Posted by: yesengul | Маусым 9, 2010

«Айқын» үй алып берді ме?

Біздің журналистикада солидарность немесе бірін-бірі қолпаштап, қуаттап кетуден гөрі, жеке батыр болу, өзін дара ғып көрсету – әлі күнге дейін белең алып келеді. Белең алғаны былай тұрсын, бұл үрдіс тым өршіп бара жатқандай.

Осыдан үш ай бұрын Алматыда төртем дүниеге келді. Бүкіл ақпарат құралдары осы бір айтулы жаңалықты жарыса жазды. Мәз-мәйрам болып, сүйінші сұрасты. Әрине, олардың ішінде алғашқылардың бірі болып «Айқын» газеті де жүрді. Көрсетілген сілтемеде олардың осы жайлы мақаласы бар. Содан көп өтпей «Түркістан» газетінің «Қоныс» қосымшасына «Төрт сәбиді төбемізге көтерсек болмай ма?»  деген тақырыппен менің мақалам басылды.

Кейін сәбилерді ауруханадан үйге шығарған кезінде «Азаттық» радиосының сайтында «Ата-анасы жатақханада тұратын төртемге қандай көмек берерін әлеуметтік орындар білмейді» атты мақалам шықты. Бір күннен кейін «Айқын» газетінде «Төртемге төрт бөлмелі үй неге берілмеді?» атты мақала жарияланды. Тек қана «Айқын», «Түркістан», «Азаттық» сайттары ғана емес, бұл тақырыпқа барлық ақпарат құралдары үн қосты. «Хабар», «Алматы», «Астана», «Қазақстан» телеарналарында репортаж беріліп, «Время» газетінде де мақала жарық көрді. Біз «Азаттық» радиосына жарияланған мақаланы «Мінбер» сайтына «Төртем жатақханада тұрады» деген атпен жарияладық. Кейін, «Түркістанның» «Қоныс» қосымшасында осы атпен, алайда өзгеше мәтінде макала жарияланды.

Жақында журналистердің жарыса жазғанының арқасында 4 егіз 3 бөлмелі пәтерге ие болды. Ал, «Айқын» газеті «Айқын» төртемге үш бөлмелі пәтер алып берді» деп жазды. Мұндайда езуіңе күлкі үйірілгеннен басқа ештеңе дей алмайды екенсің. Құрметті оқырман, ендігісін өзіңіз салмақтаңыз.

Advertisements

Responses

  1. Тірідей үйітіпсіз! Расында, осындай жолдар арқылы казетке пиар жасаймыз дей ме екен, кім білсін..

  2. «Айқын» газетінің ұстанатын бағытының (саясатының) қандай екеніне қарап отырып, «Ее, Айықын ба?» деп, қоя салуға тура келіп тұр.

    Оқырман ретінде таза «тартысқа» шығарлық газет деп бағалай алмаймын.

  3. Амансыз ба, Есенгул! Тура осындай жагдай менин де басымнан откен. Мал корада турып жаткан ушемдер туралы алгаш м?селе котерип, оган озгелер де ун коскан. Ен сонында п?тер берилгенде бар атакка «Айгак» телеарнасы мен газети ие болып шыга келди.
    Бирак, оны, биз, журналистер еш саудага салмаймыз гой. Керисинше, содан рахат табамыз.

    • Рахмет, Гүлжамал. Менің блогыма енгеніңе қарағанда, өзің де блог бастаған боларсың, осындай мәселелерді блогыңа қойып отыруыңа болады.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: