Posted by: yesengul | Шілде 3, 2008

Бүгін менің туған күнім….

Көзді ашып жұмғанша, шілденің шіліңгір ыстығы да кеп қапты. Аптабы жер танабын қуырған осы бір шілде айында мен дүние есігін ашқанмын.

Бүгін менің туған күнім. Мұқағали ақын бір туған күнінде:

 «Бүгін менің туған күнім, ой бәле-ай,

Неғып жатыр мына халық тойламай.

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Бұл тағдырдың жарытпай-ақ қойғанын-ай» деп күңіреніпті.

Жалпы, біздің елде туған күн тойлау үрдісі жоқ. Баланың шілдехана, бесік тойынан кейін, тұсауын кесіп, ер бала болса сүндетке отырғызып, қыз бала болса, балиғатқа толғанда көйлек кигізіп, той жасағаннан кейінгі қызықтар қыз ұзату, келін түсіру, үйлену тойына жалғасатын. Туған күн тойлау дәстүрі бізге батыстан келген болуы керек. Кішкентайлардың көңілін аулап туған күндерін жасап бергенімізбен, үлкендердің өз туған күнін атап, тойлатып жатқанын білмейді екенбіз. Мектепте жүргенде менің туған күнім жазғы каникулға сай келетін болғандықтан, аса бір мән беріле қойған жоқ. Сондықтан да, туған күнімді алаулатып-жалаулатып тойлағым келмейді. Әрине, бір туған күннен екінші туған күнге аман жеткенге не жетсін?! Дегенмен, жапондықтар туған күнін арқа-жарқа тойлап емес, тағы бір жылы өтті деп, мұңайып қарсы алады екен. Қазақ та өтіп бара жатқан әрбір күнін, әрбірі жылын есептеп отыруды әдетке айналдырмаған.

Дегенмен, өзіңнің дүниеге келген күніңде, өткеніңе бір қарап, келер күнді де іштей болжап қояды екенсің.

Иран-Ғайып ақын:

«Алқалы топқа енсеңіз,

Ақынның сөзі сенсеңіз.

Әйелдің жасын сұрама,

Әйелдің жасы он сегіз» деген екен. Сол секілді әйелдер өздерінің жасын жасыруға да тырысып жатады. Дегенмен, Алладан жасырмағанды, адамнан несін жасырасың. Иран ағамыз айтқандай Алла тағаланың қуатымен, Жаратқан иенің әмірімен 2 он сегізді артқа тастап отырмыз.  Тұңғышбай Жаманқұлов айтатын бір әнде «Келе жатқан бір күн артық екен ғой, өтіп кеткен мың күннен» деген жолдар бар. «Өткен күнің жалған, келер күнің арман» дәл осы философия да Тұңғышбай ағамыз айтатын жоғарыдағы ән жолдарында көрініс тапқан. Әні мен сөзі жарасқан, айтушысы келіскен өте бір мәнді өлең. Менің бір құрбым «үлкен адамдарды көріп, олардың кеше қандай жас болғаны есіме түссе жүрегім ауырады» деген еді бірде. Мен айтам «Сол қарттыққа аман-есен жеткеннің өзі мың бақыт емес пе?». Өмірдің мәні мен мазмұнын бірақ шумаққа сыйғызған Тұңғышбай ағамыз айтатын (авторын білмеймін, өкінішке қарай) сол бір өлең үнемі менің жадымда жүреді. Ғұмырдың өлшемін «бес күндік жалғанға» сыйғызған қазақы философия, қазақы ұғымнан туған.

Алла тағаланың әмірімен үшінші мүшелге қадам басқан менің биылғы жылдың жақсылықтарға толы болатынына сенімім кәміл. Жылдың басы саналатын Тышқанның бойында лидерлік қасиеттер де болады екен. Бірақ, мен оның лидерлік қасиетінен гөрі еңбекқорлығын көбірек бойыма сіңірген сықылдымын. Мүшел жаста сақ болуды, абай болуды көп айтып жатады. Бірақ, мүшелде адамның кейбір ойлап, армандаған дүниелері де жүзеге асып жатады ғой. Лайым солай болғай деп ойлаймын!

Сонымен үйде өткенді бағамдап, келер күнді бажайлап, күнделік жазып отырмын. «Сылаң қағып өтіп бара жатқан дәуреннің», уақыттың құрығына тәуелді адам атаулының ертеңін болжай алмайтындығымен де өмірі мәнді ме деп ойлаймын. Ертеңі белгілі адамның өмірінен де мән кетеді, тірлігі де қожырайды. Ертеңнен үміт, келер күннен жақсылық күтумен, өткен күніңнің тек көзді ашып-жұмғанша өте шыққанын бағамдаумен өмір өте береді. Әркім Алланың берген ғұмыры мен несібесінен аспайды. «Тары түссе таңдайыңнан, маржан түссе маңдайыңнан», өзіңе бөлінген сыбағаңды ғана теріп жеп тірлік етесің.

Сол несібеміз көп, сыбағамыз мол болсын. Осы айда, осы күнде туғандарыңыздың барлықтарыңызды туған күндеріңізбен құттықтаймын!

Advertisements

Responses

  1. Сірә, туған күніңіз ғой деймін. Құтты болсын! 🙂

  2. Рахмет, Асхат!

  3. Бул айда менін де туган кунім бар..
    рахмет,сіздін де туган кунініз кутты болсын!

  4. Рахмет, бірге болсын!

  5. Kutty bolsyn Tugan kuniniz! Eshten kesh jaksy apai!

  6. Рахмет, Бақытнұр, өзіңе де сәттіліктер тілеймін.

  7. Құрметті, Блогшы! Мен Азаттық Радиосы Интернет басылымының бұқарамен байланыс менеджерімін. Есімім Даурен, Контентмастер Блогыма кірген боларсыз. Азаттык Радиосынын активті маркетингтік жумыстарымен мен айналысудамын, сондыктан сізден сурарым біздің сілтемені
    http://www.azattyq.org өз блогыныздын тізіміне косып койсаныз!

  8. Kyrmetti Esengul!
    Mina Sizdin Saitinizdi okip Kishkene Kazakh Elimizdin Isin sezingendei boldim.
    Oilariniz ote Ademi…….Kazakka tan Philosofiyalik Oilarinizdi ortaga salgan yshin kop Rakhmet…..

    Menin Ajem kalik anin aityshi edi:

    …..Byl Omirdin Oterin Bilmedim-ai,
    Byl Omirdin Oterin Bilgenimde- ai…….
    Kylintaidai Sekirip Oinar Edim – Aaai……

  9. Мен ариптес аган боламын. Макалаларынды унемі окимын. «Туркистан» жане Азаттык радиосы сайтындагы макалаларынды жеке пікірлеринды окып, риза боламын. Мактап жиберди деп ойла ма.
    Озине айтарым, биіктен корине беруне тилектеспин. Бабалардан откен жалган дуние бизден де калады. Ен бастысы ар кунин жаксылыкка толы болсын! Каламыннын карымы талмай, ойын улттын ой-арманынан уштаса берсин!

    (Болгында казак ариптері окылмаган сон, соган дыбысталуы жуык ариптерді колдандым)

    • Даниял аға, саламатсыз ба? Кешіріңіз тым кешіктіріп жауап жазғаным үшін. Сізге де зор табыстар тілеймін. Аман болыңыз.

  10. Raxmet, Gulnar apai. Shininda «bul omir aldamshi goi bilgen janga» dep Abai atamiz aitkan goi. Otip baradi. Menin bir olenimde «Dauren otip baradi silan kagip» degen joldar bar.

  11. Бұл мақаланы жазғаныңыздан кейін де,міне,бір жыл өте шығыпты…уақыт деген тез ғой!

    Туған күніңізбен! Отбасыңыз,туған туыстарыңыздың ортасында өзіндік орнымен атап өтуіңізге тілектеспін! Тілектерге тілек қосылсын!

  12. Рахмет, Тоты. Ойдағыдай күннің өткеніне қуаныштымын. Біраз адамдар құттықтады. Соның өзі маған әжептәуір қуаныш сыйлады. Маған жиі хабарласып, қолдап-қолпаштап жүргенің үшін алла разы болсын. Ойлаған арман, мақсат-мүдделеріңе жетуіңе тіектеспін. Өзіме тілекші бір адам болса ол сен деп білемін. Бақыттың баянын тілеймін.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: