Posted by: yesengul | Мамыр 20, 2009

Торғынның жаңа сәлемі

Түркиядағы қазақ радиосы жайында бұған дейін блогыма жазған едім. Ондағы қазақ радиосының бүкіл-бүтін қан тамыры Торғын Сұлтанқызы тағы бір хабарын маған салып жіберген екен. Таныс болыңыздар.

Пері мұржаларында шармен саяхат

3f58c5c1-b7cf-4982-a114-31b5a55e8667-800x600Кападокияның шар саяхатына ықылас артуда. Posted 13.05.2009 09:05:42 UTC Updated 13.05.2009 11:58:34 UTC Кападокия аймағы жылдың барлық маусымында табиғи сұлулықтарды аспаннан тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл аймақ – Түркияның пері мұржаларымен танымал ең маңызды туристік жерлерінің бірі. Таң атқаннан басталатын шар саяхатымен туристтер аймақтың тарихи және туристік жердерін аспаннан тамашалайды. Кападокия тек пері мұржаларынан ғана тұрмайды. Бұдан ad8e528d-9b6f-4f5d-b26b-2a7bce0f9443бұрын Кападокия деген кезде еске тек пері мұржалары келетін еді. Алайда аймақ соңғы жылдары шар саяхаттарымен де танылды. Аймақта тек жаз айларында ғана емес, жылдың барлық маусымында шармен ұшуға болады. Кападокияның барлық маусымдағы сұлулықтары аспаннан көрінеді. Шарлар сайдың үстінен ұшады. Кейде 1500 метр биіктікке көтеріліп, теңдесі жоқ пері мұржалары тамашаланады. Кападокия -шармен ұшу үшін ең ыңғайлы жер Кападокия теңдесі жоқ сұлулығы, терең каньондары және шығымды сайларымен шар саяхаттары үшін ең ыңғайлы жер болып табылады. Шармен саяхаттың түрі өте көп. 460a2918-e746-43b6-863b-eec16ead50d4Стандарт саяхаттар (60-75 минут), ұзын саяхаттар (1,5 сағат) және VIP сапарлары (шамамен 1,5 сағат ) түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Кейбір саяхаттарда таңғы асыңызды шарда ұшып отырып жейсіз. VIP сапарларында болса туған күніңізді тойлап, тіпті әуеде неке қиюыңызға да болады. Аймақтың көруге тұрарлық көрінісі осы тәжірибені сіздерге ұсынады. Шармен ұшып бара жатып, бір жапырақтың дәл қасынан өтесіз немесе екі пері мұржасының арасынан самғайсыз. Өмірінде бір мәрте шармен саяхат жасауды жоспарлағандар үшін бұл үшін Кападокияны таңдаулары насихат етіледі. Кападокия – дүние жүзінің ең жақсы шармен ұшатын жерлерінің бірі. Кападокияны шармен ұшатын ең жақсы жер қылатын ерекшеліктері мыналар: жылдың 12 айы ұшуға болады, сонымен бірге пері мұржалары секілді табиғи сұлулықтары. Туристтер таңның атқанын көреді, сонымен бірге Үргүп, Гөреме, Ортахисар, Учхисар, Аванос және Невшехирді әуеден тамашалай алады. Тәжірибелі шар ұшқыштары пері мұржаларының қасынан өтіп bffbbc6d-5eff-467b-9bc6-36916a7ae5d4бара жатып, сізді тебірентеді. Шармен Кападокияны аспаннан көрген бір турист жылдың басқа маусымдарында да осында келгісі келеді. Шарлар қалай ұшады? Шар жер тартылысы күші және жылудың ауысуымен жұмыс істейді. Шардың ішіндегі ауа жылынған сайын шар көтеріледі. Ауа салқындаған сайын шар төмендейді. Шардың ұшуы үшін іші ыстық ауамен толтырылады.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: