Менің түсінігім бойынша, блог – әркімнің өзінің жеке жазбасы, жеке күнделігі. Менің “Түркістан” газеті беттерінде шығатын мақалаларым “turkystan.kz” cайтында басылып шығады. Сондай-ақ, басқа да сайттар қажет деп тапса көшіріп басады. Демек, менің саяси және әлеуметтік тақырыпта жазылған мақалаларым интернет бетінде жарық көріп жатыр. Сол себепті бұл блогым арқылы өмірдің басқа көріністерін, шығармашылығымның басқа қырын танытуды басты мақсат тұттым.
“Болшекте де билей бер” атты макаланыз басылым бетіне жариялануга абден лайык. Іске сат!
By: Айым on Қаңтар 21, 2008
at 12:47 тк
Tomende:
Қазақ газеттері
* Жас алаш
dep koigan ekensiz. Turkystan nege jok???
(kaljyn)
By: bakytnur on Шілде 5, 2008
at 7:03 тк
Дұрыс айтасын, Бақытнұр. Мен блог жасаудың қыр-сырын үйрену үстіндемін ғой. Өткенде Асхат Қалай сілтеме жасау керектігін үйретті. Менің компьютерімде неге екенін білмеймін “Жас Алаш” ашылмайды. Сосын сілтеме арқылы кірсем қалай болар екен деп, “Жас Алашты” қойғызып алып ем, қазір ашылып тұр. “Түркістан” да қоямын, Құдай бұйырса.
By: Esengul on Шілде 6, 2008
at 6:07 тд
Көптен сәті түспей жүр еді, бүгін блогыңызда қонақта болып қайттым. Соңғы жазбаларыңызбен таныстым. Өте қызықты.
By: Тоты on Қыркүйек 23, 2008
at 5:28 тд
Рахмет, Тоты. Қазір тау қопарып, тас көмір қазып жүрмесек те, әйтеуір, уақыт деген тапшы болып кетті ғой. Жиі ауыстыра алмай жатырмын. Негізгі мақсатым – өмірбаянымды толық жазу еді. Соған қол тимей жүр.
By: yesengul on Қыркүйек 23, 2008
at 11:54 тд
Иә, әр нәрсе өз сәтімен деп жатады… жазбаңыздың соңын күтеміз!
By: Тоты on Қыркүйек 24, 2008
at 9:13 тд
Иә, құдай бұйырса, жазуға тырысамын.
By: Есенгул on Қыркүйек 27, 2008
at 1:55 тк
Есенгүл! Қалыңыз қалай? Сіздің жеке пошта адресіңізді білуге бола ма?
By: Тоты on Қараша 27, 2008
at 4:05 тд
Әрине, сенің жазған хаттарыңның бәрі менің поштама келеді. yesengul@gmail.com
By: Yesengul on Қараша 27, 2008
at 6:56 тд
Қарындасым айтшы маған Қазақстанның газет баспаларын қалай оқимын. Мысалы Қазақ әдебиеті және жұлдыз деген сықылды.
By: Байыт Қабанұлы on Желтоқсан 5, 2008
at 2:28 тк
Бұл жағынан сізге көмектесе алмаймын. Өйткені, Қазақстанның басылымдары бұрынғыдай шетке тарамайды. Жазылу құны тым жоғары. Егер, “Қазақ әдебиетінің” интернет сайты болса, мен сізге жазып жіберейін.
By: yesengul on Желтоқсан 27, 2008
at 11:49 тд
Есенгүл апай, блогыңызды оқып отырамын. Қызықты! Сәттілік тілеймін! өзіме тіркеп қояйын
By: makpal on Қаңтар 5, 2009
at 5:15 тд
Рахмет, Мақпал. Соңғы кезде жаңалай алмай жүрмін. Сол үшін кешірім өтінемін.
By: yesengul on Қаңтар 9, 2009
at 1:33 тк
Men jurnalister katarynda jurmin be ? (Kyzaryp kettim goi)
Aipakshy Kamshattyn blogy munda: http://akparat.blogspot.com/
By: Bakytnur on Қаңтар 19, 2009
at 3:44 тд
Бақытнұр, менің блогыма кіруге енді ғана сәтің түскен сияқты ғой. Шымылдығың желбіреп, келіншегің мөлдіреп, өзге дүниеге мойын бұрғызбаған-ау сірә. Менің кейбір ұмыт бола бастаған жазбаларыма пікір қалдырыпсың. Түсінбей отырсам. Журналистердің блогы дегенді көріп барып езу тарттым.
Айтпақшы, мен сенің Моңғолиядағы көтеріліс, Кореядағы Газа аймағындағы соғысқа қатысты кәрістердің пикетіне оқып, нағыз журналистік қарымыңды байқағанмын. Яғни, сен журналистер қатарынан ұялмай орын ала аласың.
By: yesengul on Қаңтар 19, 2009
at 3:13 тк
Solai da shygar, birak Internetke kiru mumkindigim Mongoliada joktyn kasy edi…
Sosyn sizdin blogynyzdy Turkistandagy makalalar eken desem bolekteu eken..
By: Bakytnur on Қаңтар 20, 2009
at 1:30 тд
Ia bolekteu etuge tirisip jatirmin.
Raxmet, Bakytnur. Okip pikir kaldirganin ushin, konil bolgenin ushin.
By: yesengul on Қаңтар 20, 2009
at 3:34 тд
Iya shygarmashylygynyzdy baska kyrynan koru ushin kiremiz blogynyzga!
By: bakytnur on Қаңтар 22, 2009
at 4:05 тд
Рахмет!
By: yesengul on Қаңтар 22, 2009
at 2:09 тк
Kabyldasanyz konak bolip turamin-:)
By: Ақбөкен on Маусым 6, 2009
at 3:21 тк
Сәлем. Мен блогыма қонақ болуға ниет білдіргендерге есігім ашық екендігін айтқым келеді. Рахмет!
By: yesengul on Маусым 12, 2009
at 6:05 тк
Есенгүл апай! Бүгінгі туға күніңізбен құттықтаймын! Алла денсаулық,қуат беріп, алдағы әр күніңіз сәттілікке толы болсын.
Отбасыңызға бақыт, шығармашылығыңызға шабыт тілеймін! Қаламыңыздан туған әрбір жазбаны оқырмандарыңыз сүйсіне,тебірене оқысын деп тілек айтамын!
By: Тоты on Шілде 3, 2009
at 5:28 тд