Өлгий
«Туған жердің қар-мұзы
Аязыңмен жуындыр» деп көрнекті ақын Жәркен Бөдешұлы айтқандай туған жердің салқын самалымен тыныстап келеміз. Маған мына адыр, мына қырдың бәрі таныс. Алтайдың солтүстік-шығысы.
Өлгий
«Туған жердің қар-мұзы
Аязыңмен жуындыр» деп көрнекті ақын Жәркен Бөдешұлы айтқандай туған жердің салқын самалымен тыныстап келеміз. Маған мына адыр, мына қырдың бәрі таныс. Алтайдың солтүстік-шығысы.
Uncategorized жазылған
Шекара
2000 шақырымды жүріп өткеннен гөрі Кеден бекетінде көзіңіз көгеріп сабылғаныңыз жаныңызға қатты батады екен. Қазақстан мен Ресей арасындағы Кеден бекеті Шығыс Қазақстанның Шемонайха ауданымен іргелес орналасқан. Кеден деген аты болмаса, мұнда бір-екі ғимараттан өзге ештеңе жоқ. Ал кеденнен өтуге кезек күтіп сабылған машиналардың санында есеп жоқ. Таңертеңгі сағат 10-30-дар шамасында келіп маңдайымызды тіреген кеденнен кешкі сағат 21-00-да өттік. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Сәлем, құрметті достар!
Жаз өтіп, күз келді. Жаздың 2 айы демалыспен, қыдырумен өтті. Сөйтіп қайта жұмысқа кірісе бастадық. Менің Моңғолияға барып қайтқан сапарым “Түркістан” газетінде басылды. Дегенмен, сіздердің назарларыңызға сол жолжазбамды ұсынуды жөн көріп отырмын. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Көзді ашып жұмғанша, шілденің шіліңгір ыстығы да кеп қапты. Аптабы жер танабын қуырған осы бір шілде айында мен дүние есігін ашқанмын. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Uncategorized жазылған
Жайлау
Жетім көл
ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басына дейін Моңғолияның батыс өлкесі – Баян-Өлгийде тірлік еткен біздер жартылай көшпелі тірлікті бастан кешірдік. Неге екенін қайдам жаз шыға біз жайлауға шығуға қамданатынбыз. Жайлау қыстаудан 30 шақырым қашықта, көлдің жағасында орналасқан. Көл жағасының жер бедері де өзгеше, жартылай шөлейт, құмдақ дала. Көз ұшында мұнартып Моңғол Алтайының сілемдері көрінетін. Маңдайымды шығысқа тірегенде, қолымның сол жағында ұзыннан-ұзақ созылған қара барқын тау болды. Биіктігі де әжептәуір. Қия бетке қарағай-шырша аралас өскен. Қойны-қолаты бұлақ, арасан еді. Осы беткейді үш түрлі атпен атайтын – Жалпақ қарағай, тік қарағай және сулы қарағай. Менің дүние есігін ашқан мекенім – Сулы қарағай болған екен. Бұл жерге менің жолым тек 1998 жылы ғана түсті. (Бұл жайында кейінірек әңгімелейтін боламыз).
Uncategorized жазылған
Бір кездері өлең жаздым, алайда, өлең маған серік болмады. Менен тәуір ақын шықпады. Дегенмен кейде түртіп қоятыным бар. Мынау, балалығымды сағынып осыдан тура 10 жыл бұрын жазған өлеңім еді. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Көк жорға
Менің әкемнің ақындығы мен мұғалімдігінің сыртында атбегілік қасиеті бар еді. Біздің үйдің шарбағында 25 жыл бәйге бермеген Алаяқ аттың басы ілулі тұратын. Ол – жүйрік болған десетін. Содан кейін де әкем жүйрік пен жорғадан қол үзбеді. Мен ес біле бастаған шағымда біздің үйде Күрең жорға болды. Кейіннен оны ағамның қайын жұртына құдалыққа барғанда байлады. Содан кейінгі маңдайымызға бергені – Көк жорға болды. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
«Бәйге төбе»
Жаздай мал мен адам аяғы баспағандықтан ба, күзде қыстаудың ауасында бір ерекше балғындық болушы еді. Шалғынның иісі. Мұрныңды неше түрлі гүлдер мен шөптердің жұпар иісі қытықтап, қиялыңды қай-қайда шарықтатып әкететін. Сол кездегі көкжиектің көкпеңбек болатынын-ай. Аспанмен астасқан қызыл тауларға батар күннің ал қызыл реңі шағылысқанда, гүлгін түске еніп, адам тілі айтып жеткізгісіз суретке айналатын. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
Сонымен мен туған өлкемнің ойы мен қырын әңгімелеп бітер емеспін. Әрі қатты сағынған да екенмін. Жазған сайын қолат қыры есіме оралып, көңілімнің түкпіріндегі тығылып жатқан сезімдер қайта бас көтере бастады. Дегенмен, адамның ең уыз шағы – балалыққа не жетсін. толығырақ оқыңыз
Uncategorized жазылған
« Жаңа жазбалар - Бұрынғы жазбалар »