Posted by: yesengul | Мамыр 15, 2008

Менің өмірбаяным (жалғасы)

Сонымен мен туған өлкемнің ойы мен қырын әңгімелеп бітер емеспін. Әрі қатты сағынған да екенмін. Жазған сайын қолат қыры есіме оралып, көңілімнің түкпіріндегі тығылып жатқан сезімдер қайта бас көтере бастады. Дегенмен, адамның ең уыз шағы – балалыққа не жетсін.

Біздің қыстау

 «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» дегендей, туған ұяң одан да ыстық болады. Мен 1-класқа кіретін жылы күзде біз төменгі жақтан, бас жаққа орын ауыстырдық. 1979 жылдың көктемінде салына бастаған үйімізге, 1980 жылдың күзінде келіп кірдік. Бізде там үйлерді «ыстық үй» дейтінбіз. Жергілікті диалект солай. «Ыстық үй» десе дегендей, қаңтар мен ақпанның сақылдаған сары аязында сырттан кіргенде құж-құж қайнап, ерекше жылылық пен мейірім қарсы алатын. Біздің үй Баяннурдағы үйлердің ең басына келіп орналасты. Әйтеуір ата-анамның, аға-бауырларымның, сондай-ақ, көршілердің арқасында үйіміз тап-тұйнақтай болып тұра қалды.

Тура қарсы алдымызда Танц тау. Оймақтай ғана қызыл төбенің үстіне – би алаңын арнайы орнатып, күз, қыс, көктем айларында бұнда дискотека ұйымдастырып келіпті. Содан бері «Танц тау» аталып кеткен. Неге екенін білмеймін мен ес білгелі Танц төбеде дискотеканың өткенін көрмеппін. Керісінше, бұл төбе екі жастың кездесу мекеніне, оқушылардың ойын алаңына айналды.

Оның оң жағында қызыл бояуға малып алғандай қызыл тау (атын білмеуші едім) тұратын. Осы тауға талай өрмелеп, талай үңгірінде жасырынбақ ойнадық қой. Бірақ, қалай құлап кетпегенімізді өзіміз де білмейміз. Былай қарасаңыз қия бет секілді. Алайда, шыға келе тастары текшелене орналасқан, әдейі саты жасағандай әсерде жүресіз. Кейін, тіпті бертініректе осы екі таудың арасына стадион орнады. Оған дейін жаңағы қызыл таудың алдында күз бен жаз айларында мектеп оқушылары спорт ойындарын өткізетін. Әскери дайындықтың алғашқы сабақтары да осы жерде жүзеге асатын. Бізге бәрі алақандағыдай көрініп тұратын. Кейде спорт сабағынан кейін іргеге тиіп тұрған үйге жүгіріп кіріп кететінмін. Мектептің спорт залының өзі ат шаптырым. Қыста мұнда түрлі мектепішілік ойын-сауық, шаралар ұйымдастырылатын. Дискотека да осында болатын.  Волейбол, баскетбол, теннис ойындарын осында жүріп үйрендім. (Теннистен басқасын дұрыс ойнай алмаймын).

Жазда жайлауға шығып кететін біздің үй қыркүйектің алғашқы күндерінде көшіп келе қоймайды. Тек әкем, тәтем (анамды солай атаймыз), сабаққа баратын балалар ғана келіп, бірнеше күн қыстауда бола тұратынбыз. Үйден бұрын жайлауға тоқырай алмаған мал келетін тасырқап. Жазда маса мен шыбыннан көз аштырмайтын өзен жағасы (Қыстауды кейде осылай да атаймыз) күзде құлпырып кетеді. Әлі мал аяғы басып үлгермеген шабындық, жаңа пісіп жиналып жатқан көкөніс, жеміс-жидек, тіпті өзеннің тасы да өзгеше секілді көрінетін. Жазда жайлауға шығуға қалай асықсақ, күзде өзенге түсуге солай ынтығатынбыз. Көбінде жаз айларында мұнда бірлі-жарым егіншілер мен мектеп қызметкерлері қалады. Сұмынымыз әкімшілігімен қоса, жайлауға тартып отыратын. Ел жайлаудан келмей тұрып, егіншілердің қосын аралау бір мереке. Әкемнің екі қарындасының бірі Қазиза әпкемнің жары – Мерейхан жездеміздікі егін салатын. Қандай екені есімде жоқ. Жазда қос тігіп отыратын осы үйге жолымыз жиі түсуші еді. Көп балалы, жездеміз өзі қолын қимылдатып, жұмысқа араласпайды. Балаларының арасы 1 жасардан.

Төменгі жақта егінде отыратын бұл үйге кейде жаяу, кейде атпен қатынаймыз. Сондағымыз жаңа жиналып жатқан көкөністі жинасу үшін. Осындағы қызып жатқан еңбекке қол ұшын тигізу біз үшін мерей.

1980 жылдың күзінде алғашқы қоңыраудан қалдырмау үшін мен де үйдің етекке түскенін күтпей анаммен еріп келдім. Мұнда Татту, Рәш, Бұлбұл үшеуі бар. Неге екенін түнде қонаға жатқанда қатты үрейленеміз. Әлі салынып бітпеген үйдің іргесінде бір қуыс бар. Не Тәтту, не Рәш бәріміз кіріп алғаннан кейін есікті құлыптайды да, сол қуыстан үйге кіреді. Жайқалып өсіп тұрған шабындықты да сол жылы көрдім. Биік болып көрінді. Арасында жүргенде бойым көрінбей қалды. Шабылған шөпті күпәналап жүріп, жасырынбақ ойнаймыз. Рәш, Бұлбұл, Тәтту, төртеуіміздің де бір-бірімізден бойымыздың асып тұрғаны шамалы. Қай-қайсымызда шалғынның арасында жасырынып қалсақ көрінбейтінбіз. Кейін 8-класта оқып жүргенімде күзде осы шалғынды іздеймін. Жоқ. Бар болғаны менің тіземнен ғана келеді.

  Баяғыда үйдің жанындағы шалғынның биік өсетіні сондай, менің бойым көрінбей қалатын еді. Енді сол шалғын қайда? – деймін таңырқап.

Сөйтсем, шалғын сол жылдағыдай өсіп тұр екен. Ал, мен өзімнің өсіп кеткенімді бағамдай алмай тұр екенмін.

 

Advertisements

Responses

  1. Suieginiz kai el edi Esengul apai?

  2. қарақас

  3. Сол шалғынның арасына тағы бір рет барып көру керек! Мүмкін енді көрінбей қаларсыз (қалжың)?! Мұндай сөздерді оқып менің де ауылым еске түсіп кетті…

  4. Рахмет, Секе, оқып пікір қалдырғаның үшін. Қазақтың тірлігі қайда жүрсе де бірдей болған ғой. Оны қалақай секілді топастар түсінбейді ғой.

  5. Tugan jerge jaksi demalip kaittinizdar ma? Sizderge kezisem dep kop izdegen em.Joliga almadim.Agam/Bakhitbek/ ekeuinizge.E mailinizge khat joldaimin.

  6. Рахмет, Асқар. Құдайға шүкір, аман-есен, жақсы демалып оралдық. Кезіге алмағанымых өкінішті. Осы е-майл арқылы хабарласып тұр. Сауалдарыңа жауап беруге тырысамын.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: