahkstan halik assamblyasin maktap koymagan shgarsiz.ol bir ata zanga kayshi hukiktardan ygiliktenip otrgan zansiz uyim goy….
desede sizdi kuttiktaymin!
bauriniz Serik
By: kokjal83 on Ақпан 8, 2011
at 11:27 am
Әпшетай, күтпеген сый деп қабылдапсыз, бірақ ол сіздің ел, ұлт, жер тақырыбында тер төгіп жазған мақаларыңызбен, еткен еңбгіңіздің жемісі! ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Шығармашылық шыңға жете беріңіз, сансыз сәттілік тілеймін!!!
By: Жан ізгі on Сәуір 13, 2011
at 4:44 am