Ақтанай бестен асты. Сұрамайтыны жоқ. Оның білгісі келетініне ақылың жетіп жауап беріп көр. Менен бірде:
- Мама, аспанды кім жаратты? – деп сұрады.
-Құдай жаратты.
-Жерді кім жаратты?
- Құдай жаратты?
- Адамды?
- Құдай.
- Ағаштарды, суларды?
- Құдай.
- Мына үйді кім салды?
- Адам.
- Қайтіп салды?
- Құдай оған сана берді, адам сол санасын жүзеге асырды, үй салды, жол салды, тамақа істеді, киім тікті.
Екеуміз көп ойыншықтың арасынан өтіп бара жатыр едік, ол маған қарап сәл қулана жымиды да:
- Мама, маған Құдай қандай сана бергенін білесіз бе? – деді.
- Қандай?
- Құдай маған ойыншық ал деген сана беріп тұр, – дегені. Қапелімде не дерімді білмей қалдым. Ойыншық алып бермеске амал жоқ.
Ақтанай ақылды болып өсіп келе жатыр екен! Көз тимесін!
By: Розатай on Шілде 25, 2011
at 4:00 pm
Рахмет, Роза
By: yesengul on Шілде 26, 2011
at 6:13 am
салем Есенгүл. Мен Улаанбаатардан Тілеген деген журналист боламын. Маған Қазақстанда бізден барған Жүкел деген журналистнің E-mail адрессі немесе телефонын тауып берші. Тығыз керек болып тұр. Менің E-mail адрессім tilek_tlg@yahoo.com
By: Tilegen on Шілде 28, 2011
at 11:42 am
“Машина жақсы көреді” деп едіңіз Семейге келгенде, тағы сол ойыншықты алдыртқан шығар…
Негізі, біздің балалық шағымыздан қарағанда қазір ойыншықтар әлемі әлдеқайда озып кеткен сияқты. Кеше тұсаукесерге шақырды бір құрбым, баласына ойыншық алайын деп барып, не түрлісінен басым айналып,ақыры дым таңдай алмай қойдым. Әлде балам жоқ болған соң, өзімнің икемім жоқ болды ма…сәбиді қуантқым келген…
By: vkototy on Тамыз 3, 2011
at 10:29 am
Бала тілі – бал деген. Жарайсың, Ақтанай! ) Тфә-тфә!
By: AkZere on Тамыз 3, 2011
at 11:47 am