Posted by: yesengul | Қазан 5, 2010

“Мінбердің” екінші семинары

Міне, біз Талдықорғандамыз. Біз бұл сапарды жазға жоспарлаған едік.

Алматыда 28-29 мамырда КИМЭП-те өткен «Қазақтілді БАҚ тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» атты екі күндік семинар тренингімізден кейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінде қоғаммен байланыс менеджері болып қзымет істейтін Мұхтар Сеңгірбай дәл осы жобамен өңірлердің бірінде семинар тренинг өткізуді сұрады. Сөйтіп, АҚШ елшілігі талаптары бойынша жоба дайындауымызды өтінді. Әрі келесі семинарді қай өңірде өткізетіндігімізді таңдау қажет болды.

Айтылған ұсыныс-пікрілерді ескере отырып Талдықорған аймағын жөн деп таптық. Өйткені, біздің Алматыда өткен семинарға қатысқан Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры Бейсен Құранбек мырза қатты мүдделілік танытқан еді.

Бейсен Құранбектің мақсаты Талдықорған аймағындағы журналистердің жаңа медиа жайындағы түсініктерін кеңейтіп, жаңа медиа мүмкіндіктерін өздерінің кәсібіне қолдану, сөйтіп қазақ журналистикасының интернетте дамуына мүмкіндік жасау.

Дәл осы игі мақсатты мұрат тұтқан Бейсен Құрнабектің мақсаты біздікімен тоқайласа кетті. Сөйтіп, 4-5 қазан күндері Талдықорғанда «Аймақтық журналистика және жаңа медиа» тақырыбында семинар өткізілетін болды.

Қазір семинар-тренингке Талдықорған қаласынан және алыс-жақын аудандардан 12 журналист қатысуда. Дәл қазір тренеріміз Әлия Сембай әлеуметтік желілерді қалай дұрыс пайдалануға болатындығы жайлы презентация жасауда. Семинардың аяқталуына 1,30 сағат қалды. 

Advertisements

Responses

  1. Иә,естіп,қуанып жатырмыз! Мінбер мінберден түспесін!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: