Posted by: yesengul | Шілде 9, 2009

Кешенді тестілеу

Білім мәселелерін көбірек талқыға салып, бірталай мақаланың көрігін қыздырған едім кезінде. Сол үшін 2004 жылы Білім және ғылым министрі болған Жақсыбек Құлекеевтің арнайы «Алғыс» хатымен марапатталғанмын да.

Бәлкім содан кейін, жұрттар маған қоңырау шалып, ҰБТ жайын жиі сұрап жатады. Бұл жолы биылғы жылғы кешенді тестілеуің қашан болатындығын бірнеше адам сұрады. Ешқандай ақпарат білмейді екенмін. Сол білім проблемасын жиі көтеріп жүрген 2004 жылдары шілденің 20-25-і аралығында кешенді тестілеудің өткізілгені есімде.

Ал, биыл ешқайдан кешенді тестілеу туралы ақпаратты кездестірсемші. Интернетті ақтарып 2 сағат отырдым. Жүйкем жұқарды. Әжептәуір беделді адамға біліп беругеге уәде беріп едім. Уәде – құдай сөзі. Бірақ, таппай сарсаңға түсіп отырған жайым бар.

КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Білім саласына түбегейлі реформа енгізілген 2004 жылдан бастап, жоғары оқу орнына тапсыратын білім сынағы екіге бөлінді. Біріншісі – бірыңғай ұлттық тестілеу. Бұл қазақ, орыс тілдерінде мектепті жаңа бітірген, әлі аттестат алып үлгермеген түлектерге арналған. Олар бұл сынақтан бас тартуына да болады. Аттестатқа қойылатын үлгерімін мемлекеттік емтихан тапсыру арқылы қойғызып, қолына аттестаты тигеннен кейін, екінші потокпен кешенді тестілеуге қатысуға құқылы. Сондай-ақ, елдегі ұлт мектептері саналатын – ұйғыр, өзбек, тәжік, т.б. тілдегі мектеп оқушылары да ҰБТ-дан босатылған. Олар да қазақ және орыс тілдерінің бірінде кешенді тестілеуге қатысуына мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, былтырғы жылғыдан қалып қойған, өткен жылы оқуға түсе алмаған, армиядан келген, колледж бітіргендер де «базарға барып бағын сынағысы» келсе, осы кешенді тестіге үміт артады. Кешенді тестінің ҰБТ-дан айырмашылығы осы ғана. Былайынша, оның өткізілу барысы, әдісі бірдей. Тек интернеттегі кейбір ақпараттарға қарағанда кешенді тестілеуде талапкер 5 пәннен емес, 4 пәннен ғана емтихан тапсыра алады. Бұл жолы талапкерлердің қазақ тілі мен орыс тілін білу дәрежесін айқындаудың қажеттілігі жоқ. Кешенді тестілеу – ұлттық бірыңғай тестілеуден бір ай кейін жүргізіледі. Бұған дейін ЖОО-да шығармашылық емтихандары өткізіліп қоймақ. Талапкер кешенді тестіге қатысудан бұры шығармашылық сынақтарынан өтіп алады.

Ал енді маңызы ҰБТ-дан кем емес, кешенді естілеу туралы ақпараттың жоқ болғандығы мені таң қалдырып отыр. Тіпті, теледидарда да бұл туралы ақпарат айтылып жатқан жоқ.  Қызық. Сонда Үкімет, дәлірегі Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ға ғана маңыз беріп, кешенді тестілеуден сырт айналғаны ма?

Advertisements

Responses

  1. Дұрыс айтасыз,Есенгүл апай,жалпы, осы ҰБТ енгізілгеннен бері кешенді тестілеу туралы маңызды ешқандай ақпарат,қозғалған мәселелерді естіген емеспін. Жаппай ел ҰБТ деп шуласады да,ал кешенді тестілеу сіз айтқандай сыртта қала беретін сияқты ғой.

    • Иа. Бізде науқандық шараларға мән беру ғана бар. Ал жалпы ұлттық мәселелер тасада қала береді.
      Рахмет, Тоты.

  2. Себебі, кешенді тестілеуге қатысатындардың саны аз.

    • Әрине, аз. Бірақ, мұнда да біраз адамның тағдыры шешіледі ғой. Осы жағы ескерілмей ме?

      • Ол тест ҰБТға қарағанда тіпті маңызды деп есептемеймін. Себебі, ол тесті тапсыратындардың барлығы бірдей болашағынан үміттенетіндер дей алмаймын. Көбісі жәй тест тапсыру үшін келеді. Дайындық дегеннен жұрдай. Оны кешенді тест тапсырғанымда өз көзіммен көрдім.
        Екі тест екі түрлі. Екіншісі сырттан келгендер үшін маңыздырақ.

      • Меніңше, маңызы ҰБТ-дан кем емес секілді. Кім білсін. Біз сырттай бақылаушылармыз ғой. Ансар, өзің осы кещенді тестілеуге қатысу арқылы оқуға түсе алдың ба? Мәселе осы да.

  3. салеметсиздер ме? Мен колледж студентімін! Біз КТА деп дайындалып жатырмыз, ол ақпан айында болады делінді. КТА мен КТ айырмашылығы бар ма? Немесе екеуі бір нәрсе ме?


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: