Posted by: yesengul | Мамыр 7, 2008

Менің өмірбаяным (жалғасы)

Құрметті достар! Мен өз өмірбаянымды жаза отырып, балалық шағыма саяхаттап қайтудамын. Негізі жақсы бастама көтердім-ау деймін.

Мен туған өлке 

Географиядан сабақ беретін Құмархан мұғалім (бізде мұғалімдерді «ағай, апай» деп атау дәстүрі қалыптаспаған, «мұғалім» дейміз) «Жергілікті жердің географиясы» деп әрбір сабақта қайталап жататын, бір қызығы жыл сайын пысықтап отыратын. «Көз алдымызда тұрған қара мекеннің қандай географиясы болуы мүмкін» деп оған тым мән бере бермейтін едік. Есімде қалғаны біздің ауыл Моңғолияның Батысында, Қобда өзенінің жағасында, резко-континентальды климатта өмір сүретіндігіміз. Ең биік нүкте – Цамбагарав тауы, теңіз деңгейінен 4200 метр биіктікте, ең аласа нүктесі – Цагаан хөшөө, теңіз деңгейінен 130 метр төменде, сондай-ақ, бұл нүкте Моңғолиядағы ең аласа жер болып есептелінеді екен. Табиғаты құбылмалы, аумалы-төкпелі, қысы қатты, жазы құрғақ, ыстық болатындығы.

 

Қыстау

 

Біздің ауылдың әкімшілік аты – Баяннуур сұмыны қазына шаруашылығы. Қазына шаруашылығы дегеніміз – колхоз дегенге келіңкірейді. Өлгий туралы әндердің бірінде «Қобда өзен бар ақпейіл анамыздай» деген жолдар кездеседі. Сол Қобда өзені біздің ауылды тіліп ағады. Қобда өзенінің жалпы ұзындығы 506 шақырымға жетеді. Жазда ақжал толқындар өткел бермей, иірімдері ажал шақырып, ақ көбіктеніп аспанға атып, ат құлағына жетеді екен. Тіпті, анау-мынау машинаңның өзі бұл өзеннен аман өтуі екі талай. Ал, қыста Қобда өзені қатып қалады. Мен алғаш Иркутск қаласына келіп, ондағы Ангара өзенінің қатпайтынын көріп таң қалдым.

Осы Қобда өзенін жағалай қоныс тепкен Баяннуур сұмынының орталығы жасыл желекке малынған, айналасы қызыл таулармен қоршалған ерекше бір өлке болатын. Қобда өзеннің жағасында отырғандықтан, бізде алманың бірнеше сорты, ранетке (осы жақтан «райчка» деген соған ұқсастау жемісті көрдім, Үржардан), жабайы – дәмі тіл үйіреді, т.б. жеміс-жидек, картоп, сәбіз, капуста, шаңбыр секілді көкөністер өсіріледі. Қобда өзеннің аралдарында шырғанақ (облепиха) өседі. Денсаулыққа аса пайдалы, бүгінде сирек жеміс. Алайда, оған жаз немесе күз айларында қол жеткізу мүмкін емес. Өзен суы сарқылды-ау дейтін күз айларының өзінде шырғанақ тере барған талайлар қанды судың шеңгеліне түсіп, ажал құшқан. Шырғанақты біздің ауылдың агрономдары қолдан өсіруге әрекет те жасап көрді. Өспейді екен. Өзенді құлдай үлкен алма бағы бар болатын. Сол алма бақтың ішінде неше түрлі жемістер сыңсып тұратын. Бір жылы (қай класта оқитыным есімде жоқ) Бұлбұл әпкем екеміз осы алма бағына келіп, алма термек болдық. Бақтың иесі алма теріп алу үшін, ең алдымен бір-бір шелек шырғанақ теріп беріңдер деді. Шырғанақтың ағашы құрттап кетіпті. Оны термек түгілі құртынан қорқып, зәрем кетті. Сонда әкемнің айтқаны, «шырғанақ егуге келмейді, ол тек жабайы ғана өседі». Шырғанақтың қызығын күзде көрмесек те, қыста құмарымыз бір қанады. Класс жетекшілеріміз қысқы каникул кездерінде серуенге алып шығатын. Көбінде Қобда өзеніне келіп, хоккей ойнайтынбыз. Хоккейді жергілікті халық «шекара» деп атайтын. Неге олай атап кеткенін білмеймін. Бәлкім, шекарасы болған соң… Бірақ, футболда да шекара бар ғой. Қыз-ұл демей, осы ойынды жабыла ойнайтынбыз. Мектеп ішілік жарыс та ұйымдастырылатын. Қысқы каникулымыз өте көңілді өтетін. Қыздардың ешқайсысынан көрмедім, ал ұлдардың қолы жеткендерінің аяғын коньки болатын. Тәтту де Ұланбатырдағы апайыма тапсырып, «Норвег» деген конькилі болды.

Сол серуен кезінде шырғанаққа да қолымыз жететін. Қыстың күнінде шырғанақтың баданадай-баданадай болып өсіп тұрған дәнінің өзі бір сурет. Тілмен айтып жеткізгісіз. Класс жетекшіміз Амангелді мұғалім, шырғанақтың ағашын сындыруға болмайтынын ескертіп, астына жайма жайдыратын да, ағашты сілкіп қалатын. Жаңағы баданадай дәндер сау етіп, жаймаға түсетін. Осындай әдіспен біршама шырғанақ жинап алатынбыз. Оны сол жерде жеуге тағы рұқсат жоқ. Қатып тұрған дән тамақтарыңды ауыртып, ангиналарың ұстайды дейтін. Үйге әкеліп, жылы жерге біраз қойып жегенше, дегбіріміз кететін.  Осы шырғанақтың ағашын қайнатып, суын ішсе, ем болмайтын ауруы жоқ екен.

Біздің мектептің өзінің 4 гектар тәжірибе алаңы болды. Күз түсе мектеп балаларын осы алаңдағы көкөністерді жинауға салатын. Ол үшін мектептен арнайы босатып, субботник істететін. Балаларға оны жинау кәдімгі бір мереке. Ойнап-күліп отырып, жинап алатын.

 

Advertisements

Responses

  1. Шырғанақтың қазақшасын тауып алдым-ау. Біздің жақта көп өсетін. Иісі де тәтті болатын. Алыстан келе жатсаң иісі үйіріп өзіне қарай тартып әкетеді. Түсі де ерекше. Сары. Шырыны шипалы деп еститінмін.
    Сосын не болды? Жалғасын күтемін. Өте қызық екен.

  2. Блогыңызда бүгін бірінші рет қонақ болып, танысып отырмын. Мына жазылған өмірбаяныңыз сондай тартымды жазылыпты. Қызыға оқып шықтым. Жалпы анаңызды бала кезімде тұңғыш рет Қазақстанға келіп айтысқан кезінде көргенмін. Кейін Семейде бауырыңыз Дәулеткереймен таныстым. Өзіңіздің де жазғандарыңызды бірлі-жарым газет беттерінен оқитынмын. Осындай қызықты туындыларыңыздың саны арта берсін! Сәттіліктер тілеймін.

  3. Рахмет, Тоты. Өзіңе де жақсылықтар тілеймін.

  4. salem esengul apay mende baynuurdikimin sizdin bu oimir bayanınızdi okup baynuurga barganday boldım munkin menim akemdi tanuınız mumkin samen degen kisinin balasımın .

    • Саламатсыз ба, бізге спорттан сабақ берген Сәмен мұғалімнің бе, егер ол кісі болса танимын.

  5. Блогыңызды бірінші рет ашып отырмын өмірбаяныңызды оқып туған жерім есіме түсіп отыр. Мен өлгейде өстім қателеспесем әпкеңіз Бұлбұлмен СЭЗТ-те бірге оқыдым ол қазір қайда тұрып жатыр? Жалпы жерлестердің жаңалықтарымен танысуға тырысамын , Сіздің оралмандар туралы жазған кітабыңызды оқыдым нақты деректермен өзекті мәселелерді көтеріпсіз табыс тілеймін.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: