Posted by: yesengul | Қаңтар 22, 2009

Менің өмір баяным (жалғасы)

Алтын той

 

Құрметті оқырман! dsc01316

Көптен бері үзіліп қалған өмірбаянымды арықарай жалғастырудың сәті бүгін түскендей…

Өткен жазғы демалыс мен үшін мазмұн мен мағынаға толы болды. Соның ең маңыздысы ата-анамның алтын тойы еді. Той Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының Көкөзек ауылында өтті. Бүкіл туған-туыс жиналды. Талай бас қосуда дәл осылай кездеспеген екенбіз. Ең үлкен ағам марқұм Әмірханнан басқамыз алқалы тойдың басы-қасында болдық. Бүкіл жамағат, ең бастысы атам мен анам риза болды.

Тойдың ресми жиынынан кейін дастархан басында барлығымыз жиылып өз атымыздан сый-кәдемізді ұсындық. Ерекше бір сезім баурап алды. Онымыздан тараған үрім-бұтақ барлығы мәуедей салбырап, әкем мен тәтемді кезек-кезек құшақтайды. Осы бір сәт менің көңілімді қозғап жіберді, көзіме жас тығылып, өзіммен өзім еңіреп тұрып жылап алдым. Менің қуаныты көз жасымды ешкім түсінген жоқ. Саған не болды?» деп аң-таң болысты. Бірақ, не болғанын өзім де түсінбеймін. Тек бұл жылаудың қуаныштан, сезім толқынысынан екенін сезіп тұрдым.

1957 жылдың жаңбырлы жазы. Бұған дейін үйлі-баранды болып қойған әкем мен 17-ге жаңа толған бойжеткен анам туралы өсек бүкіл ауылды қаулап кетіпті. Ол өсектің шығуына себеп болғаны – бүкіл Баян-Өлгийге аты мәшһүр Шәмел (Қалқаұлы) ақынның: «Кәп, сенің мына әйелің қол болмайды. Ана ақын қыз Егеуханға үйлен» деген жалғыз ауыз сөзі екен. Бұл сөз ауылдан ауылға тарап, ең соңында әкемнің анасына жетіпті. Апам адуындау адам екен, сыбағасын қолына ұстатайын оның деп, ештеңеден бейхабар анамды жерден ап,  жерге салып тілдеген екен. Өмірі мұндай ауыр сөз естіп көрмеген анам сүмірейіп үйіне келсе, алдынан өз анасы екілене қарсы алыпты. Бүкіл дүние қуырылып, адал атына сөзбен күйе жаққандардың ызасына күйініп тұрғанда, үйіне әкесі келіпті. Анамның өңі тым қашып кеткен сынды: «Не болды, Елеу, өңің сынық қой» депті, қызына бір түрлі аянышты көз тастап. Сол кезде әбден қаһарына мініп отырған нағашы апам: «Бұны балам деме, «қыз» демей әлпештеп отырғанда, не есіткенін білесің бе?» деп ашуға басыпты.

Анам одан кейінгі сөзді есітпей, үйден атып шығады. Шығады да, бір қарекет етуге бекінеді. «Дүниеде ең сорақысы – адал жаныңа арзан жаланың жабылғаны екен» дейді анам. «Ең әуелгі ой – өлім болды. Мұндай сөзді естіп, әкем алдында қарабет болғанша өлейін деп шештім» дейді анам. Күн кешқұрым, қараңғылық қоюланып қалған. Бірақ, қарадан қарап неге өлуім керек…

Cөйтіп, 30 шақырым алыста мал қамымен жүрген әкемді іздеп тауыпты. Одан кейін шытырман оқиғалы хикая басталады. Қос ғашықтың қол ұстасып адам аяғы баспаған Цамбагарав асуынан жаяу асып кеткені бүкіл ауылдың аузында аңыз болып қалады.

Жайлауда жылқы қамымен жүрген әкемді тапқан анам құрдастары Ақиға ат және азық-түлік әкелуді тапсырады да, өздері үңгірдің астына еніп тығылып қалады. Таң ата ата-анамды іздеп жеткен қуғыншы топ жаңағы үңгірдің үстіне келіп, әңгіме-дүкен құрып, кеңесіпті. Астында жатқан қос мұңлық бәрін естіп-біліп жатады. «Олар Ақиды күтіп осы маңайда жүр. Ақиды ертіп келейік те, «мен азық әкелдім шығыңдар деп айғайлатайық». Сөйтіп, қолға түсірейік» депті әлгілер. Көп ұзамай Ақиды дедектетіп алып келіп, «құрған тұзақтарына» түсіруге әрекет еткенімен, одан ештеңе өнбейді. Ал, жаңағы үңгірдің тура аузынан жіңішке бұлақ ағады екен де, оған кірген ізді шайып кетеді екен. Бала күнінде мал баққан әкеме бұл жердің ойы мен қыры жақсы таныс. Сөйтіп, әкемді жас қыздың басын айналдырды деп айыптап, анамды семья бұзды деп кінәлаған коммунистер 4 топқа бөлініп,  қару асынып, көзге түссе атпаққа дейін бекініп, іздеуге аттанады. Ал, әкем олардың мүлдем білмейтін, өзіне ғана қанық асумен моңғолдар ішіне қарай жол бастап кетіпті. Кейін бұл асу «Кәптің дарасы» деген атаумен аталып кетеді.

– Бір күні, –  дейді әкем, – түнде талықсып келіп құладық. Не ас жоқ, не ат жоқ, халіміз құрыған. Өлген жеріміз осы екен деп ойладық. Таң ата шұғылалы сәулемен оянып, басымды көтерсем, осыдан есік пен төрдей жерде күн нұрына шағылысып жатқан бір керемет көзіме шалынды. Не екенін бағамдай алмай сәл отырдым. Қарасам көзім ұялады. Не де болса, жақындап көрейін деп, орнымнан тұрдым. Құдайдың сақтағанын қара, үй орнындай ордалы жылан, бірін-бірі орап, тәтті ұйқыға батқан. Егер, түнде қараңғыда байқамай бұл пәлекеттің үстінен тсүкен болсақ, тұқымымыз тұздай құрыр еді. Абырой болғанда, аман қаппыз. Ордалы жыланға қарап тұрып, бұны жақсы ырымға баладым. Қазір бүйтіп қыр асып, табанымыздан тозып жүргенімізбен, алда жарқын болашақ күтіп тұр екен, ордалы жыландай өсіп-өнеді екенбіз деп жорыдым.

Міне, содан бері 50 жыл қас пен көздің арасында зымырап өте шықты. Шынында, талайлы тағдыр бұйырған осы жолғы қиын-қыстау сапардың нәтижесінде біз өсіп-өндік. Мен әкемнің осы айтқандарын ойлап көзіме жас алған едім.

 

 

 

Advertisements

Responses

  1. Alla uzak omir jas bersin ata-ananyzga. Aman esen otirip, talai ret altyn toiyn toilatsyn.

  2. Өткендегі уәдеңіз бойынша *Алтын тойды* жазып шығыпсыз. Өте бір тебіреніспен оқыдым. Ата-анаңыздың ертедегі қос ғашықтардай қаншама қиын белес, асуларды жеңіп шығып отбасы құрғандарының өзі – үлкен ерлікпен пара-пар дүние екен. Мұхтар ақынша айтсақ, *…Кез келгенге тартылмайтын сыбаға…*. Құдай қолдап, маңдай жұлдыздары жарқыраған ата-анаңыз сол жүректегі мәңгілік махаббаттың арқасында осы алтын тойға жеткенінің өзі -өмірдегі ең үлкен орындалған арман, ұлы бақыт қой. Ол кісілерден өсіп-өнген ұрпақтары, яғни, сіздердің өз орталарыңыздың жарқыраған жұлдыздары болуларыңыз- ол да сол махаббаттың ыстық лебі шығар. Алла-тағалла сіздерге жолдарын берсін. Ата-анаңыздың өмір жасы ұзақ, әлі талай-талай қуаныштың куәсі болып, орталарыңызда аман-есен жүре берсін!

  3. Бақытнұр, рахмет, ниетіңе. Айтқаның келіп, аман-есен жүре берсін.

  4. Тоты, рахмет. Менің күнделігімді күнделікті қадағалап отырасың-ау, шамасы. Өзіңе де бақыт пен шаттық тілеймін.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: