Posted by: yesengul | Қыркүйек 27, 2008

Жолсапар (жалғасы)

Бұлғын

 

 Баян-Өлгий 12 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Соның бірі әрі аймақ орталығынан жырақта орналасқаны – Бұлғын ауылы. Осы ауылдың тумасы, белгілі ақын Кәкей Жаңжұңұлы:

 «Барам, апа, көктемде,

Жаңбыр жауып өткенде,

Бұлғын сыңғыр қаққанда,

Ағаш алқа таққанда» деп жырлаған екен.

Ақын айтса айтқандай, сыңғырлай аққан Бұлғын өзеннің бойында орналасқан Бұлғын ауылы табиғаты жағынан өте әсем, Моңғол Алтайының биік шыңдарының бірі – Мөнххайрхан тауының бөктерінде орналасқан екен.

Бұлғын сұмынының ресми құрылғанына 70 жылдың жүзі болыпты. Жергілікті халық осы тойдың қамымен жүр. Біз барған күні стадионда урианхайлардың садақ  тарту сайысы жүріп жатты. Ертеңінде балуан күресті, жұрт аламан бәйгеге ат қосты. Шағын ауылдың тойына 130 ат қосылып, 60-ына бәйге берілді. Алғашқы атқа 1000 доллар көлемінде сый ұсынылды. 60-тай балуан білек сынасып, маңдайы жарқырағанына да 1000 доллар көлемінде сыйақы берілді.

Қазақтар үшін Бұлғын ауылының тарихи маңызы зор. Қытайдың Алтай өлкесіне жақын орналасқандықтан Баян-Өлгийге қоныс аударған қазақтардың алдыңғы легі осы өлке арқылы өтіпті. Сталиндік репрессия кезінде жиі толқулар орын алып, Қызыл империяның қан тамған қылышынан қорыққан біраз үйлер Алтай аймағына қарай қайта үркіп қашқан екен. Алайда, жазықсыз қазақтар тура көзделген ажал оғына ілігіп кете барған. Соның ішінде баласын емізіп отырған бір ананың оққа ұшқаны жайлы аңыз әлі күнге дейін айтылады. «Құжырты құрбандары» деп үкіленген бұл оқиғаның құрбандарына бүгінде арнайы ескерткіш орнатылып, құрбан болғандардың аты тасқа қашалып жазылыпты. Шекараның жақындығы кезінде қызыл көз саясаттың салқынын тигізіп, халықтың бас көтерер игі жақсыларына қырғидай тигізсе, бүгінде бұл ауылдың аузын аққа жарытыпты.

Жалпы, Баян-Өлгий аймағының Қытайға тура шығатын 4 кеден бекеті бар екен. соның бірі – осы Бұлғын ауылы арқылы өтетін Тайкешкен бекеті. Ауылдан 150 шақырым қашықтықта. Бұлғын өзі Өлгийден 300 шақырым. Алайда, жолсыздың салдарынан мұнда 10 сағатта әзер жетеді екенсің. Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан болар, елдің жалпы тіршілік жағдайы жақсы. Ауылда 1200 отбасы, 6000 адам бар. Ауыл басшысы Шынарбек Қабиұлының айтуынша, «Баян-Өлгийдегі 12 сұмынның ішінде халқының саны мен экономикалық әл-ауқаты және мал басы жағынан алғашқы 5 сұмынның бірінен саналады» екен.

Халықтың негізгі күнкөріс көзі – мал. Жоғары кернеудің жарығы жоқтығы себепті, жұрт күн энергиясын пайдаланады. Яғни, көк сандықты тау басында отырған малшылар да тамашалай алады. Ауылдағы 1000 отбасында 100-ге жуық дүкен бар. Жүзге жуық асхана жұмыс істейді. Ауылдың той-томалақтарын өткізуге арналған бірнеше ойын-сауық кешені бар көрінеді. Біз барған әрбір үйде Ресейдің «Газ-69» автокөлігі мен мотоцикл болды. Бұрынғыдай атты мініске мінбейтін болыпты. Бір қызығы, Бұлғында малдан ешкі мен Гималайдың биік жоталарында өмір сүретін суыққа төзімді сарлық көбірек  кездесті. Бұның сырын сұрағанымызда, ешкі малының түбіті Қытайда қазір жоғары сұранысқа ие көрінеді. Ал, сарлық қыстың қысымшылығында қолға қарамайды, жем аз жейді, өз аяғымен жайылып, күнін көреді екен. Оның сүті сондай қою, кез-келген ауруға ем, жергілікті халық сол үшін де малдың осы түлігін малдануға пейілді.

Мұнда  екі ұлт өкілі – урианхайлар мен қазақтар тірлік етеді. Халықтың 80%-ы қазақтар. Сол себепті де 11 жылдық орта мектеп те аралас. 1020 оқушысы бар мектептегі балалардың 70%-ы қазақ сыныптарында білім алады екен.

 Бұлғын 11 жылдық орта мектебінің директоры Жәкежанұлы Зияхан мектеп оқушыларының бітіргеннен кейін, Қазақстаннан білім алып, сонда қалып қоюды мақсат ететіндігін айтады.

 Жалпы білім беретін мектептерде бекітілген стандарт біреу. Соның ішінде қазақ аймағының ұлттық ерекшелігі ескеріліп, қазақ стандарты ұсынылған. Онда қазақ тілі мен әдебиетін үйрету қарастырылған. Моңғол тіліндегі кейбір оқулықтарды қазақ тіліне аударып бастыру үрдісі қалыптасып келеді. Кейбір оқулықтарды Қазақстаннан аламыз, Алайда Қазақстаннан келетін оқулықтар, жалпы қазақ тіліндегі оқулықтар оқушылардың сұранысын қамтамасыз ете алмадйы, – дейді ол.  

Advertisements

Responses

  1. Осы материалды Түркістаннан оқығанмын. Сонда да тағы бір рет қарадым. Сол жақтарға барғым келіп кетті! Сонда туысқандарым тұратын сияқты.

  2. Рахмет, Серікқазы. Асықпай демалыс алып, бір жаз аралап қайтуыңа болады. Ауасы керемет. Сенің бауырың Болат қатты ұнатқан болатын. Болатпен бірге саяхаттап қайтуыңа болады.

  3. «сұмын» деген аймақ, өлке дегенді білдіре ме?

  4. Иә, негізінен солай. Ауылдық округ деп ұққаның жөн болар.

  5. Bulgynga barsan bizdin jerdi basyp otken ekensiz 🙂

  6. barsanyz dep oki salynyz. Kate ketipti. Keshirim bizden.

  7. Иа, Тұлба көлінің үстінен өттік. Аумаған Баяннур көлі сияқты екен. Бұл менің әкем жастығын өткізген, анам келіншек болып шымылдығы желбіреген өлке. Көзіме оттай басылды. Біздің үйдің алғашқы перзенттері Қоңырөлеңде дүниеге келді деген. Қоңыр өлең сәл қиыс қалып қояды екен.

  8. Оқасы жоқ, Бақытнұр. Ондай-ондай болады.

  9. Мен тұған жерімді қатты жақсы көремін.

    Баян нуур сумнығой бұл. Негізі Моңғолияң ауа райуы тамаша ғой.

  10. Жоқ, бұл Бұлғын өлкесі. Баяннуурға жазда бара алмадық. Сен Баяннуурда туып па ең?

  11. Salem Esengul sizdin azattihtan mahalalarinizdi jane osi bloginiz jaili ohip turam.Sizdin ozi isterinizden Alla sattilik bersin!
    Menin surayin degenim osi aidin 13 de Janar Sagat hizimen bolgan suhbatinizdi ohip edim ya sol Janarga halai bailanis tohtatuga bolar eken bilmekpin. Ya bolmaitindai bolsa ohasi joh.
    Men Mongoliadanmin kazir basha
    eldemin
    Rahmet

  12. Саламатсыз ба, Керей. Жылы лебізіңіз үшін рахмет. Жанармен мен Астанада жолыққанмын. Ол кісі ешқандай адресс телефон қалдырмады. Керісінше, Шыңғыс хан фильмінде Наяханың рөлін ойнаған Ержан Мақпыштың емайлы бар. Соны берейін: erjan88@163. com. Ол кісі Жанарды жақсы таниды, бірге жұмыс істейді.

  13. Rahmet Esengul Allah riza bolsin. Isinizden bereket tileimin

  14. Esengul mina adresiniz durispa erjan88@163. com. ketpei turgani

  15. Men osi adress arkili xabarlasip suret algan edim. Sizge uiali telefonin berein. Xabarlasuinizga boladi. kod: 86, tel: 13079918651

  16. jaraidi Allah razi bolsin

  17. Raxmet!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: