Posted by: yesengul | Қаңтар 9, 2009

Сәлем хат

Сәлеметсіздер ме, құрметті блогшылар. Айдан аман, жылдан есен шығып, 2009 жылды да аман-есен қарсы алған боларсыздар. Олай болуына мен шын жүректен тілектеспін.

Құрметті блогшылар!

Менің өмірімде бәлендей өзгеріс жоқ. Балам өсіп келеді, бала-бақшаға беріп қойдым. Былдырлап сөйлеп жүр, тәп-тәтті. Өзгеміз күнделікті жұмыс ағымымен, жаңа жылдық өмірімізді бастап кеттік. Мен өте ұзақ уақыт блогыма өзгеріс енгізе алмадым. Сол үшін сіздерден кешірім өтінемін. 2008 – Тышқан жылы, менің мүшелім еді. Үш мүшелді, Алла қалап, Құдай сәтін салса Наурызда аяқтаймыз ба деп отырмыз. Тышқан жылы мен үшін, менің отбасым үшін жаман болған жоқ. Ең бастысы, бас амандығы, ел тыныштығы ғой. Ол жағынан Құдайға тәуба дейміз. Бүкіл елді қусырып келе жатқан дағдарысқа да төтеп бердік. Шығармашылық жағынан да жемісті жыл болғанға ұқсайды.

Жолсапарға да шығып үлгердік. Әуелі өзім кіндік қаным тамған Баяннуур сұмынына (ауылы) жолым түспесе де, жастығым, балалығым өткен Өлгийді бір көріп қайттым. Өзім өмірі көрмеген, ал әсемдігі талайды тамсанырған Бұлғын сұмынына барып, баламызды әкесі туған топыраққа аунаттық.

Осыдан елу жыл бұрын бүкіл елді шулатып, Цамбагаравтың күн сүйген ақбас шыңдарын бағындырып, қол ұстасып қашып кеткен, бүгінде ұрпағы өсіп, ордаға айналған атам мен анамның «Алтын тойын» үкілеп өткіздік. Бұл туралы кейінірек айтатын боламын. Толығырақ.

Сөйтіп, бір күндей болмай зымырап, 2008 де артта қалды. Жаңа жылдың есігін ашқалы біраз күн. Солай өмір өтеді, ажар тозады. Мәңгілік ештеңе жоқ. Оның бағасын қазақтар ту баста-ақ «бес күндік жалған» деп топшылай салған. Сонда бұл өмірдің маңызы не? Оған да жауап тапқан ешкім жоқ. Біреулер үшін жан қайғы, біреу үшін мал қайғы. Енді біреу осы өмірдің мәнін ісздеп сабылып жүр. Тағы біреулері өмірден баз кешіп, бәрінен түңіліп жүр. Ал, енді біреулері үшін бұл өмір сайран. Ақша, билік, өзгенің маңызы шамалы. Қазір бүкіл-бүтін адамзат баласын ақша билеп отыр. Сонда рухани өмір, кәдімгі заманауи пәлсапалар қайда қалады.

Бізге марқұм академик З. Қабдолов сабақ берген жоқ. Бірақ, ол кісімен аракідік кездесулер өткізіліп тұрушы еді. Сондай бір кештерде «жан азығы арзандап, тән азығы қымбаттаған заман» деп таусыла сөйлегенін естіп ем. Бұл осыдан 10-15 жыл бұрын уақыт болатын. Есіл Зекең бүгінгі күнді көрсе сол заманмен жылап көрісетіндігін шамалар еді. Бағзы заманғы үлкендер айтатын ақыр заман деген осы шығар. Сана дағдарысынан өткен ақырлықты өз басым көре алмай отырмын. Ұрпағынан безген ұлт, ұлтынан безген ұрпақ. Қағынан жеріп туған шерменде – тек біздің қоғамда ғана ма екен? Оған жауап бере алмаймын. Тек осылай кете берсек, бір кездері депутат болған, саяси ғылымдарының докторы Амангелді Айталы ағамыз айтқан «2030 жылдары Қазақстан деген керемет мемлекет болар, бірақ, «қазақ» деген ұлт бола ма, болмай ма сол жағы неғайбыл» деген болжам расқа шыға ма деп қорқамын. Өйткені, бізде күн өткен сайын ұлттық рух сөніп барады. Қазақтың айтулы күндері Республика күні мен тәуелсіздік мейрамын ойдағыдай өткізе алмадық. Керісінше, Жаңа жылдың жарнамасы бір ай бұрын айтылды. Желтоқсанның 1-інде Алматы мен Астана қалаларының әкімдері биіктігі 18 метр шыршаны жағып, думандатты. Тәуелсіздік күні бейнеленген тулар тек 16-желтоқсан күні ғана ілініп, сол күні алынып тасталды. Ал, қазір қала көшелеріне шықсаңыз, Жаңа жылдық тулар әлі желбіреп тұр. Бүкіл ұлттың басының бұғаудан босағаны жайлы сүйінші хабарды естірткен ұлы күн неге ескерусіз, елеусіз өтеді. Неге 9-мамырдағыдай алаңда парад та жүрмейді. Неге жас буынды осы арқылы ұлттық рухқа тәрбиелеу ісі жүргізілмейді. Дүбәра, зомби ұрпақтың өсіп келе жатқандығы былайғы жұртты неге селт еткізбейді? Сауал көп, жауап жоқ. Жаңа жылды осындай толғаныстармен қарсы алдық. Өз басымыз аса тыраштанып, шашыла қойған жоқпыз. Өйткені, Наурызды тойлауды баламыздың санасына сіңірейік деп шештік.

Advertisements

Responses

  1. +10

  2. Сәлеметсіз,Есенгүл! Жаңа жылыңызбен!. Отбасыңызға бақыт, шығармашылық табыс тілеймін! Өзіңіз айтқандай, өткен жыл сіз үшін жаман болған жоқ, жүлдеңізбен жеке тоқтала құттықтап қояйын және ата-анаңыздың алтын тойлары да құтты болсын, жолдарын сіздерге берсін! Көптен бері блогыңызға жаңалықтар енгізбей қойған едіңіз, мына ойсаларлық мақалаңызды оқып, толғанып отырмын. Иә, кеңестік дәуірдің санамызға сіңіріп тастаған, думандатып атауды әдетке айналдырған *Жаңа жыл* мейрамын елімізде дүркіретіп өтетіні айғақ дүние. Өсіп келе жатқан ұрпақ та соны көруде. Әттең, сіз айтқандай ұлтымыздың жаңа жылы *Наурыз* мерекесінің тойлануы әлі де қоғамда өз орнын таба алмай келе жатқаны. Орыстың жаңа жылы сияқты бір ай бұрын дүркіреп даярлық жасалынбайды, бірнеше күн бұрын ауыл-ауыл болған қазақы киіз үйлер тігілмейді,негізі,сол қазақ үйді жылына бір-ақ рет сол 22 наурыз күні алаңда, оның өзі тек сыртынан ғана мұражай ретінде тамашалайтынымыз да өкінерлік жағдай. Қоғам ешқандай зер салып, атап өтуді бір сара жолға сала алмай келе жатқанда, қайдан өсіп келе жатқан кішкентай балалар санасына сіңірсін. Не нәрсе, бала кезінен қалыптасады ғой. *Ұяда не көрсе, соны іледі * демекші, *Наурыз* мерекесін биік дәрежеге көтеріп өткізуді әрбір отбасынан бастау керек деп ойлаймын. Жоқ дегенде, әрбір қазақтың үйінде буы бұрқыраған, наурыз-көже болуы керек.

  3. Рахмет, Тоты. Өзіңді де Жаңа жылыңмен құттықтаймын. Менің блогымды оқып, үнемі ой бөлісіп отырғаның үшін алғыс айтамын.

  4. «Жаңа жыл» қазір жалпыхалықтық мейрамға айналып кетті. Ауылға, туыс-туғанға барып келдім. Шүкір, бұрындары дастарханнан арақ көруші едім. Биылғы жылы мейрамда дастарханда харам нәрсе болмады. Мен үшін 31 желтоқсан қатардағы күннің бірі. Сағат тілі 12,00 ден аауысқан соң, дүние айналып, бір керемет болады деп күтпеймін.
    Биылғы жылы ойға алған әрбір амалдарыңыз хайырлы болсын. Қазақ журналистикасында биылғы жылы көп өзгеріс болатын сияқты ғой. Әйтеуір, ұлтқа пайдасы болса екен деп тілеймін. Жазбаңыз ұнады. Шынымен де оқығанда өмірдің мәні туралы еріксіз тағы бір ойланады екесің…

  5. Рахмет, Асхат. Өзіңіе де соны тіледім. «Бұл жалғанда қызық жоқ ойлы адамға» деп Абай атамыз айтпақшы, көп нәрсеге басың қатып жүреді екен. Бірақ, жауабы жоқ көп сауалдан да жалығасың. Бірақ, өмірдің ағысы солай, амал не?

  6. Сәлеметсіз бе, Есенгүл апай! Мен сізді жаңа жылыңызбен құттықтап жаттанды тілектер жазбай-ақ қояйыншы. Біздің Жаңа жыл, Жыл басы-Наурыз емес пе еді? Өзім 31-қаңтарды мерекелік көңіл-күйде қарсы алдым деп айта алмаймын, біртүрлі зауқым соқпады. Тіршілік шын мағынасында жаңаратын көктем мерекесін асыға күтудемін. Жаңа жыл деген сол емес пе? Мақалаңызда 9-мамыр жайын сөз етіпсіз. Қалай қарайсыз: келер ұрпақ болашақта Жеңіс күнін қалай қабылдар екен?Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс туралы пікірлер сан-саққа бөлінуде ғой…Шығармашылығыңызға, жеке өміріңізге толағай табыс тілеймін!!! Еркетайыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз!!!

  7. Рахмет, Аида. Шынында да көктем жаңа бір леп, жаңа бір мақсат ала келетін сияқты. жаңарудың басы – жаңа жыл Көктем басталғаны қандай керемет.
    Меніңше, 9-мамыр Жеңіс күніне деген көзқарас тек Кеңестік жүйеде қалыптасқан көзқарастан өзгерген жоқ. Әуелі, бұл күнге тарихи баға беру керек. Тәуелсіз қазақы, қазақстандық сараппен. Содан кейін ғана, оның мән-маңызына үңілген жөн. Дәл осы соғыста 2 миллион қазақ жер жастанды ғой.

  8. Yesengul apai kalaisyz?

    Biraz pessimistsiz be? Jana jil jaily jane baska toilar jaily menin oiym baskasha. Arbir toidyn kalai toilanuy, kalai toilauy negizi halyktyn ozine tikelei bailanysty, kandai basshy otyrganyna emes…

    Mysaly oziniz bilesiz, Nauryzdy bizdin halyk jaksy toilaidy. Olgeide halykka biylikten de, baska jaktan da kandai bir demeu jok koi. Tek olar Nauryz ozimizdin halkymyzdyn toiymyz dep sezinedi, sosyn toilatady. Memleket olarga toilatyndar, toilatpandar degen eshtene aitpasa da, Nauryz kuni tangda arkim kojesin daiyndap, bir birine kydyra bastaidy.

    Toidy kalai toilau halyktan shygar. Tek halkymyz arbir toidyn kanshalykty manyzdy ekenin tusinu kerek.

  9. Raxmet, Bakytnur.
    Men negizi pessimist emespin. Birak, Kazakhstandagi jagdaidi korsen osindai oilarga ozin de beriler edin. Oitkeni munda kazakh madenietin torge ozdirmaudin turli kuturki adisteri koldalinip jatir. Ulttik ruhtagi jastardi emes, zombiler tarbielenude.
    Ekinshiden, Olgidin joni bir baska. Al kazakh madenieti men tilin, ruxaniatin korgaitin jalgiz memleket Kazakstan goi. Kazak balasi Kazakstanda gana akirip tendik surai aladi. Ozge jerde erkeligimiz jurmeidi. Sol sebepti men bizdegi ozgenin kagin dangaza shuga ainaldirip, ozinin barin aspettei almaitin kazak biligindegi ulttik kundiliktarga degen nemkuraililikka degen izamdi aitip otirmin.

  10. «Oitkeni munda kazakh madenietin torge ozdirmaudin turli kuturki adisteri koldalinip jatir»

    – Kim tarapynan? Biylik deitin shygarsyz. Birak…

    Halyk nege oz madenietinen kashady? Halyk nege oz toiyn durkiretip toilata almaidy? Halyk nege oz tilinde soilep, Teledidaryn oz tilinde sairata almaidy?

    Ar narsege suranys bar halyktan. Nauryzga, jane Tauelsizdik toilaryna da halyktan suranys, umtylys bolsa, onda biylik mumkin Nauryzga jane Tauelsizdikke 1 ai buryn daiyndalatyn shygar. Halyk jana jylga suryanysy jaksy, demek biylik te sony dayarlaidy. Halyk orys madenietin jaksy koredi, orys tilin suiedi. Demek biylik te sony daiyndap beretin shygar.

    Jeke oiym goi..

  11. Әрине, біздің қоғамда да осындай пікірлер өте жиі қозғалып жүр. Қоғам төменнен талап етуі керек. Сол кезде билік те қоғам талабына сай қимылдайды деген. Біріншіден, біздің қоғамды кешегі тоталитарлық заманның сарқыншағы әлі буып тұр. Демократияның төменнен талап ету мәселесіне келгенде тым баяу. Оның үстіне өткеннің үрейі әлі басылған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғам репрессиядан қорқады. Өйткені, қоғамды алға жылжытатын, ұлттық тұлға әлі жоқ. Біздегі оппозицияның әлі күнге декоративті сипат алып отырғаны да сол.
    Екіншіден, билік бір адамның қолына жиналған біздегі авторитарлық режим бәрібір басқан ізіңді аңдиды. Артық қадам жасауға жол бермейді. Бізде элементарлы пикет пен шерулерге шығудың өзіне рұқсат тым аз беріледі. Ендеше, қоғамның ұлттық ұйысуының алғышарттары жасалмай жатып, балаң елден өте үлкен дүниені талап ету де артық шығар.
    Үшіншіден, келісемін, біздің ұлттың еті өліп кеткен. Бізге бәрібір. Қытай боласың ба, шүршіт боласың ба, орыс боласың ба, екі қойым бір тиын деп отыра береді. Бәрінен де қорқыныштысы осы болар. Өз ұлтының тағдырына бейжайлық. Бұдан өткен қауіп жоқ дейді ғой.

  12. Bahitnurdin sozine kosilamin……Ymit kazirgi kezde ote AZ…….Jastar men Balalarga Ne Bolashak Elimizde..? Sana Oky….Oi Pikiri Az kazirgi Kogamda…….Oitkeni Kyndelikti Tirlik Bar Yakit bar Enseni alip – Oilanuga Mejbur Bermeidi……

  13. Cолай да шығар. Бірақ, кешегі тоталитарлық бұғаудан енді босаған, рухы санасы жанышталған ұлтқа бағыт бағдар сілтеп, тәрбиелеуші серкелер болмаушы ма еді. Өкінішке қарай, олар не билікте, не қоғамда аз боп тұр.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: