Posted by: yesengul | Маусым 1, 2009

Үржарға барар жол

DSC04268Жақында жолымыз түсіп Үржар аттандық. Жол  мемлекеттің стратегиялық бағытын танытатын бірден бір көрсеткіш.

Ол сондай-ақ, экономикалық даму деңгейімізге де барометр бола алады. Бұл жағынан үздік елулікке, азиялық 20-лыққа енуден дәмелі Қазақстанның жолдарымен жүріп, басыңызды көп шайқайсыз. Қазақстанның DSC04265амбициясының өте жоғары екендігіне налисыз. Үржарға барар жолдың 80%-ы Алматы-Өскемен трасса арқылы өтеді. Бұл жол тек мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, халықаралық маңызы бар жол. Өйткені, осы трасса Қазақстанды Ресеймен қосады. Былтыр жазда Моңғолияға сапарымызда да осы жолмен сапар шеккен едік. Бұдан бұрынғы жазбаларымда да осы жолдың әлегі жайында жазған едім. Содан бері жылға жуық уақыт өтсе де,  ахуал сол қалпы. Ал, негізгі күре жолдан бізді Қытай DSC04262шекарасына алып баратын Таскескен – Бақты күре жолына түсесіз. Демек, бұл жол да стратегиялық маңызы жағынан халықаралық деген айдарға ие. Бірақ, осы жол жеңіл көлік иесін ит әуреге салып қояды. Әсіресе, Көкөзек пен Үржар аралығын айтыңыз. Ал, Көкөзектің ішкі жолын бардан гөрі жоққа балаған жөн шығар. Сөзімді дәлелдей түсу үшін бірнеше сурет қосуды жөн көріп отырмын.

Advertisements

Responses

  1. //Жол мемлекеттің стратегиялық бағытын танытатын бірден бір көрсеткіш.// дәл айттыңыз! Мемоекетті жолдарына қарап таныса, үйді әжетханасына қарап таниды екен.

    Шымкеттегі көшелер де осындай. Мүмкін, бұдан да жаман болар. Соған көңіл бөлетін, жауапты адмдардың ай қарап отырғаны қынжылтады. 😦

    • Иә, өкініштісі сол, Қазақстан жолдарының шамамен алғанда, 80%-ы іске алғысыз. оны айтасыз ірі мегаполис алматының өзінің жолдары қырық жамау. Бұл тұрғыдан алғанда біз үшінші әлемге мықтап орныққан Египеттен де көш кейін қалдық.

  2. esengul salemetsing be, magan bir habarlasshy, shlaars@yahoo.com
    ulaan baatar dan sairaan agang

  3. Иә,Есенгүл апай,өте дұрыс айтқансыз. Шығыс аймағының жолдарына көңіл бөлінбегелі қайда… қай елдімекенге барсаңыз да, ойлы-шұңқырлы жолдар зықыңды шығарады… көптің көкейінде жүрген мәселелер,бірақ,сіз айтқандай, былтыр да ,биыл да… ертең де… солай…

    • Иә, Тоты. Алматының өз ішінде жүріп-ақ жолдарымыз қиралаңдығына ішің удай ашиды. Шығыс жолдары туралы «Tүркістанға» жаздым қарарсың. http://www.turkystan.kz

  4. Есенгүл апай, сіздің материалдарынызді үнемі оқып турамын, творчествалык табыс тілеймін сізгі! Сіз Уржардансіз ба?

    • Сәлем, Майра. Кешірім өтінемін, кешігіп жауап қатқаным үшін. Иә, менің әке-шешем Үржарда тұрады. Өзім Алматыдамын.

  5. Ешнәрсе етпейды, жауап бергенізге рахмет. Сіз әте қарапайымсіз бе?Сіздің әке-шешеңіз ақын кісілер емес пе. Тағыда бір айтыскер бауырыныз бар ғой. Ол да Алматыда турады ма?

    • Сәлем, менің қарапайымдылығым туралы өзгелерден сұрап білерсіз. Өзім жайлы пікір айту оңай емес. Бауырым – Дәулеткерей Астанада тұрады. Ата-анам ақын.

  6. Дұрыс айтасіз, адам өз-өзіне баға бералмайтын шығар. Кешірім өтінем, сіз тұрмыстасіз бе? Өзіңіз туралы көп білгім келеді, егер рұхсат болса? Ал ақын ата-анадан Дәулеткерей сияқты ұлдар туылатын шығар. Ол кісінін де жары ақын шығар?

    • Салем, Майрагүл. Маған және менің отбасыма қызығушылық танытқаның үшін рахмет. Егер, блогтың бас жағын оқысаңыз онда менің жолдасым және балам туралы да ақпараттар берілген. Асықпай менің блогымды шолып шығуға кеңес берер едім.

  7. Есенгүл апай, қалайсыз? Көптенбері инетернеткке қолым жетпей жүрді. Сізбен тағыда жүздесіп отырмын. Сізден бір нәрсе сұрауға асықтым шынымды айтсам. Бір күні ауылға кетіп бара жатқанымда, купеде бір қызбен таныстым. Танысып отырып ақындар туралы сөз туды. Кімді ұнатасын дегенде, мен бірден сізді айттым. Ол қыз естуім бар, онын інісін жақсы танимын деді. Қып-қызыл жүргіш деп шыға келді. Бізге сабақ берген, әр қайсымызға көз салып жүретін, жүргіш әр қашанда жүргіш боп қалады деп қыздар шулайтын деді. Оның қатыны коп деп тоқтамады, ал мен болса үндемей отыра бердім. Ол рас па, жоқ әлде сандырақ па?

  8. heyy ia ot Pany daite elektronni adres )))


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: