«Түркістан» бетіндегі материалдар

Қымбатты достар!

Менің «Түркістан» газетіндегі мақалаларым «turkystan.kz» сайтында басылады. Ал, «Massagan.com», «qazaq.kz» сайттары қажет деп тапқандарын көшіріп басады. Дегенмен, кейбір өз көңілімнен шыққан мақалаларым тасада қалып қоятын секілді. Сондықтан, менің блогыма кірген және кіретін патша көңілді оқырманға «Түркістан» газетіндегі өз қалауымнан шыққан материалдарымды да ұсынуды жөн көріп отырмын.

ОРЫС КАРТАСЫ” НЕ ҮШIН ЖАСАЛУДА?

Ресей Федерациясының Мемлекеттiк Думасы “Орыс картасы туралы” заң жобасын дайындады. Бұл заң жобасы бойынша, шетелде тұратын орыс отандастары Ресей азаматтарымен тең құқыққа ие болатын болады.жауап береді.
Тiлшi, әрине, жақсы аңғарып отыр. Ресей “Орыс картасын” жасау арқылы посткеңестiк елдердегi кеткен есесiн түгендеуге кiрiсiп отырған сияқты. Ресейдiң Грузияны бөлшектеу саясаты ТМД мемлекеттерi тарапынан қолдау таппағаны белгiлi. Дәл осындай таласты территориялар ТМД мемлекеттерiнiң бiразында бар. Егер, Украинаның автономиясы Қырым Ресейдiң Абхазия мен Оңтүстiк Осетияға қатысты саясатын қолдап, Грузияны айыптаса, Молдова құрамындағы гагауздер де осындай қадам жасап жатса, бұны өздерiнiң мемлекеттерiнiң саясатымен келiспеу немесе өз мемлекеттерiн мойындамау, әрi Ресейдiң аталған субъектiлердiң қолтығына су бүрку деп түсiнгеннен басқа амал жоқ. Ендеше, орыс картасы Ресейдiң өзгелерге кеткен есесiн түгендеуден туған шара дегеннен өзге айтарымыз қалмай отыр.

Бiрiншiден, бұл құжат шетелде тұратын, бiрақ Ресейдi өз атажұртым деп есептейтiн, орыс тiлiн бiлетiн, оның мәдениетi мен ұлттық құндылықтарын құрметтейтiн, православие дiнiн ұстанатын азаматтарға арналған. Екiншiден, бұл азаматтардың барлығы орыс ұлтының өкiлi болуы шарт емес. Бастысы жоғарыдағы айтылған талаптарға жауап берсе жетiп жатыр. Үшiншiден, бұл құжатқа ие болғандар, бiрiншiден — Ресейге келу үшiн ұзақ мерзiмдi, жан-жақты уақыты жағынан шектеусiз визаға қол жеткізеді; екiншiден — Ресейде жұмысқа орналасу үшiн ешқандай арнайы рұқсаттың қажетi болмайды; үшiншiден, Ресейде кәсiпкерлiкпен айналысатын болса, Ресей азаматтарымен бiрдей құқыққа ие болады; төртiншiден — Ресей азаматтарымен бiрдей дәрежеде бiлiм алуына мүмкiндiк туады; бесiншiден — шұғыл медициналық көмектерге қол жеткiзе алады; алтыншыдан — үшiншi және төртiншi баласын туса, Ресей Федерациясы тарапынан Ресей азаматтарымен бiрдей дәрежеде жәрдемақылар алуға құқылы. Сондай-ақ, бұндай картаға ие болған адам Ресей Федерациясы азаматтығын алуға жеңiлдiктерге ие болады. Алайда, бұл картаға ие болғандардың иығына да ауыр жүк, батпаны зiлдей мiндет артылады. Мәселен, “Русские в Казахстане” сайтының таратқан мәлiметi бойынша: “Орыс картасы” құжатын иеленгендер Ресейдiң гүлденуi мен дамуына үлес қосуда, орыс мәдениетi мен өркениетiнiң сақталуы жолында үлкен жауапкершiлiк жүктеледі екен. Олардың әрқайсысы үшiн Қасиеттi Русь, өз отаны ерекше мақтан мен қамқорлыққа және қорғауға тұрарлық дүние болып табылуы тиiс” делiнген.
Демек, Ресей дүниенiң төрт бұрышына жайлы мекен, жақсы өмiр iздеп кеткен отандастарын Отанына оралуға үндей отырып, қайда жүрсе де, кiмнiң азаматы болып, кiмнiң нанын жесе де, Ресейдiң сойылын соғып, шашбауын көтеруге шақыра бастады. Бұрын бұндай әрекеттерiн жасырын жүргiзiп келген болса, ендi ашықтан ашық күреске шыққандығы белгiлi. Бiзге жеткен ақпараттарға қарағанда, “Орыс картасы” жайындағы идеяны “Русские” орыс халықтарын бiрiктiру қорының президентi, отставкадағы генерал-майор Леонид Шершнев ұсынған екен. Ол өткен жылы Украинаға барған сапарында осындай идеямен оралған екен. “Украинадағы орыстардың саны аса жылдамдықпен азайып барады. Бұл процестi қалай түсiнуге болады? Не эмиграцияға, не табиғи кетуге жатқыза алмайсың”, дейдi ол жоғарыдағы сайтқа берген сұхбатында. Ресей ақпарат құралдарының таратқан мәлiметтерiне қарағанда, бұл құжаттың қабылдануына Украина мүдделi көрiнедi. Бiрақ, Украинаның ресми билiгi емес, ондағы орыс диаспорасы өкiлдерi дәл осындай құжатқа дiлгiрлiк танытып отырған секiлдi. Қазiр бұл заң жобасы екi ел президентi әкiмшiлiктерi мен жақында ғана құрылған ТМД iсi жөнiндегi Федеральдық агенттiкте қаралып жатыр делiнедi. Бұған Украина тарапынан қатысушы “Солшыл күштер одағының” лидерi Василий Волга.
Орыс ұлтшылдарының айтқанына сүйенсек, Украинада орыстармен қоса, орыстiлдi халықтың саны ондағы жалпы халықтың жартысынан асатын көрiнедi. Сондай-ақ, әлi күнге мәселесi шешiлмей келе жатқан Қырым автономиясы бар. Аталған идеяның авторы Украинадағы орыстардың жағдайының күрт нашарлауы “Орыс картасы” жобасын дүниеге алып келдi дейдi. Идея авторлары орыс диаспораларының жағдайы тек Украинада ғана емес, сондай-ақ, посткеңестiк мемлекеттердiң барлығында мәселе ушығып тұр деген пiкiрде. “Орыс картасы” Белоруссиядан өзге бұрынғы Кеңестiк кеңiстiкке тарайтын болады. Олар өз мәлiмдемелерiнде “Приоритетом выступают русские таких стран, как Украина, Казахстан, Литва, Латвия, Эстония, Молдова, где русские, являясь коренным народом, подвергаются разного рода дискриминации” дейдi. Демек, Ресейдiң және оның саясаткерлерiнiң ойынша аталған елдерде тұратын орыстардың барлығы сол мемлекеттердiң байырғы тұрғыны болып есептелiнедi екен. Яғни, Ресей бұл мемлекеттердi басып алып, империялық саясат жүргiзген жоқ, керiсiнше, Украина, Қазақстан, Литва, Латвия, Эстония, Молдова мемлекеттерi Ресейдiң территориясын тартып алып, ондағы байырғы тұрғын “орыстарды” сүтке тиген күшiктей ғып қойғандай әсер қалады екен.
Ресейдiң “Независимая газетасына” сұхбат берген Украинадағы “Солшыл күштер одағының” лидерi Василий Волгаға газет тiлшiсi Виктория Панфилова: “Бұл құжатты заңды түрде қабылдау арқылы онсыз да ушығып тұрған Ресей Украина қарым-қатынасына нұқсан келтiрiп алмаймыз ба?” деген сауал қояды. Василий Волга бұған “Поляк және венгр картасының” елде пайдаланылып жатқанын айтып, оған ресми билiктiң аса бiр мән бермей отырғандығын жеткiзедi. Алайда, Виктория Панфилова: “Польша, Венгрия мен Украина қарым-қатынасындағы мәселелер Ресей мен Украина арасындағыдай ушығып тұрған жоқ қой. Мәселен, ол мемлекеттермен арада Қырым мәселесi жоқ” деген

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: