Posted by: yesengul | Қазан 1, 2008

Жолсапар (жалғасы)

Алыс та, жақын Қазақстан

 

Қазақстанға Баян-Өлгийдегі қазақтардың тең жарымы қопарыла көшті. 1991 жылдан күні бүгінге дейін Моңғолиядан оралған қазақтардың нақты саны 100 мыңға таяйды. Бірақ, Баян-Өлгийде әлі де 120 мыңдай қазақ бар. Екіге жарылған қазақтардың көңілін күпті ететіні де осы. «Әлдеқалай күн туса, шекараның екі жағында қаламыз ба?» деп уайымдайды. Алайда, жылы орнын суытуға тағы құлықсыз. Дегенмен, осындағы бала-шағасы, туыс-туғанының соңынан келіп жатқандар да жеткілікті көрінеді. Демек, көштің толастайтын түрі жоқ.

Бұлғын өзенін өрлеп биік қысаңға жол тартып, біздің жол бастаушымыздың танысы Сайлаухан отағасының үйіне ат басын бұрдық. Отағасының айтуына қарағанда, көш басталған 1991 жылы бұл кісілер де Қазақстанға қоныс аударыпты. 3-4 жыл бойы Қарағанды облысында тірлік еткеннен кейін, кері қайтқан. «Көштің басын неге кері бұрдыңыздар?» деген сауалыма, «денсаулығымда күрт өзгеріс болғандығынан қайттық?» деген жауап алдым.  Сайлаухан отағасы 5 баланың әкесі. Үлкені Моңғолияның астанасы Ұланбатырда қызмет істейді екен. Қалған балаларын да Ұланбатырдан оқытпақ ниетте. Әзірге жылы орнын суытып көше қоймайтын сынды. Қора толы малы бар. Белдеуінде «Уаз-69» машинасын қаңтарып қойыпты. Орталыққа бару қажет болса, көлік дайын дейді. Күн энергиясын пайдалану арқылы теледидар тамашалайды екен. Бірақ, мұнда қазақ телеарналары жете бермепті. Әлемдегі болып жатқан оқиғаларды жергілікті телеарна арқылы көріп біледі.

Отағасы өзінің бұл тірлігіне риза. Көңілі тоқ.

Бұлғын ауылының қақ ортасынан азық-түлік дүкенін ашқан Үмітхан апай осыдан бірнеше жыл бұрын жарынан айрылып қалғандығын айтады.

– Өрімдей жас, шиеттей 4 баланы жеткізудің қамымен Қытай асып, Ресейге жол тартып жүріп, тауарлар әкелемін. Дүкенде табыс жақсы. Оның сыртында азын-аулақ малым бар. Күн көрісіміз ептеп оңалып келеді, – дейді ол.

Үмітхан апай балаларын Алматыдан оқытуды көздейді. Үлкені қазір Бішкекте білім алып жатыр. Әрі қарай Қазақстанды мекендеп қалса деген ниетте. Екінші ұлы биыл мектеп тәмамдаған екен Қазақстанда дайындық курсын оқуға дайындалып жатыр. Демек, түпкі ниеттері Қазақстанға қоныс аудару. Өйткені, Үмітхан апайдың туған-туысқандарының барлығы атажұртқа қоныс аударған.

– Балаларды туыстарынан жырақтатпай үйіріне қоссам деймін, – деді ол бізге.

Міне, әртүрлі ой, әртүрлі көңілдер. Қазақстанға көшуге біреу құлықты, біреу құлықсыз. Бірақ, мұндағы халық көшіп келу үшін алдымен өмір сүрер мекенін сайлап, баспананы қамдап алу қажеттігін жақсы түсінген. Көші-қон квотасына қол жеткізді деген күннің өзінде, оның ешқандай қажеттілікті өтей алмайтындығын біледі. Сол себепті де, алдымен көш-көлігін сайлап алуды мақсат тұтады екен.

Advertisements

Responses

  1. Жастардың пікірін білу қызық болар еді. Олар Қазақстан туралы не ойлайды? Не күтеді? Бұл жақтағы жағдаймен қаншалықты таныс дегендей… шіркін, сіз суреттеген жаққа бір барып қайтар ма еді 🙂

  2. Рахмет, Асхат. Әрине, барып қаймағы бұзылмаған қазақы тірлікті өз көзіңмен көріп қайтқанға не жетсін.
    Жастардың пікірі жайында сұрапсың. Негізінде жастар ата-анасына бағынады. Егер, олар жылы орнын суытқысы келмесе жылжымайды. Көшсе, еріп көшеді. Отбасылық институт мұнда жақсы сақталған. Дегенмен, көшіп келуге қамданып жүрген бір-екі жаспен әңгімелестім. Оларға бәрі таңсық. Мұндағы тірлік, ішетін суың, жейтін тамағың, киетін киімің дегендей. Ал, Қазақстанда білім алып, Баян-Өлгийде қызмет істеп жүрген кейбіреулерін мұндағы қымбатшыық үркітеді екен.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: