Posted by: yesengul | Сәуір 26, 2009

Жай бір ойлар

Көп болды, күнделік жүргізе алмадым. Уақыт тапшы. Бәлкім менің оқырмандарым менің блогыма енгенді біржола тоқтатқан шығар. Дегенмен, осы уақыт аралығында қордаланып қалған ойларыммен бөліссем деймін. толығырақ оқыңыз

Posted by: yesengul | Наурыз 25, 2009

Cтуденттермен сабақ

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің 3 курс студенттеріне блог жайлы сабақ өттім. толығырақ оқыңыз

Posted by: yesengul | Қаңтар 31, 2009

Түркиядан сәлем

Мен, Түркияда Торғын Сұлтанқызымен телефон арқылы байланысқа шығып, Азаттық радиосына хабар жасаған едім. Содан бері Торғыннан маған хат кеп тұрады. Көбінде өздерінің “Түркия үні” атты радиосының қазақ тілінде тарататын хабарлары жайында мәліметтер жіберіп отырады. Бұл жолы Тайф Ердоғанның Израйль басшысының Давос форумына қатысқанына наразылық ретінде жиналысты тастап шыққаны жайлы мәлімет жіберген екен. Бұл хабар телерадио және интернет арқылы тарап кетті. Екі күн кешіктіріп қойғаныма кешірім өтінемін. Дегенмен, қызықтырады әрі шетте қазақ тілінде хабар тарататын радионың мән-жайымен қаныға берсін деген мақсатта блогыма қойып отырмын.

толығырақ оқыңыз

Posted by: yesengul | Қаңтар 22, 2009

Менің өмір баяным (жалғасы)

Алтын той

 

Құрметті оқырман! dsc01316

Көптен бері үзіліп қалған өмірбаянымды арықарай жалғастырудың сәті бүгін түскендей…

Өткен жазғы демалыс мен үшін мазмұн мен мағынаға толы болды. Соның ең маңыздысы ата-анамның алтын тойы еді. Той Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының Көкөзек ауылында өтті. Бүкіл туған-туыс жиналды. Талай бас қосуда дәл осылай кездеспеген екенбіз. Ең үлкен ағам марқұм Әмірханнан басқамыз алқалы тойдың басы-қасында болдық. Бүкіл жамағат, ең бастысы атам мен анам риза болды.

Тойдың ресми жиынынан кейін дастархан басында барлығымыз жиылып өз атымыздан сый-кәдемізді ұсындық. Ерекше бір сезім баурап алды. Онымыздан тараған үрім-бұтақ барлығы мәуедей салбырап, әкем мен тәтемді кезек-кезек құшақтайды. Осы бір сәт менің көңілімді қозғап жіберді, көзіме жас тығылып, өзіммен өзім еңіреп тұрып жылап алдым. Менің қуаныты көз жасымды ешкім түсінген жоқ. Саған не болды?» деп аң-таң болысты. Бірақ, не болғанын өзім де түсінбеймін. Тек бұл жылаудың қуаныштан, сезім толқынысынан екенін сезіп тұрдым.

толығырақ оқыңыз

Төлқұжатта ұлтты анықтамау: ұлтты жоюға әкеле ме, жоқ интеграцияға бастай ма?
Уақыты:2009-01-16
Қазақстанда 5-қаңтардан бастап “Биометрикалық электронды төлқұжат” берiле бастады. Әдiлет министрлiгiнiң баспасөз қызметiнiң таратқан мәлiметiне қарағанда, бұл төлқұжат тек шетелге шығатын азаматтар үшiн берiледi екен. Оның алғашқы құны – 5 мың теңгедей. толығырақ оқыңыз
Posted by: yesengul | Қаңтар 9, 2009

Сәлем хат

Сәлеметсіздер ме, құрметті блогшылар. Айдан аман, жылдан есен шығып, 2009 жылды да аман-есен қарсы алған боларсыздар. Олай болуына мен шын жүректен тілектеспін. толығырақ оқыңыз

Posted by: yesengul | Қазан 30, 2008

Республика күнін қалай тойладым?

Күн артынан күн жылжып, ай артынан ай жылжып, Қазақ егемендік декларациясына қол қойғалы да 18 жыл зымырап өте шығыпты. Ең қуаныштысы, осы бір тарихи сәтте мен Қазақстан табалдығырын аттап үлгерген едім. Саясаттың салқынынан ештеңе түсінбейтін бойжеткен шағым. толығырақ оқыңыз

Posted by: yesengul | Қазан 5, 2008

Қыз ұзату

 

Қазақтың ең бір кәделі тойларының бірі – қыз ұзату. Қыз ұзатудың сыры мен жыры бітпейді. Болғанынан боладысы қызық тойдың, талай күйеу жігіттің сабырын қашырып, талай қалыңдықты сабылтып қойғаны жайлы революциядан бұрынғы өмірді суреттейтін әдеби шығармалардың барлығынан оқып білген едік. Өз көзімізбен көрмесек те, қалыңдық ойнату, ұрын бару, қол ұстатар, жамбас сипатар сияқты кәделердің біразынан хабардар болатынбыз. Біраз, уақыт үзілістен кейін – қыз ұзату біздің арамызға қайта орала бастады. Қазір ең әуелі қызын жақсы жолға, кәделі сапарға шығарып салу үшін қыздың әке-шешесі үйлену тойынан кемдігі жоқ той жасайтын болды. Әрине, бұның еш сөкеттігі жоқ қой. Егер, қыз ұзатуда қазақтың өзіне тән ырым-жоралғылары жасалып жатса. толығырақ оқыңыз

Posted by: yesengul | Қазан 1, 2008

Жолсапар (жалғасы)

Алыс та, жақын Қазақстан

 

Қазақстанға Баян-Өлгийдегі қазақтардың тең жарымы қопарыла көшті. 1991 жылдан күні бүгінге дейін Моңғолиядан оралған қазақтардың нақты саны 100 мыңға таяйды. Бірақ, Баян-Өлгийде әлі де 120 мыңдай қазақ бар. Екіге жарылған қазақтардың көңілін күпті ететіні де осы. «Әлдеқалай күн туса, шекараның екі жағында қаламыз ба?» деп уайымдайды. Алайда, жылы орнын суытуға тағы құлықсыз. Дегенмен, осындағы бала-шағасы, туыс-туғанының соңынан келіп жатқандар да жеткілікті көрінеді. Демек, көштің толастайтын түрі жоқ. толығырақ оқыңыз

Posted by: yesengul | Қыркүйек 27, 2008

Жолсапар (жалғасы)

Бұлғын

 

 Баян-Өлгий 12 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Соның бірі әрі аймақ орталығынан жырақта орналасқаны – Бұлғын ауылы. Осы ауылдың тумасы, белгілі ақын Кәкей Жаңжұңұлы:

 «Барам, апа, көктемде,

Жаңбыр жауып өткенде,

Бұлғын сыңғыр қаққанда,

Ағаш алқа таққанда» деп жырлаған екен.

толығырақ оқыңыз

« Жаңа жазбалар - Бұрынғы жазбалар »

Категориялар