Posted by: yesengul | Сәуір 26, 2009

Жай бір ойлар (жалғасы)

Наурыздың 10-ында Астанаға сапар шектім. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшысы Ералы Ералы Тоғжанов қазақ журналистерімен  кездесу өткізбек екен. Арнайы, аттай қалап шақырған соң, барып қайтуға жиналдым.

Жолдауға қолдау

Билетті эконом кластың пойызына, атап айтқанда №9 пойызға алдым да, асықпай кетуді жөн көрдім. Дәл осы кезде Сорос-Қазақстан қорының тренингіне қатысып жатқанмын. Жұмыстан телефон соқты. Баян екен. Бастықтың меніменн сөйлескісі келетіндігін айтты. Маған өте жылдам Астанаға жинал деген бұйрық берілді. Амал жоқ, тренингтің соңына қарай алмадым. Тізгін ұшымен, редакцияға тарттым. Астанада министрлікте шұғыл жиналыс өтпек екен. «Ақыры Астанаға жиналып жатсың ғой, сен қатыс» дейді маған. Билетті ауыстырып «Тальгоға» алуға тура келді. Біздің ғимараттың астында билет сататын кассадағы әйелге барып едім, «броньнан орын шығып қалар, билет болады» деді.  Сол сөзге сеніп қалдым, алайда билет болмады, ол кісі мені вокзалдан отырғызып жіберемін деп вокзалға шақырды. Реті келмеді. Соңғы мезетте Шәкеңе телефон соғып, мән-жайды айтып ем, самолетпен ұш деді. Сөйтіп, ертеңінде 12.30-да ұшатын ұшақпен Астанаға жол тарттым. «Абай» қонақ үйіне түстім. Асығыс-үсігіс министрлікке жиналдым. Алайда, жиналыс межеленген уақытынан 40 минут кешігіп басталды. Әрі 45 минуттың ішінде тәмамдалып қалды. Жиналысты Бағлан Майлыбаев жүргізді. Әрі басынан-аяқ орысша өтті. Тек «Егемен Қазақстан» мен «Қазақ газеттері» АҚ-ының президенттері ғана қазақша сөйледі. Сондағы бар айтылған әңгіме наурыздың 6-сындағы президенттің Жолдауына – қолдау көрсету туралы БАҚ басшыларына тапсырма болды. Сөйтіп, алматыдағы қызыл жінік болғанымыз ақталмады.

Ассамблея ма, ансамбль ме?

Ертесіне  сағат 11-де Ассамблеяның хатшысы Ералы Тоғжановпен кездесу үшін Президенттің Мәдениет dsc03713орталығына жол тарттым. Қасымда Жайна Сейітқажы бар. Кездесу ресми әңгіме емес, өзара пікір алмасу негізінде жүзеге асты. Ең әуелі бізден бұл әңгіме жайында газетке жазбауымызды өтінді. Екіншіден, кездесудің мақсаты түсіндірілді. Бұған дейін қазақ газеттерінің Қазақстан халқы ассамблеясының оң имиджісін қалыптастырмай келе жатқандығы, ассамблеяның кез-келген жұмысының сынға ұшырап жатқандығы сөз болды. Өз кезегінде Ералы мырза біздің газеттегі «Ассамблея кімнің сойылын соғады» атты менің мақаламдағы Чесноковтың Ассамблеяның екі орынбасарының бірі болғандығын, оның орыс шовинисі екендігі туралы айтқаныма тоқтала келе, оның бетін бері қаратқандығын сөз етті. Тек қана қазақтілді журналистер жиналған жиында Ассамблеяға, қала берді Қазақстан үкіметі жүргізіп отырған ұлттық саясатқа деген өкпеміздің қара қазандай екендігін жайып салдық. Ералы мырза Ассамблеяның ендігі ісі елдегі тұрғындарды қазақ мәдениетінің төңірегінде топтастырып, шовинистік пиғылдағы Чесноков сияқтылардың, қазақтың қотанына күнде кіріп, азаматын өлтіріп кетсе де, жазадан құтылып кететін ұйғыр ағайындардың бетін бері қаратқандығын айтты. Саясаткердің сөзіне сенгіңіз-ақ келеді. Алайда, қазақ журналистері «Ассамблея ассамблея болғалы қазақ мүддесі тұрғысынан мәлімдеме жасап, қазақ мәселесін сөз еткенін көрмепті. Ассамблеяның мақсаты – біріктіру емес, бөлшектеу» болып кетті деген наз айта отырып, осы бір институттың бізге қажеті қанша деп шегеледі.

 

«Абай» неге тұқыраяды

Мен тоқтаған «Абай» қонақүйінің жанында жарықтық Абай бабамызға арналған ескерткіш бар екен.dsc037421 Төмен қарап тұқырайып тұр. Бүгінгі қазақ қоғамының бет-бейнесін осы Абай бабамыздың жансыз мүсіні айтып тұрғандай. Абайды мұнша тұқырайту арқылы, бабамыздың тілі мен ділінің, рухы мен намысының әлі де табанға тапталып келе жатқандығын көрсеткіміз келгендей. Абай ескерткішінің аянышты халы мені осындай ойға жетеледі.

«Алты Алаш» дүңгіршегі

dsc037051Кешқұрым аядай бөлмеге сыймаған соң, Жайна екеуміз түнгі Астананы тамашалауға шықтық. Ол жергілікті адам, мен қонақпын. «Абай» қонақ үйіне жақын бір (атын ұмытып отырмын) базарға келдік. Базарға барар жолда «Алты Алаш» атты газет киоскісіне тап болдық. Алматыда жоқ бұл дүңгіршек менің назарымды аударды. Әдейі суретке басып алған едім.

 

 

Advertisements

Responses

  1. Саясаткердің сөзіне сенгіңіз-ақ келеді. – Сол Ассамблея мәселені шешеді дегенге илана алмаймын. Осы уақытқа дейін ол өзінің қолынан ештеңе келмейтінін көрсетті ғой. Десе де қазақтілді журналистерге оң қабақ танытыла бастағаны жақсылықтың нышаны болар.
    Астанадағы «Алты Алаш» дүңгіршекке күндіз барып бір байқап келу керек болар. Қазақтіліндегі басылымдар ол жерде қаншалықты сұранысқа ие екен?
    Астана пойызына отыру қазіргі жаз мезгілінде мұң болып кетті ғой. Әйтеуір аман-есен барып келгеніңіз жақсы болыпты.
    Ералы Тоғжановтың алдағы бір екі жылғы жұмыс жоспарлары қандай екен?

  2. Сәлем, Асхат. Блогымды окып, пікір қалдырғаныңа рахмет. Ералы Тоғжанов жақын арадағы ойларымен бөліскен жоқ. Тек, біз кереметпіз, Ассамблея қазақтың сөзін сөйлейтін болады дегенді ғана айтты.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: