Posted by: yesengul | Қазан 11, 2010

Өткен күннен бір белгі

Қағаздарымның арасынан 1 курс жылғы блокнотымды тауып алдым. Қызыл. алғашқы бетінде «18.ІҮ.91. К. Есенгүл. ҚазМУ. Филфак, 102 гр» деген жазу бар. Осыдан тура 19 жыл бұрынғы.

Екінші бетінде «Ақұштап апаға хат» атты өлеңсымағым бар екен:

Төзбес жүрек от сезім жанған болса,

Айға жету сәулелі арман болса.

Қайтер едің, жан апа, өміріңді

«Жаным» деген жігіттер ойрандаса» бары осы. Бұл бәлкім ақын  Ақұштап Бақтыгерееваның

«Жаным деген жігіттен түңілмеңдер,

Өзі сүю қыздардың соры ғана» деген өлеңінен кейін туындаса керек. Күні кешегідей есімде.

Сосын тағы да ілікке алар данышпандық ойлар жазылыпты. Әрине, кімдікі екенін түрте кетпеппін,  өкінішті.

***

Данышпан адам қарапайым келеді. Оны қанша мақтасаң да, мақтауға елірмейді. Ал, мақтаншақ адамдарда мақтауға тұрарлық дәнеңе болмайды. Ол тек даңғой ғана.

***

Өзімшіл жазушы халық даналығын өз сөзім деп пайдаланады.

***

Қыз – мақта,

Ұл – балта (Ғ-ның сөзі). Ғалия ғой. 5 жыл бірге оқығанбыз.

***

Саған бір адамды қалай таныстырса, солай ойда боласың (не даттап, не мақтап). Бірақ, әркім өз ойын айтады. Ол адамды өзің көрмейінше, өзгенің айтқанына сенбе. Өзің көріп бағалап, өз қорытындыңды бер. (Досым А-ның айтқандары). Алтынгүл ғой. Мектептен бірге оқыдық, үш жыл.  Алматыда 5 жыл бірге жүрдік. Қазір де байланысымыз үзілген жоқ.

***

Бақаның бағынан,

Сұңқардың соры артық.

***

Өмірдің бәрі сәттіліктерден ғана тұрмайды,

Сәтсіздіктердің бәрін бақытсыздық деуге болмайды. (Бұл енді менің сөзім).

***

Қыңыр 3 адамннан, түзу бір адам артық. (Білмеймін. Алтынгүл айтқан шығар)

***

Қол сермесем бе екен,

Жұлдызға айға аласұрып.

Ешкімге ырық бермес

Асау қылықтарымменен.

Өспейді ме екен жапан далада

дара шыбық,

Үзе алмас оны ешкім құныққаныменен. (Мен жазғам).

***

Тұтанғалы тұрған шамшырақ,

Тұтана алмай қоймайды,

Кіреукелер болмаса.

Сарғайып біткен жапырақ,

Сағағын үбей қоймайды,

Тамыры терең болмаса.

Көк жүзіне бұлт қонса,

Жауын жаумай қоймайды.

Күшті дауыл соқпаса.

Шөбі шүйгін жұрт болса,

Қоныстанбай ел қоймайды. (Қайдан жазып алғаным есіме түспей отыр. Тағы түртпеппін).

***

Алатаудың шыңдарына,

Қарай-қарай көз талды.

Жылдарымның мұңдары ма?

Жүректе күз басталды.

Арманымның ардағы ма,

Аялаймын аспанды,

Жасын тағдыр алдады ма?

Құшақтаймын жас талды.

 

көктің жүзін дүбірлеткен

Қарсы аламын құстарды.

жақсы өмірдің сыры жеткен

Ұмытпаймын ақ таңды.

Зарықтырар күні неткен

Күтем бақыт ақ таңды (Бұл сол кезде «Жас Алаш» газетіне жарияланған менің өлеңім болатын).

 

 

***

Advertisements

Responses

  1. Студенттік кездер шынымен де өз алдына бір «мөлдір әлем»! Осының бәрін сақтап жүргеніңіз жақсы болған екен. 🙂

    • Иә, осының өзіне қуандым. Бірінші курсқа ойша саяхаттап қайттым. Рахмет, пікіріңе.

  2. Иә,бірінші курс, ең алғашқы көзқарас, ең бірінші сезім…бітпес жұлдыз армандар..бәрі де сол кезде… Сақтай беріңіз,кейін тағы бір оқырсыз,тауып алған сәтте…

    • иа, үлкен байлық осы екен. Өткеніңді сараптауға да бір қажеті болатын сияқты. Рахмет, Тоты.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: