Posted by: yesengul | Ақпан 6, 2016

Бұдан сегіз жыл бұрын және бүгін

https://cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=66d73bf4-ccf6-11e5-a524-0e7075bba956

Advertisements
Posted by: yesengul | Ақпан 6, 2016

Бұдан сегіз жыл бұрын және бүгін

https://cdn.knightlab.com/libs/juxtapose/latest/embed/index.html?uid=80d1110c-ccf5-11e5-a524-0e7075bba956

Posted by: yesengul | Қараша 21, 2014

«Атамның арманы»

10685492_568896479922730_7006478739221502751_nБлог жүргізбегелі көп бопты. Көптеген пікірлерге жауап та жазылмай қалыпты. Кешірім өтінемін. Көп жазбамыз бүгінде фейсбукте жазылып, блогың рөлін алмастырып жіберді-ау деймін.

Жақында біздің отағасы бәрімізді жинап алып, жаңа өліңімді оқып берейін деді. Қасымызда Ұлықбек Жанарбек ұлы, Ақтанберді Бақытбекұлы (менің ақ балам, 8 жаста), Ботагөз Сабит бар.

– Өлеңімнің аты «Атамның басы» деп аталады, – деп бастады отағасы Бақытбек сөзін. Бұны естуі мұң екен Ақтанай мен Ұлықбек ішін басып, домалап күле жөнелді.

– Әке, әке, – дейді Ақтанай, – бұның ұят қой енді, бүкіл ел бізді юоқтап отыр екен деп ойлап қалады ғой, атын өзгертпесең болмайды.

– Жарайды, – деді әкесі, – әуелі тыңдап ал, мен неге олай атағанымды түсін, сосын жаңа ат ойла.

Өлең мазмұны «әкесінің шет елден келіп, өз атамекеніне  жамбасы тигендігі жайында, ата-бабаң мекеніне жетіп өлсем арманым жоқ деген талай боздақтың арманын арқалап келген бүгін ұрпақ жайында, ақыры атамның басы өз топырағына жетті» дегенге саяды. Ақтанай көп ойланбады:

– Әке, атамның рманы деп отырсың ғой. Өлең атауын «Атамның арманы» деп ауыстырайық деді. Сөйтіп, Ақтанай тұңғыш рет редакция жасады, әкесінің өлеңіне.

Қанша түзу қармасын жесір ескек,
Қайық өрге жүзбейді кекіректеп.
Енді не дер, оттайтын оспадарым,
«Мұнда сенің атаңның басы жоқ!»,- деп.

Бабам жатқан жер еді білгенге бұл,
Су қараңғы бұл жайдан мүлдемге тұл.
Ақ ит кіріп, аузынан көк ит шығып,
Көкитіндер болып жүр мүрдеңе құл.

Posted by: yesengul | Тамыз 2, 2013

Блогыма қош келдіңіз

Қызық, блогымдағы жазбаларды шолып отырып, бұның қаншалықты пайдалы болғанына көз жеткізе түскендеймін. Әсіресе, Ақтанайдың біз ұмытып үлгерген қылықтарын қайта есіме түсіріп, кәдімгідей қуанып қалдым. Ендеше мұндағы жазбаларды ары қарай жалғастырмақпын. Блогыма қош келдіңіз, құрметті оқырман! Жақсы жазбалар жазуға тырысам!

Ақтанай бестен асты. Сұрамайтыны жоқ. Оның білгісі келетініне ақылың жетіп жауап беріп көр. Менен бірде:

– Мама, аспанды кім жаратты? – деп сұрады.

Read More…

Posted by: yesengul | Мамыр 31, 2011

«Мінбер» тағы семинар өткізді

Мамырдың 27-28-інде «Мінбердің» кезекті семинар-тренинг өтті. Бұл жолы тренинг Алматы және Астана қалаларында жоспарланғандықтан, Алматы қаласына Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Өскемен, Семей және Алматы қалаларынан 25 адам қатысып, тағы да 25 блогтың тұсауын кестік.

Read More…

Posted by: yesengul | Мамыр 31, 2011

«Мінбер» ұшырған түлектер

Былтыр мамырдың 28-29-ында Алматы қаласында ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында республиканың әр түкпірінен 25 адамның басын қосып, интернетте блог ашудың қыр-сырына қанықтырып жіберген едік.

Read More…

Posted by: yesengul | Наурыз 16, 2011

Солақайлар

 Астанада өткен бір жиында үш солақай бірге отырып қаппыз. Асқар Шомшеков – Павлодлар қаласынан, өздерінің жеке Үкіметтік емес ұйымдары бар. Билайнның Павлодар өңіріндегі баспасөз-хатшысы. Асқар Ақтілеуов – Ақтөбе қаласынан, «Тілші» қоғамдық қорының жетекшісі, «Жас қазақ» газетінің Ақтөбедегі тілшісі. Және – мен.

Posted by: yesengul | Наурыз 16, 2011

Сөмкемді қалай жоғалттым?

Таңертең сағат 9.00-де баламды балабақшаға әкелдім де, машинаға кеп отыра беріп едім, бір жас жігіт мені көре сала асығыс-үсігіс орнынан тұрып, маған қарай жүгірді. Түрі де, жүріс-тұрысы да күмәнді. Read More…

Туған ай – туралған ет! Қызық теңеу, алайда келіспеске шараң жоқ. Қазақ менталитетімен ұштасып жатқан ұғым. Қазақ еместер бұл метафораны түсінбеуі де мүмкін. Ал, бізге өте жақын теңеу. Read More…

Older Posts »

Санаттар