Posted by: yesengul | Мамыр 29, 2010

Семинар тренинг

Сонымен, екі ай күткен семинар-тренингіміз де мәресіне келіп жетті-ау. Осы семинар тренингті ойлап кейде ұйқысыз түндерді де өткізген едім.  Біздің бұл семинар несімен ерекше?

Меніңше, қазақ тілінде мұндай семинарлардың тым сирек өтетіндігінде. Біздің арнайы таратқан сауалнамамызға жазылған пікірлерге қарағанда, бізге кеклгендердің басым көпшілігі бұған дейін қазақтілді семинар-тренингке қатыспағандығын жазыпты. Айтпақшы, қай семинар туралы айтып отыр деп қайран қалып отырған шығарсыз. Бұл Алматыда 28-29 мамырда өткен, дәлірек айтқанда өтіп жатқан «Мінбер» журналистерді қолдау ортарлығының ұйымдастыруымен «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу » атты семинар-тренинг.

Біздің бұл семинарымызды – Сорос Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының астанадағы өкілдігі қолдады. Қазақстан менеджент және басқару институты (КИМЭП) тегін интернетке қосылған 24 компьютері бар аудиторияларды ұсынды.  Семинарға өңірлерден 20, Алматы қаласынан 10-ға жуық адам қатысты. қатысушылардың ынтасын көбірек аударған мәселе – құқықтық мәселелер мен интернетте жұмыс істеу, жаңа медиа технологияларын пайдалана білу мәселелері болды.

Семинарға ынталылық танытып, екі күн бойы бар пейілдерімен қатысқан қатысушыларға, әрбір спикерге және интернет технологияларын екі күнде қатысушылардың миына құйып берген Асхатқа рахмет.


Responses

  1. Сізге үлкен рахмет, әпкесі! Көзімізді қайта ашқандай болдық. Менің блогымдағы «Бағындым, сәбет өкіметі…» деген шимайды оқып шықсаңыз, менің осы кезге дейін блог жайлы не түйгенімді білер едіңіз

    • Сендерге де рахмет, екі күн бойы бар ынты-шынтыларыңызды бергендеріңіз үшін.

  2. Көп рахмет! шыныменен де мағыналы қызықты семинар болды

  3. Иә, мен үшін де өте пайдалы семинар болды! Ұйымдастырушылар алқасына мың алғыс!

  4. Ұйқысыз түндеріңіз еш кетпеген екен.

  5. Жұмыс арасында уақытымды бөліп семинарға барған сәтті ерекше бағалаймын. Балабақшада отырған сәбидей сезіндім, өте тамаша.

  6. Алғаным көп, сол алғандарымды үнемі есіме түсіріп, кейінгі күндердің керегіне жаратамын деген сенімдемін.

  7. Иа, бұл расында бір қызықты сауат ашу болды. Жаңа медианың не екенін түсінбей жүрген кездерімді есіме алып, бір ж… алдым… Қалжың ғой! Рахмет сіздерге.

  8. Мә, мұнда мен ғана Есенгүл апай мен Асхатқа алғыс айтпағам екем ғой… Шынында да, адамның білетінінен білмейтіні көп екенін мойындау керек… Осы семинар арқылы көзіміз ашылған сияқты. Сіздерге көп рахмет! Игі бастама әрі қарай жалғасын тапсын…

  9. Мә, мұнда мен ғана Есенгүл апай мен Асхатқа алғыс айтпаған екем ғой… Шынында да, адамның білетінінен білмейтіні көп екенін мойындау керек… Осы семинар арқылы көзіміз ашылған сияқты. Сіздерге көп рахмет! Игі бастама әрі қарай жалғасын тапсын…


Пікір қалдыру

Санаттар