Posted by: yesengul | Тамыз 17, 2009

«Қара жорға» биі

«Қара жорға» биін Қазақстанға ең алғаш германиялық қазақ Арыстан Шәдетұлы таныстырды деп ойлаймын. Қазақстанға келіп орналасқан 20 жыл ішінде ол кісі талай концерттерге қатысып, талай іс-шараларда қазақтың осы бір төл биін насихаттап жүрді. Ол үшін «Қара жорға» атты күй қоятын.

Соңғы жылдары осы «Қара жорға» қазақ тойының сәніне айнады. Ал, қытайлық қандастарымыз аттарын білмеймін бірі сөзін, бірі әнін жазып «Қара жорға» атты өлең жазып, өмірге әкелді. Тойдың бәрінде «Қара жорға» осы әнмен биленетін боп жүр.

Ал, Арыстан аға Шәдетұлының ұлы мен қызы Қажымұқан мен Айтжан бұл бидің шебері болып алды. Биді қоюшы өз әкелері – Арыстан Шәдет ұлы.

Осы апта аяғындағы тойда осы екі өреннің биін видикке түсіріп алып едім. Бірінші рет блогыма видео қосқалы отырмын. Назар аударыңыздар:

Advertisements

Responses

  1. jazewengezde tusinbedim .

  2. Bul biydi jane bul biyding kuyin Arestan aha dunyege akelgen jok , bul kazakteng halek biyi , Arestan ahamez bolsen Ketaylek kandas kazaktaremez bolsen bari de kazakteng bul halek biyin jalhasterep kayta janghertep jurgender , bularha mengda – meng rahemet …….

  3. Видеосы көрінбейді 😦

  4. Қоя алмай қойдым. көмегің қажет

  5. Әуелі youtube.com деген порталға кіріп, сол жерге жүктеп қойсаңыз, әрі қарай блогқа қою да оңай болмақ.

  6. Буын биіне жатады екен. Қателеспесем, »Серпер» деген топ та осындай биді билеуші еді.

    • Иә, олар соңғы кездері билеп жүр. Мен өз басым ең алғаш Арыстан ағаның билегенін көрдім.

  7. Осы би бойынша қытайлық қандастар рекорд жасапты ғой.

    • Тоты, Аңсар, әр уақыт блогыма қонақ болып, үнемі ой-пікірлеріңді қосып жүргендерің үшін рахмет. Ал, мен жиі жазба жаза алмайтындығым үшін сіздерден кешірім өтінемін.

  8. Соңғы уақытта жастар да үйреніп жүргенін көрдім. Жақсы -ақ…

  9. Есенгүл! Амансың ба?
    Сен жайында Ұлан-Батырда шығатын энциклопедияға деректер сұратып жатыр. Кандидаттықты қандай тақырыпта қорғадың т.с.с. Сол деректерді тезарада Zulkaphil@yahoo.com адресі бойынша жібергін! Бақытбек досыма сәлем айтқайсың!

  10. Ия менде Арыстан аганын биін теледидардан көргенмін. Бірақ Қытайдағы қазақ бауырларымыз кунделікті тұрмыста жиі қолданады деп еш ойламаппын. Оны Қытайға барған да көзім жетті. Жане Қара жорғадан басқа тағы Айжарық деген әдемі биі де бар екен. Ол жаққа барып уятқа қалдым, билерінді көрсетіндер дегенде.Сендер уйгырлар мен өзбектер сияқты билейсіндер деп кулді. Осы билеріміз біздің елдің тойларында да жиі қолданса қатып кетер еді. Бұл билерде ерекшелік толып жатыр!

  11. Ия менде Арыстан аганын биін теледидардан көргенмін. Бірақ Қытайдағы қазақ бауырларымыз кунделікті тұрмыста жиі қолданады деп еш ойламаппын. Оны Қытайға барған да көзім жетті. Жане Қара жорғадан басқа тағы Айжарық деген әдемі биі де бар екен. Ол жаққа барып уятқа қалдым, билерінді көрсетіндер дегенде.Сендер уйгырлар мен өзбектер сияқты билейсіндер деп кулді. Осы билеріміз біздің елдің тойларында да жиі қолданса қатып кетер еді.

  12. Жақсы дамып келе жатқанына тәубә дейміз. Бірақ, бір өкінішті жайт, «Қара жорға» деп кім көрінген қырық қиқымнан құралған, ербеңдеген, қорбаңдаған әрекеттерімен бидің құтын қашырып болды. Тіпті, біздің қазіргі билеп жүрегн би музкасы да дұрыс емес. «Қара жорға» мүлде бөлек. Оны соңғы кездері атақты цирк өнерінің шебері Жәмәли Диханұлының жетекшілігімен құрылған «Қара жорға» тобы жан-жақты қолға алып жұмыстар істеп жатыр. Құдай қаласа Республика сарайында концерт беріп қалар. Нағыз «Қара жорға» биінің қандай болатыны сол кезде көрінеді деп ойлаймын. Жәкең тағы ақысыз би үйрету курстарын ашып жүр.

  13. қара жорға биін қазақстанға алғаш билеп көрсеткен расында Арыстан қажы ағамыз,Арыстан қажы ол биді жеті жасында сол сіздің ата мекеніңіз көктоғай мен шіңгілде жүргенде үйренген ғой!

    • Иә, мен ол кісіден осы жайында сұхбат алғанда айтқан еді.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: