Posted by: yesengul | Маусым 30, 2010

Журналистер күнін қалай өткіздік?

Журналистердің кәсіби күнін «Табаганда» өткізуді жоспарладық. Жұма күнгі басқосуда оған баруға ниет білдіргендердің саны біршама еді. Жексенбі күні редакцияда бес қыздың ғана басы қосылды.

Сөйтіп, Гүлзина екеуміздің машинамызбен бесеуміз Табаганға тартып отырдық. Табаган Талғарға бара жатқан жолда Бесағаштан өтер өтпесте,  Тұздыбастауға (Калинин) жетер жетпесте қолдың оң жағында 11 шақырым қашықтықта орналасқан, жердің сарасы деуге болады. Бұрынғы атауы «Тау бағы» (негізінен «Горный садовод»). Мен өзімше қазақшалап отырмын ғой. Қазіргі иелерінің қойған аты – Табаган. Оны неге негіздеп қойғанын кім білсін. Бірақ, маған бұл атау тым түрпідей естіледі. Қазақта «Таба» сөзі жақсы мағынада қолданылмайды. Біреуді «табалау», «табасына қалу» деген етістіктер қазақ сөзінің мәйегін білетіндерге жақсы таныс шығар. Ал «Табаган» сөзін естігенде «табалан» дегендей әсер алады екенсің. Қалай дегенмен де, бұл атауды қазақ тілінің мәнін білмейтіндер қойып отыр-ау шамасы.

Табаганга түс әлетінде жеттік. Жетісімен тау жолымен көкке өрлеп, биікке бірақ шырқадық. Ауасын-ай, шіркін. Ерекше жерге иелік еткен екен кім болса да.

«Табагандағы» бұғы Гүлзинадан бірдеңе дәметкендей.

Тау ауасымен тыныстағанға не жетсін

Гүлзина қолына шөгір кіргізіп алды, Ақниет көмекке келді.

Арулар журналының обложкасына арналған фото. Түсірген мен

Динара қатты ой үстінде

Эльмираға демалыс қатты ұнады

Бұл мен ғой

Advertisements

Responses

  1. Фото-репортаж жақсы шығыпты! 🙂

  2. Ой, қызығып кеттім ғой….

  3. Суреттеріңізден-ақ тамаша демалыс болғанын көруге болады. Бір уақыт қаланың қапырық ауасына тығыла бермей,тысқары шығып, серпілген де дұрыс екен.

  4. Асхат, Өркен, Тоты, назарларыңа рахмет. Бұл біз түсірген суреттердің бір парасы ғана. Табаганнан шығып Беснайза деген жайлауға барып, алтыбақан тепкен едік. Ондағы суреттер тіптен тамаша. Тек ол жердегі киіз үйле ұнамады. Қойшы-қолаңның қосымша жаппасы секілді еді…

  5. Ой, апай Сіз тіпті, спорт комментаторларынан асып түсіпсіз ғой. Шіркін, табиғатының сұлуын айтсаңызшы… Мынадай ыстық күндері тағы да «Табаганга» тартып кетсек, е!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: