Posted by: yesengul | Маусым 13, 2008

Cағыныш

Бір кездері өлең жаздым, алайда, өлең маған серік болмады. Менен тәуір ақын шықпады. Дегенмен кейде түртіп қоятыным бар. Мынау, балалығымды сағынып осыдан тура 10 жыл бұрын жазған өлеңім еді.

Сағыныш

 

Өмірге, сірә, сағыныш ала келген бе?

Өртеніп жатыр шер толы жүрек шерменде.

Аласұруда жасын ұрғандай жынданып,

Сиятын емес мендегі барлық шеңберге.

 

Тұла бойымды жалыны ыстық күйдіріп,

Алмас қылыштай кеудемді менің тілді үміт.

Қобыз күйіндей аяныш зарын ақтарды,

Безгек әуенмен жанарыма мұң сіңдіріп.

 

Шөлді мекендей құлазып қалған елсіз түк,

Сая таппаймын, иектеп алған ессіздік.

Теңізден терең, мұхиттан ұлы сезім бұл,

Сағыныш деген көк әлеміндей шексіздік.

 

Мендік сағыныш Алау күнге мың табынып,

Қайғыдан – шәлі, өр мұңнан оқа жамылып.

Дауасын таппай өлімнен қашқан Қорқыттай,

Ісіп кебуде, кетердей қорықтым жарылып.

 

Шырқыра, жаным, бармақ тістеле, күрсінде,

Мимырт тірлікті өмір-өзенде бүлкілде.

Дауасыз дертің, дауасы, оның балалық,

Балалығыммен қауышу қайта мүмкін бе?

Advertisements

Responses

  1. Сыншы емеспін. Десе де өлең ұнады.
    «Қайғыдан – шәлі, өр мұңнан оқа жамылып.

    Дауасын таппай өлімнен қашқан Қорқыттай,

    Ісіп кебуде, кетердей қорықтым жарылып» деген жолдар ерекше әсер етті.

  2. Рахмет.

  3. Өте ұнады.
    Есенгүл апай, егер 10 жыл бұрын бұлай жазсаңыз, қазір ше?

  4. Жаннұр, рахмет! Осыдан он жыл бұрын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырған мүшәйрада 2 орын иеленгенмін, осы өлеңмен. Қазір өлең жазбаймын. 2000 жылдары Қазақ әдебиеті газетінің «Жас қалам» қосымшасы топтамамды басты. «Жас ақындар антологиясына» бірнеше өлеңім енді. Сонымен ақындығым тәмам. Қазір кейде, өзіме-өзім сыймай, арнамнан асып-тасып кеткенде түртіп қоятыным бар. Бірақ, ол жылына бір-ақ рет болуы мүмкін. Сондықтан, мен өзімді ақындар санатына қоспаймын.

  5. Дауасыз дерт, дауасы оның балалық,
    Балалығыммен қауышу қайт мүмкін бе? деген жолдарда ностальгия жатыр ау. Көңілім босап кетті, Есенгүл әпке, неге газетке жарияланбай жүрсіз. Әдемі өлең!

  6. Мынау мықты өлең десем өтірік мақтағандай болармын. Бірақ маған ұнады. Нағыз өлең!

  7. Рахмет, Нұрболатұлы! Мен негізінен лирикаға бейім болдым. Өлеңдерім жарияланбады деп айтпаймын. Берген баспа, газет журналдардың бәрі басты. Тек өлеңді серік етпеген өзім.

  8. Серікқазы, рахмет. Тек бұл қай Серікқазы екенін білмей отырғаным. Серікқазы Кәкібала ма?

  9. Сәлем Есенгүл апай.Мен сізді қлең жазады деп ойламаған екенмін.Тамаша.
    Дәулеткерей мен Баұытбек ақынның неше кітабы баспадан шықты? ДЖәне де осы кісілермен қзіңізбен қалай байланыс жасауға болады ? Епоштам askhar_ulgii@yahoo.com


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: