Posted by: yesengul | Мамыр 10, 2008

Өлең

Құрметті достар! Назарларыңызға жолдасым Бақытбектің мына бір өлеңін ұсынғым кеп отыр.

Менің пікірім

 

«Менің пікірім: Көресінді осы оралмандардан көрдік»,– Ж.Б.Ш.–Қалақай,

 

Иә, рас, Қалақай, оралманмын,

Бауырымын құлдықтан оңалғанның.

Қас жауымын қылымсып боянғанның,

Қандасымын ұйқыдан оянғанның.

 

Иә, рас, Қалақай, оралманмын,

Ұшығымын ұшталған ой-арманның.

Құл сананың мойнына, Жазмыш солай,

Іштен шыққан шұбардай оралғанмын.

 

Оралманмын, оныма мастанамын,

Қан сонардай кіршіксіз жас боламын.

Атың емес, ұсынсаң пейіліңмен,

Насыбайға бір атым мас боламын.

 

Аларымнан естіге берерім көп,

Таттым тағдыр-тірліктің кермегін көп.

Талай ұлтпен тар жерде дәмдес болдым,

Көзсіз жанды тап сендей көргенім жоқ.

 

Байқұсым-ау, несіне тарыласың,

Іш тарлықтан бір күні жарыласың.

Жат жұрттықтың аздай-ақ қорқаулары,

Өзіңді отап қай заман жарығансың.

 

Байқалмайтын иттігің, қабағаның,

Ақ жағаның жыртығын жалағаның.

Мен қабынып не етейін, еске түсед,

Абайды да өкіртіп сабағаның.

 

Азат емес, әлі сен құл екенсің,

Ұлттық сана, түйсіктен тұл екенсің.

Құл сананың еркінде қалт-құлт етіп,

Тірі жәндік, әйтеуір, жүр екенсің.

 

Созылады бұл өлең жаза берсем,

Ешкімнен де жоқ менің алар есем.

Бірдеңеңе қарамай бас көтеріп,

Шақылдамай, Қалақай, маза берсең!

 

Иә, рас, Қалақай, оралманмын,

Бір талымын бір ыңғай қара орманның.

Орыс, қытай жерімді тартып алып,

Отан іздеп Ордаға оралғанмын.

Оралманмын!

                           Бақытбек Бәмішұлы,

                                           13.04.2008ж.

 

Advertisements

Responses

  1. Jaksy eken, agamyzdyn kalamy ushty bolsyn!

  2. Жүректен шыққаны көрініп тұр. Бірақ жұрттың бәрі «қалақай» емес екендігін де ұмытпайық 🙂

  3. Бiр «калакайга» бола жуйкенi сонша жукартудын кажетi жок. Алгi тљк кормеген коргенсiз «калакай» шабытты камшылаумен шектелсе, жаксы. Онын касиеттi мамандык саналатын журналистiк кызметте жургенi окiнiштi. Ойткенi, «оралмандар жеп койды, iшiп койды» деп байбаламга басудан горi оныѓ улт арасында идеологиялык, насихаттык кызметтi аткарганы жон. Окiнiшке карай, кандастардын копшiлiгi оралмандарга «екiншi сорттын» окiлдерi ретiнде кабылдап, оларга тобеден карайды. Кенестiк империянын куйыршыктары бар гой, озгенi озiнен томен санайтын. Шовинист орыстарды айтам. Солар сиякты. Сосын «байдын асын кызганган байгустыкка» да жиi салынатындар коп арамызда. Иттiн кулы итакайы басынып казакты, халыктын игiлiгiне тиесiлi байлык устаганнын колында, тiстегеннiн аузында кетiп жатыр. Соларды тыюга улес косудын орнына, оралмандардын аузын андимыз. Улт болып уййтын заман алдекашан жеттi. Оралмандар деп озектен тепкенше, казактармыз деп, айрандай уюга ден кою кажет.

  4. Рахмет, Журналист қарындас, маған сіздің мемлекетшілдік деңгейде ой қозғағаныңыз ұнап отыр. Сіз бен біздің ойлағанымыз біреу ғана – ұлттың қамы. Сіздей жандардың арамызда көп болуын Алладан сұрар едім. Сізге жақсылықтар тілеймін.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: