Posted by: yesengul | Қараша 25, 2007

Студенттермен кездесу

Осыдан бірер апта бұрын мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика және филология факультетінің студенттерімен кездесу өткіздім. Кездесудегі басты мақсатым – «Сөздің шыны» атты публицистикалық мақалалар жинағымның тұсаукесерін жасау және студенттермен ой бөлісу еді. Маған журналистика факультетінде өткен кездесу қатты ұнады. Ең алдымен онда уақыт шектелмеді, екіншіден бір еркіндік сезілді. Кездесу екі сағатқа дейін жалғасты.

Студенттерден сауалдар қарша борады. Әрі сұрақтары маңызды, менің көкейімнен шығып отырды. Жалпы, сауалдың көбі – шығармашылық лабораторияма келіп тіреліп жатты. Жеке басыма, өміріме байланысты сауалдар да болмай қалған жоқ. Бірақ, тым аз болды. Төменде өзіме  ұнаған және есімде қалған сауалдар мен жауаптарды назарларыңызға ұсынып отырмын. Сауалды ең алдымен, филология ғылымдарының кандидаты, ҚазҰУ-дің доценті Сағатбек ағай Медеубекұлы қойды. Ол кісі – «мақаланы жазарда тақырыпты өзің қоясың ба, жоқ, редакциялана ма?» деп сұрады. Мен «Әрине, өзім қоямын. Бірақ, менің тақырыптарым кейде, өкінішке қарай, редакцияланып жатады. Алайда, ол тақырыптардың көбі көкейімнен шыға бермейді» деп жауап бердім.  Сондай-ақ, бір студент «Мақаланың тақырыбын бірінші қоясыз ба, әлде мақаланы бірінші жазасыз ба?» деген сауал қойды.  Менің жауабым: «Шалқар» газетінде істеп жүргенімде редакторымыз Әділғазы Қайырбеков ағай «мақала тастай болуы үшін алдымен тақырыбын қойып алуларың керек. Мақаланың тақырыбы оның айнасы іспетті» дейтін. Бірақ, мен мақаланың тақырыбын бірінші қоюды үйренбей-ақ қойдым. Көп жағдайда алдымен мақала жазылады. Содан кейін соның ішінде ұнаған бір сөйлемін тақырып ретінде шығарамын. Кейде іштей ойланып-толғанып, дайындықпен мақала жазуға отырған сәттерімде ғана, мақаланың тақырыбы алдын-ала ойланып қойылуы мүмкін. Кейде мына тақырыппен жазғаным жөн шығар деп пысықтап алатын сәттерімде болады. Дегенмен, шынымды айтайын көп жағдайда мақаланы жазғаннан кейін, тақырыбын қойып жатамын». Жалпы, қойылған сауалдарға қарап отырсаңыз, бүгінгі журналистика төңірегінен ұзап шықпады, гендерлік проблема дейсіз бе, қазақ журналистикасының жай-күйі дейсіз бе, журналистиканың қоғамдағы рөлі және қазақ журналистерінің қоғам көшіне ілесу мүмкіндігі дейсіз бе, әйтеуір толғағы тоқсан тірліктің журналистикаға қатыстыларының біразын сөз еттік. Журналистика дегеніміздің өзі өмірдің газет һәм баспасөз бетіндегі көрінісі ғой. Сол себепті де оның қозғамайтын тақырыбы, сөз етпейтін проблемасы жоқ. Мәселе – проблеманы қалай көре білуіңде, қалай жаза алуыңда. Болашақ журналистерді де осы мәселе қатты қызықтырған болуы керек. Бір байқағаным, жігіттер сауалдарын жазбаша түрде емес, ауызша қойып жатса, қыздардың 90%-ы жазбаша сауал қойды. Мұның өзі жаңағы гендерлік өзгешеліктің куәсі іспетті. Үйге студенттердің жазбаша қойған сауалдарының барлығын көтеріп клеген едім, жолдасым: «Кездесуге бірде-бір жігіт қатыспаған ба?» деп таңданып жатты.  Маған соның ішінде бір студенттің қатарынан қойған екі сауалы ұнады. Біріншісі, шығармашылық лабораторияма байланысты болды, яғни, «мақаланы жазғанда фактілерді қалай таңдайсыз? Қалай дайындаласыз?» деген сауал. Менің жауабым: «Бұл жазатын тақырыбыма және оқиғаға байланысты. Мәселен, бүгін сәрсенбі. Газет беттеліп жатыр. Аяқасты бір саясаткер баспасөз-мәслихатын өткізетін бола қалды. Ол сағат үште. Мен сол баспасөз-мәслихатына қатысып, сондағы әңгіменің ішкі кухнясын ашуға көбірек мән беремін. Айталық, А. Сәрсенбайұлы марқұм 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының алдында оппозициялық «Ақ жол» партиясының тең төрағасы бола тұра, Ақпарат министрі болып тағайындалды. Министрлік тағына отыра салысымен Алматыға келіп, бұндай қадамға неге барғандығын түсіндірмек мақсатта баспасөз-мәслихатын өткізді. Баспасөз-мәслихаты тура сәрсенбі күні, сағат үште өткізілді. Мен ол конференциядан қайтып келгенімде, сағат 5-5.30 болып қалған еді. Мақала сол күнгі нөмірге кетуі керек. Сағат 7-ге дейін сонда болған әңгімелерді қорытындылап, ең маңыздысын сүзгіден өткізіп бердім. Дәл сол мақалам бүгінгі кітабымның ішінде «Мен ақпарат министрінің соңғы министрі болайын» деген тақырыппен жүр. Кейде газет шығардан бір-екі күн бұрын өткізілген баспасөз-мәслихаты туралы жазуға тура келеді. Оны сараптамалық мақала ретінде ұсынамыз. Ол үшін қарсы жақтың да, бейтарап тұлғаның да пікірін білу маңызды. Сөйтіп, обьективтілікті басты ту етіп аламыз. Мәселен, «Көшпенділер кімнің тарихы: қазақтың ба, жоңғардың ба?» деген мақаламды жазарда Т. Жаманқұлов баспасөз-мәслихатын өткізісімен, ол қаралап отырған, Әзімовке телефон шалып оның бұл мәселеге байланысты пікірін білдім. Сөйтіп, біржақты ақпарат ұсынған жоқпын. Кейде ақпараттарды интернеттен іздеуге тура келеді. Интернеттегі әртүрлі ұстанымдарды іздеп, ой елегінен өткіземін. Сөйтіп жұртқа маңыздылау дегендерін ұсынуға тырысамын». Ол студенттің екінші сауалы: «Бүгінгі қоғамның дерті не деп ойлайсыз?» деген мазмұнда еді. Мен оған: «Біріншіден, біздің қоғамымызда Ресейдің отаршылдық таңбасы әлі кеткен жоқ. Яғни, құлдық сана құлқымызды жайлап алған. Одан құтылуға асығар емеспіз. Отарсыздандыру саясатының жүргізілмеуі салдарынан біз бүгінгідей ұлттық сананың дағдарысын басымыздан кешіріп жатырмыз. Тіліміздің төрге өозбай отыруы да, ұлттық мәдениетіміздің жетім баланың күйін тартып отыруы да осының кесірі. Екіншіден, билік басындағы көкелеріміздің көбінің басындағы дерт ұлттың мүддесі тұрғысынан емес, қара басының қамы тұрғысынан ойлайтындығында жатыр» деп жауап қаттым. Барлығымыз бірігіп, осы дерттерден арылуға күш салайық, ағайын. Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Advertisements

Responses

  1. Blogynyz kutty bolsyn Esengul apai!

    Jazgan makalanyzdy bolip boyunyz kerek siakty, jalgasyn myna jerden oky degendei kilip.

    Massagan.comda qazaq blogtary degen bar. Sogan kosip koiamyn.

    Makalaga bailanysty suragym: sol studentter siakty men de suraq surasam bola ma sizden? Meniki arine jazbasha bolady, inet arkili.

  2. Есенгүл сізге менен бір сұрақ:

    Мақала жазып болған соң неше рет оқисыз? Егер солай болса, бірінші не екінші оқығанда әріп, не мағаналық қате табасыз ба?


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: