Posted by: yesengul | Қазан 5, 2008

Қыз ұзату

 

Қазақтың ең бір кәделі тойларының бірі – қыз ұзату. Қыз ұзатудың сыры мен жыры бітпейді. Болғанынан боладысы қызық тойдың, талай күйеу жігіттің сабырын қашырып, талай қалыңдықты сабылтып қойғаны жайлы революциядан бұрынғы өмірді суреттейтін әдеби шығармалардың барлығынан оқып білген едік. Өз көзімізбен көрмесек те, қалыңдық ойнату, ұрын бару, қол ұстатар, жамбас сипатар сияқты кәделердің біразынан хабардар болатынбыз. Біраз, уақыт үзілістен кейін – қыз ұзату біздің арамызға қайта орала бастады. Қазір ең әуелі қызын жақсы жолға, кәделі сапарға шығарып салу үшін қыздың әке-шешесі үйлену тойынан кемдігі жоқ той жасайтын болды. Әрине, бұның еш сөкеттігі жоқ қой. Егер, қыз ұзатуда қазақтың өзіне тән ырым-жоралғылары жасалып жатса.

 Бірақ, бүгінгі тірлігімізде батыстан енген кейбір құндылықтарға жатсынбай қарайтын болдық. Еліктейтіндігіміз соншалық кейбір көзге оғаш көрінетін жайттарды да ата-баба салтындай қабылдайтын болдық. Күні кеше ғана қыз ұзатуға барып қайттық. Талдықорған қаласының әдемі мейрамханаларының бірі – Балқашта дүбірлетіп қыз ұзату рәсімі болды. Үйлену тойынан асып түспесе, кем болған жоқ. Екі жасқа бақыт тілеп, келген құдалардың қадамына құт болсын айтыстық. Алайда, біздің көңілімізге жақпаған бірнеше жайтты айта кетсем деп отырмын.

Біріншіден, қонақтардың барлығы жайғасып отырғаннан кейін ортаға екі жас пен олардың ата-аналары шақырылды. Той иесі қыздың ата-аналарына сөз бергеннен кейін күйеуге қол ұстату шарасы қыздың әкесіне тапсырылғаны. Бұл қайдан келген ырым деп біразға дейін ойланып қалдым. Содан кейін бразилиялық сериалдарда алтарьдың алдында құдайға ант беру рәсімі кезінде күйеу жігітке қызын әкесі алып келіп тапсыратын католиктердің жоралғысы есіме түсті. О заманда, бұ заман күйеу жігітке қызды табыстырған әкені қазақтың қай салтынан көрдік. Бетімді шымшыдым. Қазақтың асыл жеңгелері қайда. Бұндайда қыздың көңілін табуға, күйеудің сағын сындырмауға тырысатын. Менің білетін қазақтың салтында қыз бен жігіттің қолын ұстату, жамбас сипар, шаш сипау, т.б. ырым жоралғыларды қушыкеш жеңгелер атқарушы еді. Әкесі бұндай істерге араласпақ түгілі, маңына жолаушы ма еді. Тойдың қамын, қыздың жайын шешесі арқылы реттеп, болған істен хабардар ғана болып, құдаларының қасына жайғаспаушы ма еді… Бояушы бояушы дегенге, сақалын бояпты деген осы шығар.

Тағы бір көңілге оғаш келгені – қызды есік алдына дейін тағы да әкесі шығарып салып, күйеудің қолына тапсырды. Тағы да католиктердің салты жадыма орала бергені… Еліктегенге солықтаған, мен салтанаты асқан қыз ұзатудағы осы бір көріністерге қынжылып қана отырдым. Басқа ел не ойлағанын кім білсін.

Ақыры, қыз ұзатуды жаңғыртып жатыр екенбіз, ендеше қыз жалғыз айтпай-ақ қойсын, «Сыңсу» әнін топ болып, жақсы тілектермен шығарып салатын үрдісті неге қалыптастырмасқа… «Жар-жар» бар, «Беташар» бар, «Сыңсудың» не айыбы бар. Қызды ұзаттық екен, өзіміздің салт-санамызға бағынған жөн сияқты.. Сен не ойлайсың, ендігі жас.

Advertisements

Responses

  1. Есенгүл, мына жазбаңыз адамды ойлантарлық жазба екен. Расында да, осы жаһандану заманында көп нәрсеге еліктейтін болдық. Дегенмен, кеңес тұсындағыдан қарағанда, қазіргі үйлену, қыз ұзату тойлары біршама қазақылыққа жақындай түсе, салт-дәстүрлеріміз жаңғыруда. Бірақ та…сіз жоғарыдағы тоқталған жайттар әр өңірде кездесіп жатады. Жаңағы қызды әкесі келіп күйеу балаға табыстау дегенді өз басым бірнеше тойдан көргенмін, одан кейін басқа ұлт салты бойынша той соңында *букет лақтыру* деген үрдіс тағы қалыптасқан. Яғни, қалыңдық ұстап жүрген қолындағы гүлін той аяғында теріс қарап тұрып, күйеуге тимеген жас қыздарды тізіп қойып, сол тұсқа лақтырады. Кім тосып алса, келесі той сол қыздың ауылында деп есептеңіз. Одан кейін қалыңдықтың аяқ киімін ұрлау деген тағы бар. Оны да бірнеше қыз жақтағы өткен тойлардан көргенмін. Ал, бұл салттардың қазақта ешқашан болмағаны бесенеден белгілі. Иә, сіз айтқандай өзіміздің салт-санамызбен өткізген тойға не жетсін!!!

  2. Рахмет, Тоты. Иә сенің айтқандарыңның қазақ тойында орын алғанына біраз уақыт болған. Бірақ, өз басым күйеу балаға қыздың әкесін жетектеп барғанын қалай да қабылдай алар емеспін. Өзге діннің салты ғой. Оның үстіне әкесі мен қыздың арасында белгілі бір дистанция болуға тиіс. Бұл қазақтың өзіне ғана тән ерекше салты болатын. Қазір мен кеңеседе, басқа да орындарда қырқылжың шалдармен жас қыздардың қалжыңдасып жатқанын көріп қынжыламын. Бұл сол біздің қазақы бет-бейнеміздің жоғағанының белгілі болар.

  3. мән бермейді екенмін. көп салт-дәстүр ұмытылған ғой. маған мысалы үйреншікті көрінеді: гүл лақтыру да, жаңа келіннің дараң-дараң билеуі де, екіқабат болып үйлену де, кей-кейде қыз ұзатусыз да жасалып жатады тойлар. несі бар?! Мысалы, жоғарыда айтылған тойды жасаған үлкендер ғой, жастар басты себепкер болғанымен. Олар неге білмейді екен?! Жастар сосын “біздің тойда былай да былай болған” деп әрі қарай кете береді ғой өзгеріссіз 😦

  4. @: Esengul on Қазан 9, 2008
    at 4:43 – дұрыс, айтасыз, тәрбиенің жоқтығы әлде, қазақ қызына тән ибалық, биязылық қазіргі “модадан” шығып кетті деген пікірлердің бар болуы…

  5. Рахмет, Арсенал. Әрине, заман басқа, заң басқа. Дегенмен, мен қазақтың кейбір салттарын қадағалауды жөн санаймын.

  6. Иә, Балдырған. рахмет. Атың әдемі екен. Рас айтасың, бұны үлкендер реттеуі керек. Оған келісемін. Бірақ, сол үлкендеріңнің өзі кешегі кеңес заманында білім алған, жартылай дүбәра халық боп тұр ғой. Несін айтасың?

  7. Иә, сол үлкендеріміздің өзі мәңгүрттеу ұрпақтың сынығы ғой…

  8. үлкендерге жастар үйрететін заман келе жатыр ма?! қызық 🙂
    кінәліні іздемейміз ғой, бірақ келешекті өзгертуге тырыссақ қайтеді?! Қыз ұзату туралы толық мәлімет қайдан алса болар екен?

  9. Иә, Тоты кешегі Кеңестік кезең біраз дүниеміздің тас-талқанын шығарды ғой. Бүгінгі қыз ұзатып жатқандар сол заманда білім алып, сол жүйеде тәрбеленіп, қазақтың құндылықтарынан безініп өскендер. Байқасаң, ХХ ғасырдың 70 жылында біз бұғауда болдық. Алайда ұлттық рух сөнбеген еді. Соның нәтижесінде “Қыз Жібекті” түсіріп, қазақтың рухын жебей білдік. Ал, тәуелсіздк келіп, өз қолымыз өз аузымызға жеткенде, рухсыз қалдық. “Көшпенділер” сол рухсыз сананың жемісі болған жоқ па?

  10. Иә, Балдырған мәселе кінәліні іздеу емес, бірлесіп санамыздағы өзге діннің және жат сананың сарқыншақтарынан құтылу. Қыз ұзату туралы бәлкім этнографиялық еңбектерден оқуға болатын шығар. М. Әуезовтің “Абай жолында” да қы ұзату жайында жақсы мағлұмат бар.

  11. […] Ұзату: Есенгүл күнделігіндегідей болмады. Қызды ақ матамен екі жеңгесі қолтықтап […]

  12. ондай әкесіменн қоштастыру сияқты эмоционалды момент жасағылары елсе бір тойда қыз әкесімен вальс биледі, қараған жұрт жылап енді…
    ал қызды әкесінің тапсырғаны шынымен біртүрлі екен
    осы вааще қыз ұзату жасап, бұл да босқа мал шашпақ нәрсе, ақшасы бар кісіоерге әрине сөз емес, ал кейбірлері әйтеуір елден қалмаудың амалы

  13. Yesengul!

    Akesi Kisin Altardin aldinda Bolashak Kyeune Kolin Tapsiry – Ol tek kana Katolik emes, Jalpi Xristian Dini madeniet salttin bir tyri……….Ol Batis Haliktarda Damigan…oni dyris Aitasiz……Birak Ol bir jaginan Kyei Balanin Jayiapkershiligin Kudai men Halik Aldinda asiru ushin bagittalgan………Ol ote ademi shin omirde korseniz……….

    Birak Kazakh halkinin ozinin Ademi Salttari bar – 1.Neke Kiu….2. Bet Ashar…..3. Shashu…… Birak menin Oimsha kazirgi Zamanda Er Adamdarga Kalindik alganda – Kizdin Ake-sheshesinin Aldinan Otyp……Resmi Tyrde…..Kizinizdi Omirlik Jar Etip Alap…….basinan Shash Tysirmei Omiri Kyrmettep Ayalap Otemin Degen Yade Bery Dyris Siyakti…………Onda Jetim Kazakh Azyar me di…….??………..Jalgiz balalarin osirip kinalip jurgen kelinshekter Azyar ma edi….?????…….

    Kauim Bolip – Sondai Azamattarga JOL Bermau – sonda gana Toi Toiga Ulasa Beredi……Jetim Kazaq Balalari Amerikaga satilmai oz Elinde Osip Kuanip jurer Edi…….Jigittilik Degen ne…..?? – soni jazsaniz…Yesengul sinilim…….

  14. Әрине, күйеу жігіттің өзінің жауапкершілігін түсінгені дұрыс. Бірақ, оны христиан дінінің салт, жорасынан көшіріп алмауы керек қой. Қазатың өзінің күйеуге жүктер жауапкершілігі жетіп артылады ғой.

  15. Келесі айда сіңілімнің ұзату тойы болмақшы, соған байланысты тойдың сценариін жазайын деген ойым бар. Қыз ұзату тойына байланысты салт-дәстүрлер туралы жазып, көмектессеңіздер екен. Рахмет.

  16. Маған қазақша тост керек қыз үзатуына

    • Сәлем, сізге қыз ұзату жайлы өлең жазып жіберсем жарай ма?

      • Сәлеметсіз ба, Есенгүл?
        Маған қыз ұзату тойына қатысты сценарий мен өлеңдер болса жазып жібересіз ба?!

  17. Қайырлы күн, құрметті Есенгүл! адам баласы басына бір іс түспесе осындай тамаша сайттың бар екенін де білмейді екен ғой! 🙂
    мен Аллахым бұйыртса, келер жылдың жазында тұрмыс құрамын ба деп ниет еттім. сол жөнінде біраз жұмыстардың басын қазірден бастасам ба деп, интернет арқылы біраз мағлұмат жинауға белімді бекем будым. Қазірги кезде көп тойлар бір сарынмен өтеді емес пе?! ал мен өзі жастайымнан өнерсүйер жан болғаннан кейін, сәйкес өз тойымды да ерекше? ескілікте болған сыңсу сияқты элементтерді қоссам ба деп едім. тіпті көрініс ретінде жасасам ба деген ой бар. әйтеуірб тойыма келген адамдар біздің негізгі салт-дәстүрімізбен танысса екен деген арман ғой. сол үшін қандай кеңес берер едіңіз? Алдын ала алғысымды білдіремін.
    Жұлдызай

    • Сәлем, Жұлдызай. Кешігіп жауап қатқаныма кешірім өтінемін. Менің анам қыз ұзатарда сыңсу айтқанды жақсы көреді. Сыңсу да – жар-жардың бір түрі. Бұның ерекшелігі – қыз ұзатыларда айтылады. Біз жар-жарды бүгінгі қоғам элелементтерімен өмірге қайта әкелдік те, сыңсуды елеусіз қалдырдық. Қыз ұзатуды қайтадан сергітіп жатқанда, сыңсуды неге өз ортамызға қоспасқа. Менің білетінім бұнда да қыз-жігіттер екіге бөлініп, өзара айтыс түрінде айтылады. Мысалы:
      Жігіттер:
      Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
      Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.
      Әкем-ау деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
      Әке орнына қайны атаң онда болар, жар-жар, – дейді. Оған қыздар:
      Есік алды қарасу майдан болсын, ай-ау,
      Ақ жүзімді көретін айнам болсын, ай-ау.
      Кісі әкесі кісіге әке болар дейді,
      Айналайын әкемдей қайдан болсын, – деп жауап қатады.
      Жігіттер тағы да:
      Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар,
      Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар.
      Анам-ау деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар,
      Ана орнына қайны енең онда болар, жар-жар, – жеп өлеңдетеді. Қыздар тағы да:
      Есік алды қарасу майдан болсын, ай-ау,
      Ақ жүзімді көретін айнам болсын, ай-ау.
      Ана орнына қайны енең ана болар дейд,
      Айналайын анамдай қайдан болсын, – деп жауап қатады.
      Осылай қыз бен жігіттің өзара айтысынан кейін, қыз ата-ана туған туыс, дос жарандарымен көрісіп, қоштасады. Бұл әрине, қыздың тым ұзаққа ұзатылатындығының әсерінен де болса керек.

  18. құрметті пікірге қатысушылар, маған кыздың артынан келетін дүние туралы ақыл кеңес оның қүрамын айтып жерсеңіз шексіз алғысымызды білдірем

  19. керемет, әттең осының бәрі теледидардан айтылса

  20. Сәлеметсізбе маған қыз ұзатудың сценарииір
    және оны жүргізіп басынан аяғына деін жауапты болатын адам керек көп рахмет жауабыңызды күтемін.

    Сәлеммен Жанна

  21. Құрметті Есенгүл және форум қатысушылары!
    Сіздердің батыс дәстүрлерін көшіріп алғандығымызды айтқандарыңызға толығымен қосыламын, бірақ бүгін интернеттің барлық беттерін қарап шықтым, байқасам жігіт қыздың үйіне оны алып кетуге келгенде орыстырдыкындей қызық дәстүрлер жоқ екен. Әлде мен оларды таппадым ба?
    Той болған соң қызықты өткенін әрбіріміз қалаймыз. Мүмкіндік болса жігіт қыз үйіне келіп, қызды алып кетпекші болған сәтте қандай қызықты салт-дәстүрлер, ойындар бар екендігі туралы ақпарат берулеріңізді сұраймын! Рахмет!!!

  22. салематсыз ба, 2 айдан кейин синлимнин узату тойы отеди, соган узату тойдын сценарийин жане женгелердин тилегин жазып жибере аласызба?
    Алдын-ала рахмет!

  23. Салем казагымнын сулулары!!! Мен сіздердін айткандарынызғга кол аягымды котеріп косыламын! Біз казак елінін салт-дастурін умытпай арі карай жалгастыратын жас урпакпыз! сондыктан улкендерді кіналамай барін озімізден бастасак кайтеді! ))) Мен оз узату тойымды Алла каласа жасагалы отырмын! Сол кезде Казакстаннын арбір жерінен конактарым туыстарым келеді, соларга улгі ретінде жасагалы отырмын! себебі мен оз елімді мактан тутамын , арине сосын оз салтымды устанганымды калаймын! Мен Мангыстаудын кызымын!

  24. кыз узату туралы біраз ойлармен бөлісіпсіндер. Рахмет. Бірақ барлық пәлені кеңестік кезеңге аудара беруге болмайды. Осы нешетүрлі баска елдің салт-дәстүрінің енуіне тәуелсіздік кезінде үйір болдық. Әрине, ол баска елдің мәдениетін уагыздайтын теледидардың әсері екендігі сөзсіз.Шынында өзіміздің салт-дәстүрімізді насихаттау теледидарда жоқтың қасы болган соң, әркім өз білгенін істеп әуреге түседі. Кеңестік кезде де қыздар рұхсат сұрап, ата-ананың батасымен кететін. Әйтпесе, біреудің етегінен ұстай салып, кете барған жоқ. Сол кезде ұзатылған қыздың біреуі менмін. Бәрін айт та, бірін айт, ұзатылып кетіп бара жатқанда “қыз кеткен соң ауылдан қызық кетер” деп ауылдың кәрі-жасы бәрі көздеріне жас алып, қимастық сезіммен шыгарып салғаны әлі есімнен кетпейді.Сонда мен оқу қуып, ауылдан ерте кеткен қыз едім. Ал ауыл адамдары болса, өздерінің сүйікті қыздарын сол жігіттен қызғанып қала берді…

  25. салематсызба есенгүл апай ! мен келіндер сайысына қатысайын деп жатырмын.маған сізден көмек керек.сыңсуды қалай көрініс сияқты етіп жеткізе аламын халыққа.сценарий құрып бересізба?өтініш!

  26. Есенкүл апше және барлық оқырмандар баршаңызға сәлем бердім! Керемет ұзату тойым болары сөссіз енің деп жүрген қазақ қыздарының бірімін. Сіз көрген көріністі мен де жақын қабылдай алмаймын. Себебі, мың жерде әкесі қызына бағы жансын деп тілегенімен, қызын өзі қолымен апарып беруі жат көрінеді. Сіз айтқандай бұл нағыз жеңгелердің жолы. Біздің Сырда көбіне сырға салуға, екі жеңгесі қызды қолтығынан демеп алып шығады. Қайын сіңілдерін әкеп аманаттағаны үшін лайықты сый-сияпатында алады. Жұмыстан қолым қалт етіп ауылға барсам, жеңгелерім құлақ етімді жейді. Қашан кетесің Еркеқыз деп. Мені ұзатып, оң жақта отырып қалмасын деп, сыйлықтарын алғанша асығып жүр. Сыңсуды жаңғырту жөнінде айтсам, қыз ұзатуға қыздың бала кезден бірге өскен құрбы құрдастары келсе, той қыздың тойы болған соң сол жастарға сөз беріліп, олар ұзатылып бара жатқан құрбысы, бірге өткізген балалық бал дәурендерімен қызықты сәттері жайлы әңгімелесе сонда ғана ол қыздың тойы ажарлана түсетін секілді. Сыңсу секілді өлеңмен, өрнектеп айтса тіпті нұр үстіне нұр болмақ. Қыздың достары бірі ән айтып, бірі билеп, өнерлерін ортаға салып шығарып салып жатса қандай керемет. Бұл менің арманымдағы қыз ұзату тойы десек те болады. Қыз ұзату тойының дұрыс өтпеуіне мен үлкендер жағын кінәләғанды құптамаймын. Себебі, біздің ата-анамыз қалай отау құрды. Әкем анамды бір көрген, ертесіне алдап алып қашып келіп, шаңыраққа келін түсірген. Қазір көп той жастардың өз қалауымен өтіп жатыр. Жастар, замандас достарым біздің салт-дәстүрді ерекше бойына сіңіріп, оған зор құрметпен қарайтын болса, өз қуаныштарының мәні терең, мағыналы болып өтуіне күш салар еді. Мен кінәні өзімізден, яғни Батыс деп еліктеп, бүртүрлі боп бара жатқан жастардан іздер едім… Мен өз сөзімді Қызына “Бағың жансын”-деп тілейтін қазақ халқының салт-дәстүрінің бұзылып, тозып кетуіне бей жәй қарай алмайтын Есенкүл әпшемдей аяулы апаларымыз аман болсын деген тілекпен аяқтаймын. Бағыңыз жансын қазақ қызы!!!

  27. Сулулығы көз сүріндірер казак кыздарына, құрбыларыма салем! (Бұл форумға ойламаган жерден кезіктім,) Озім Қостанай облысының тумасымын! Адемі қызұзатуды кейбір құрбыларым бала кезден армандаса да, оз басым мұндай жағдайларға енді мән берудемін. Менің ойымша тырнақ астынан кір іздеудін және бұрынғы салтты қайта армандаудың, тіпті жаңғыртудың қажеті жок, Көп қыздар “Абай жолы” мен “Қыз Жібекті” тілге тиек етіпті, ол дауір мен қазіргі кезді салыстыруга келмес. Таяқтың екі ұшы бар дегендей, неге Бақытсызжамал мен Балқадишалардың тағдырын еске алмасқа! Үйлену оңай, уй болу қиын дейді казағым, сондықтан кім тойын калай откізсе де бастысы берекелі отбасы болу! Сыңсуға өз басым тіпті қарсымын,
    Кісі әкесі кісіге әке болар дейді,
    Айналайын әкемдей қайдан болсын, деген не деген маскара? кайдағы кісі әкесі? өзі суйген жігіті, болашақта тіреу болар азамат, болашак балаларынын әкесін кісі дегені кай сасканы? осындай сынсудан, болашак жар, жане де кейін келін мен кайын ата арасында кандай сыйластык болады? қайта кайыната, кайынемен емес, ана, әке деп атау қажет деп ойлаймын!

  28. кыз узатуды кафеде жасау кайдан шыкты? Кызды узатканда уйнен шыгарып салмайма?

    • Салем Есенгүл ханым .Мен Нурка гой . Маган тез арада Кыз узату тойы туралы маглүмат керек .Ягни жүрилу рети. жауап күтем.

  29. Сәлем, қай Нурка екеніңді білмедім. Менің Нурка деген таныстарым көп. Ал Қыз ұзатудың сценариін жазу қиынға түсетін сияқты. Бәлкім кейбір ойларыммен бөлісермін. Алдағы жазбам өзім ұнататын Қыз ұзатудың көріністерін жазбақпын.

  30. Саламатсызба Есенгул әпке, жақында менің әпкемнің ұзату тойы болатын еді, соған жаксы бір сценариіңіз болса, өтініш, рахмет

  31. Барлық пікірлесушілерге сәлем! Ойымды ортаға салсам деп едім… Бір келін түсіру тойында үйленіп жатырған бала мен жаңа түскен келін тойдың орта тұсында жігіттің ата -анасын биге шақырып,биледі. Яғни ұл анасымен келін атасымен. Осы көрініске қатты ренжідім, атасы мен келіні билегені қалай? Сіздердің ойларыңызды білсем…

  32. Құда шақыру кезінде үй иесі жоралғыларын жасап, киттерін ұсынып болып, ал құдалар алған бергенде тұрған ештеңе жоқ қой, ең бастысы балаларымыздың қызығын көрейік, балаларымыз аман болсын деді. Сол кезде қонақтар арасынан алған бергенде тұрған ештеңе жоқ деп айтуын дұрыс емес дегендей айтылды… Бұл сөздің мағанасын мен алған тон,көйлектерің тозар,берген си-сияпатты азырқамаңдар,барына риза болыңдар дүниемен өлшемейік, қайта балалардың бақытты болғанын ойлайық дегенді бір ауыз сөзбен жеткізді деп түсіндім. Сіздердің пікірлеріңді білсем деп едім…

  33. Қыз ұзату тойына сценарий керек еді өтініш

  34. Салеметсиздер ме! Менің анашым қызды жеңгесі болып ұзатып алып барайын деп жатыр, Жеңгенің қызметі қандай болады, егерде бұндай жағдайды көрсеңіздер , білсеңіздер жазып жиберсеңіздер!!!

  35. сәлеметсізбе Есенгүл апа! Қазақтың қыз ұзатуында бөрік сыйлау, сәукеле кию дейтің ырым бар екен , журналдан толық нұсқасын таба алмадым. Сол туралы айтып бере аласызба?

    • рахмет, бірақ мен ол туралы жақсы ақпарат білмейді екем!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Категориялар

%d bloggers like this: