Posted by: yesengul | Сәуір 26, 2009

Жай бір ойлар

Көп болды, күнделік жүргізе алмадым. Уақыт тапшы. Бәлкім менің оқырмандарым менің блогыма енгенді біржола тоқтатқан шығар. Дегенмен, осы уақыт аралығында қордаланып қалған ойларыммен бөліссем деймін.

ҚАЙРАН АЛТАЙ

Былтыр Құрбан айт кезінде жолым түсіп Өскеменге бардым. Өскемен – қазақтың шығыс қақпасы. Әсем Алтайдың баурайында орналасқан еліміздің көрікті мекендерінің бірі. Өскеменге бұдан бұрын екі рет жолым түскен еді. Екеуінде де транзиттік сапармен Моңғолияға сапар шегіп бара жатқанымда, үстінен өткенмін Қаланың ішіне еніп, аралау бақыты бұйырмаған. Бұл жолы «Ел шежіре» қоғамдық қорының арнайы тапсырмасымен барған едім. Демалыс күндеріне тап келгендіктен біраз уақыт аялдауыма тура келді. Қала маған тек әсемдігімен ғана емес, ауасының тазалығымен де ерекше ұнады.

«Ертіс» қонақ үйіне тоқтағанмын. Кейде кешкі самалмен түнгі Өскеменді жаяу аралап қайтамын. Маңдайымнан өпкен самал жел жанымды тербетеді. Туған жердің ауасымен тыныстап тұрғандай өзгеше күйде боламын. Абай көшесінің бойымен өрлеп келе жатып, кенді Алтай, Өр Алтай, Асқар Алтай, Моңғол Алтай жайында толғанасың. «Алтай, Алтай болғалы не көрмеген, Кімдер келіп бұл жерге кім кетпеген» деп толғанатын «Ағажай Алтай» әні есіме түседі. Көшпенді түріктердің атамекені, иісі түркіге ортақ Алтай өлкесі кімдердің көз құртына айналмады десеңізші. Кімдер сұғын қадамады. Іргесінде отырған орыс пен қытайдың Құдайы берді. Алтайды шамаларынша бөлшектеді. Түркінің Алтын бесігі (Алтай – көне түркі тілінде алтын дегенді білдіреді деген болжам бар) 4-ке бөлінді. Өр Алтай – Оспан бабамыздың 15 жыл аттан түспей, жан алып, жан берісіп, қорғамақ болған Алтайы қызыл көз Қытайға, алтай түркілерінің мекені – орысқа, Моңғол Алтай – геосаяси ойындардың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізген Моңғолияға, кенді Алтай – Алтай өлкесінің бір тұтамы ғана Қазаққа бұйырып еді. Былтыр жазда Моңғолияға сапар шеккен жолымда байқадым Шемонайха – Қазақстан шекарасы аяқталысымен орыстың иелігіндегі Алтай өлкесі dsc01793басталады. Жол бойы тұнып тұрған түркі атауларына кездесесіз. Бұл жолмен тұңғыш рет жүрген едім. Ресей орман қоры жағынан әлемде ең алдыңғы орындағы мемлекет. Сол орманның 70-80%-ы осы Алтайский крайда ма деген ой келді маған. Жол бойы сыңсыған орман, сылдыр қаққан күміс сулы өзендер. Бір қызығы, өзендердің бірі құлдай ағып жатса, екіншісі оған қарама-қарсы бағытта өрлей келіп қосылып жатады екен.

dsc017862Алтай өлкесі – бізді Моңғолияға дейін алып барады. Ал, жер атауларының барлығы тұмса түркі сөздерімен сақталып қалыпты. Біразын – белгілеуіме түртіп алған едім. Айталық,  Черга, Майма, Чекатаман (Чекатаман асуының табиғатын сөзбен суреттеу үшін аса ділмәр шешен, өткір тілді көсем,  ақын болу қажет шығар), Катынь (әлгі қазақ қаламгерлері жиі айтатын долы Қатын өзені), Ақтас, Мунны (бәлкім мұңлы болар),уландырык (мағынасын түсінбедім, алайда – сағалдырық, табалдырық секілді қазақ сөздерімен үндес), туярал (моңғолша – жарқырау деген мағынаны білдіреді), Чаганузун, кокория, куектанар, тытуген, Кызылташ, курай, чибит, бельгибаш, туюрген – әрбір атауда бір-бір тарихтың бой тасалап жатқаны анық. Сол жолда-ақ ұланғайыр түркі жұртының империялардың езгісінде қалғандығына көзіміз жеткен еді.

Міне, қолымыздағы алтынымыз кенді Алтайдың астанасында – түнгі Өскеменде аппақ қарды сықырлата басып жүріп толғанғаным осы болды. Бүгінде орысы басым, Солженицын мен Горбачевтің, Жириновскийдің орыстың мекені деп байбалам салатын Өскемені – ресми қазақтың мекені. Мен кездескен  қазақтың барлығы да қазақша сөйледі. Әрі сөз саптаулары да өзгеше, қазақылықтың иісі аңғарылып тұрды. Әйтеуір, менің туған жеріммен екі ортаны алып Алтай таулары ғана бөліп тұрғандықтан ба, жоқ ежелгі түркінің ежелгі мекені болғандықтан ба, әлде «шығыс» өңірінің түлегі болғандықтан ба, қалай дегенмен де Өскемен маған аса жылы әрі жақын көрінді.  Қазақтың құты, елдің қаймағы болған – Өскемен жайындағы ойларым осы еді.

Advertisements

Responses

  1. Тамаша,әсерлі жазба екен! Қай сапарда жүрсеңіз де,толымды ой түйіп жүретіндігіңізге разымын.

    • Рахмет, Тоты. Уақытымның тапшылығынан блогқа жиі өзгеріс жасай алмай, сен секілді тұрақты оқырманымнан айрылып қалудың шақ алдында жүрмін. Оқып жүргеніңе рахмет!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: