Posted by: yesengul | Шілде 25, 2009

Көлсай көлдері

Қазақстанның жақұты  – Көлсай көлдері жайлы көп естідім.  Алайда, оның Алматыдан тым ұзақ қиырда жатқанын және ит арқасы қиянға бару үшін азап жол шегетінін білмеппін.

«Түркістан» газетінің кезекті саны шыққаннан кейін, бір апта үзіліс жариялайтын болдық. Осы сәтті пайдаланып, жақсы бір демалыс ұйымдастыруды жөн санадық. Инициативаның авторлары – Ғалымжан Мелдеш пен Дидахмет Әшімханұлы. Бұл кісілер жол және басқа да шығындарды мойнымен көтеріп алмақ болды.

Дүйсенбі күні түстен кейін менің қалта телефоныма Гүлзина телефон шалып, ақылдасуға жиналып жатқандығын айтты. Мен «бүгін тым кеш болып кетті. Ертең ерте жолға жиналуға болатын шығар» дедім. Бірақ, дүйсенбі күні кешке қайта қоңырау шалған Гүлзина 22-шілде, сәрсенбі күні таң қылаң бере жолға шығатынымызды және менің машинаммен баратынымызды айтты. Машинаны жаңа жүргізіп жүрген менің көмегіме жүгінгендері мен үшін тосын болып қалғаны рас. Ғалымжан ағаға қайта қоңырау шалып, мен алыс жолға шыға алмайтындығымды айтып едім, Ғалекең қасыма шофер қосып беремін деді. Сөйтіп, аяқ асты жолға жиналып кеттік.

Сейсенбі күні редакцияға соғып, «Ұлан» газетінің бас редакторы Есей Жеңісұлынан Көлсайға барар жол туралы сұрап білдім. Ол жолдың 300 шақырымға созылатындығын және 100 шақырымдай жолдың жолсыз екендігін айтты. Мен өзгелердің бұл жолдан неге бас тартып, маған сілтей салғанын түсінгендей болдым. Білгенім – біздің бухгалтер Гүлсімнің де машинасын осы жолға сайлап жүргені.

DSC05178Сонымен қош 22-шілде күні ертелетіп редакцияның алдына келдім. Біраз адам жиналып қапты. Гүлсім, Дидағаң және Ғалымжан машинасымен кепті. Бірақ, Ғалекең мен Дидағаңның машинасын редакция алдында қалдырып, Гүлсім екеуміздің машинамызбен – Дидахмет аға, Ғалымжан аға, Жаңабек, Жақсыбек, Гүлсім, Динара, Гүлзина және мен 8 адам жолға шықтық. «Біздің машинамыздың асты биік, джип болғандықтан таңдадық» деген уәж айтты өзгелер.

КӨКПЕКТІҢ ҚАҚПАСЫ

Шелекке дейінгі жол маған таныс. Қасыма мені алмастырады деген Жақсыбек отырды. артында Ғалекең мен DSC05187Жаңабек ағай. Оны мұны айтып сайрап жатқан асфальтпен ызғытып келеміз. Жолда Көкпектің қақпасы деген жерде аялдама жасап, аяқ суыттық. Күн өте жайлы, қоңыр салқын леп бар. Ал, табиға тамылжып тұрған ерекше өлке екен. Көкпектің қақпасы дегеніміз шағын шатқал көрінді. Екі таудың арасын ашып, жол салғандай. Көп ұзамай бұл жол бітеді де, мидай жазық дала басталады. Сайрап жатқан жол. Енді бір-екі сағат та Көлсайға да барып қалармыз дейді. Жол бастаушылар.

Біраз жүргеннен кейін алдымызда бір аялдамада кішкентай қыз қол көтеріп тұр екен. Алдымда кетіп бара жатқан Гүлсім әлгілерге бұрылып тұрып тоқтады. Біз кішкентай қызды отырғыза кетуді жөн көрген шығар деп жорам алдап одан оза бердік.

МАШИНА ЖОЛДА ҚАЛДЫ

DSC05179Алдымыздан Аласа атты асу кездесті. Аласасында аласа екен, алайда, иір-қиыры мол, шатқал көрінді. Мен сияқты су жаңа шофер үшін бұның бәрі оңай емес. Әзірге тізгінді Жақсыбекке бермей сүйекке қарысып келемін. Мақсатым – жолсызға шыққаннан кейін, оның шеберлігін сынау. Бірақ, ол мақсатыма жете алмадым. Алматыдан 190 шақырымды көрсеткен кезде, артымыздан бір машина қуып жетіп, жаналасалай келді де, «машиналарыңыз бұзылып қалды» дегенді айтып өте шықты. Басында түсінбей аңтарылып қалдым. Бірақ, біздің соңымыздағы Гүлсімдерге бірдеңе болғанын сездім. Сөйтіп, кері айналдық. Гүлсім 5 шақырымдай жерде қалған екен. Моторы  атылып, майы ағып кетіпті. Барлығымыздың үнжырғамыз түсіп кетті. Ал, Гүлсімнің сыртқа білдірмегені болмаса, жылауға шақ тұрғаны түсінікті. Ары ақылдасып, бері ақылдасып, эвакуатор шақыруды жөн санадық. Абырой болғанда, айдаладағы мидай сары далада билаинның ұстап тұрғаны. Соның арқасында эвакуатор шақырып, бағасына келісіп те үлгердік. Сөйтіп, Көкпектің қақпасының желкесіне Гүлсім мен Жақсыбекті қалдырып, өзіміз ары зуладық. Мені алмастыратын шофер қалмады.

КӨЛСАЙҒА ЖЕТКЕНШЕ, КҮЛ ТАЛҚАНЫҢ ШЫҒАДЫ

DSC05184Қазақстан өзінің маңызды экономикалық саласының бірі ретінде – туризм кластерін дамыту туралы жиі сөз етеді. Бірақ, оны дамытудың алғышарттарын қолға ала алмай отыр. Соның бірі – Көлсайға барар жол. Есейдің айтқаны шын екен, Райымбек ауданы атты бағаннан өткеннен кейін көп ұзамайсың, оңға бұрылып, ми батпағы шығып жатқан жолсызға түсіп қиралаңдайсың. Тура – 100 шақырым солай. Алдыда үлкен және кіші Жалаңаш ауылы бар екен. Жалаңаш ауылының ішінің жолы сайрап жатыр, ауылдан шыға қайта жолсызға түсесің. Жолдағы Қарабұлақ және Саты ауылдарының да жолы теп-тегіс, шыға бере асфальт үзіледі. 1,5 емес, 3 сағат жол жүріп Көлсайға әзер жеттік. Бірақ, құр сүлдерімізді сүйретіп, әзер барғанымызды қайтейін 2 сағат қана аялдап кері қайттық. Көз байланбай жолсызды артқа тастауымыз қажет.

DSC05205Табиғаттың өз жаратқан кереметі – Көлсайдың екі таудың ортасын қосып жатқан ерекше көл екендігін көріп қайран қаласыз. Суы мөп-мөлдір, астындағы қиыршық татар көзіңізге ұрып тұр. Сұп-суық, тау өзеніндей. Қолдан жасаған қойма дерсің. Қапшағайды Іленің суын бөгеп, қолдан теңіз еттік. Ал мынау табиғаттың өзінің сыйы ғана. Ал, сол Көлсайдан ағып шығып жатқан өзеннің атын біле алмадық. Тұнба табиғаттың тұнықтығын сақтап тұрғандығына қайан қаласың. Көлсайға келер жолдың қиаралаң болғанына қуанасың, Егер, Көлсайға келудің оңай жолын жасап қойған болса, өзінен кейінгіні ойламайтын бүгінгінің қорқаулары осы біро інжу маржанның да күл-паршасын шығарып, лайлап үлгерер ме еді? Көлсайдың түу бастағы әдемілігі мен тұнықтығын сақтап тұрғандығының сыры – оған адам аяғының сирек қатынауы болса керек. DSC05207DSC05202

Advertisements

Responses

  1. Түһ, күшті жерді көріп келген екенсіздер. Көлігіңіз де алыс сапарға шығып сәтті сыналған екен. Көлсайда сонда арнайы ешбір демалыс үйлері, тіпті болмаса тоқтайтын кигіз үй де жоқ па екен?

    • Иә, Асхат Көлсай жердің сарасы екен. Тек туризм кластерін дамыта алмай отырғандығымыздың салдарынан барымызбен мақтана алмайды екенбіз.

  2. Қазақстанда жүрген кезде осы жерге баруды қалап жүруші едім. Қазір одан да қатты қалаймын.

    • Қазір қайдасың, Аңсар.

  3. Мен сол Көлсайданмын (Сатыда туып-өстім) Есенгул апай. Сонда туып-өссем де сол жолдың нашарлығынан барғым келмей, әрең барам. Айта-айта ауыз талды. Былтыр Президентке хат та жаздым. Облыстық Жетісу газетіне жауабы шығып, биыл жасалады деген. Жақында естігенім ауданның әкімі Көлсайдың жолына бөлінген қаржы Қызылағашқа көмекке берілді, биыл да жасалмайды депті.

    • Түу, қандай әдемі жерде туғансың. Бірақ, елдің ертеңін ойлмайтын жандар сол жердің де зықысын шығарған көрінеді.

  4. Cаламатсыздар ! мен де көрікті Көлсайдың тумасымын, бірақ мен Азанбековтың пікіріне қарсымын. Көлсайдың жолына қаражат әлі бөлінген жоқ, тек қана жобасы жасалған. Қызылағашқа аудан қорынан ақша бөлінді.

    • Нурик бауырым.Мен сол жолдың жыртысын жыртып жер әлемге хат жазып жүргеннің бірімін. Былтырғы Елбасымен тікелей эфирде аудан тұрғындарының атынан Елбасына хат жолдап, облыстық Жетісу газетіне жауабы шықты. Онда қаржы бөлінеді деген.Өкінішке орай биыл бөлінбеді.Биыл көктемде маған аудан тұрғындары хабарласып, Көлсайдың жолы мәселесін көтеріп едің. Жауабы шығып еді. Сол не болды. Аудан әкімі сұраған елге биыл жасалмайды, Қызылағашқа бөлінді депті, осының ақ-қарасын анықтап, аяғына жеткізсең деген өтініш айтты. Жоғарыдағы хатымда осыны жазған едім. Жақында Қызылағашқа барған сапарымызда облыс әкімі Серік Үмбетов мырзаның өзіне осы мәселені айттым. Окінішке орай ол да биыл қаржы бөлінбегенін, қаржының келер жылы бөлініп қалуы мүмкін екендігін айтты. 9 миллиардтай ақша қажет деді, сол бөлінсе жөндеу жұмыстары қолға алынады деді. Қызылағашқа көмектің ол жолға қатысы жоқ, аудан қорынан бөлінгенін айтты.Мен оған келісемін. Тұрғындардың айтқаны расталмаған ақпарат болуы да мүмкін. Мәселе қаржының қызылағашқа бөлінген, бөлінбегенінде емес. Бөлінсе де мақұл. Ауыр жағдайға тап болған ағайынға қалай көмек көрсетсек те жалғасады.Мен үшін, аудан тұрғындары үшін жол жасалса болды. Туризм дамып, аудан мен халықтың әл-ауқаты көтерілсе болды. Менің де сенің пікіріңе қарсымын. Үмбетов ешқандай жобаның жоқтығын, қаржы бөлінсе болды, тек жөндеу жасалатынын айтты.Бұл жерде жоба бар деп өтірік айтпай-ақ қой. Ербол

  5. Нурик erbol_press@mail.ru хабарласшы.Екеумиз де корикти колсайдың тумасы екенбіз, бір-біріміздің пікірімізге қарсы болмай, сол жолдың жасалуына бірігіп үн қосып, ықпал жасайық. Сөйтіп перзенттік парызымызды өтейік. Әйтпесе сол жолдың сонау 90-шы жылдардан бері жатқанын білесің. Біз айтпасақ, жазбасақ әлі 50 жыл жата береді ол жол. Жыламаған балаға … жоқ екенін білесің.

  6. әй, Нурик сен де бір аузымен орақ орғанның бірі сияқтысың. Хабарласпадың. Ал мен Колсайдың көркі қашан кіреді, Президент тапсырмасы неге орындалмайды деген 2 мақала жазып қойдым, жақында жарық көреді. Аудан әкімінен осы мәселе бойынша сұхбат алуға дайындалып отырмын. Сосын өз бетімше Көлсайды туризм орталығына айналдыру жобасын, сосын жеке PR жоба жасадым. Жазсам, айтсам әйтеуір сол жол мен өңі кірмей жатқан Көлсайға назар аударылар деген үмітпен. Мен де Көлсайдың тумасымен деп шіренесің. Тумасы болсаң туғаныңды көрсетпейсің ба?

  7. Көлсайдың жолына келесі жылы қаржы бөлінетін болды!!!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: