Posted by: yesengul | Қазан 20, 2010

Балалық шаққа саяхат

Кеше, яғни 19 қазанда Алматыәуежайынан Шымкентке ұшуға жиналдық. Уәделескендей Beeline кеңсесінің алдына сағат кешкі бесте Бақыт алып келді. Есік алдында Анар менАсхат күтіп тұр екен. Әуежайға тез жеттік. Есесіне ұшу уақытын күтіп бір сағаттан астам уақыт күту залында отырып қалдық. Skat әуе компаниясының әуе кемесі сонау бір жылдардағы кеңестік АН-24 ұшағы екен. Бұл ұшақ менің бала кезімді көз алдыма елестетіп өтті. Ертеректе 5-ші класты оқып жүргенде болар, нақ есімде жоқ, я күз, я көктем. Есімде қалғаны күн жылы болатын. Көктем секілді елестеп отыр. Үзіліс кезінде бізді мектеп алдындағы алаңқайға жинап алған мектеп әкімшілігі әлдебір шенеунікпен таныстырып, оның жағымды жаңалық жеткізетіндігін айтты. Аймақ орталығы Өлгийден келген  әлгі адам ауылымызға келесі айдан бастап самолет қонатындығын айтты. Бәріміз шу ете түстік, қуанғандық бәлкім.

– Ендеше, оның  қонуы сендерге байланысты. Қазір осы қатарларыңды бұзбай самолет қонатын алаңды тазалауға көмектесіңдер, – деді ол. Бәріміз жөңкіліп, шамасы 5 шақырымдай жерге жаяу тарттық. Біздің үйдің артындағы «Бияхан қызыл» атанған қырат. Бияхан сол жерді қыстайтын адам. Қызыл – таудың түсі. Айдалада жалғыз үй қызыл таудың бөктерінде ауылдық әкімшіліктің  шөбін күзетіп, жеке-дара отырушы еді. Самолет қонатын алаң  сол қыстаудың тура алды болды.

Бөркімізді аспанға атып, жаяулай Бияхан қызылды бетке алып келе жатып, әлдебір тасқа сүрініп, етпетімнен түстім. Бетім оңбай сүрілді. Бірақ, оған қарап жүрген мен жоқ, әлгіжердің  тасын терісуден қалмай, жанұшырып барам. Басында біз бұл ақпаратқа сене қоймап едік. Ұзамай біздің шағын ауылға 8 кісілік, жергілікті жұрт «Шегіртке» атап кеткен дарылдақ АН-2 маркалы самолет ұшып келе бастады. Бұл біз үшін үлкен жаңалық еді. Өлгиі мен біздің Баяннур ауылы арасына 45 минут ұшады. Төрт сағат бойы қара жолда селкілдеп, итің шығып жеткеннен, 45 минут құлағының  бітіп, басыңның  айналғаны артық еді. Әрі бұған мінудің өзі біз ұшін абырой. Өлгийде оқып жүрген 3 жылда осы «Шегірткеге» талай отырдым.

Оған дейін Аймақ орталығы Өлгийден Моңғолия астанасы Уланбатырға АН-24 ұшағы қатынап тұратын. Ұшақтың маркасын да білмейтінбіз. «Ақ самолет» деуші едік. Біздің көлдің  үстінен ұшып өтетін. Өте жақын ұшатын. Аптасына екі рет ұшатын бұл самолет бізге жыл құсындай ыстық болушы еді. Самолеттің  дарылдаған үнін естісімен, шу етіп сыртқа атылатынбыз. Ол кезде біз үшін бұдан үлкен лайнер жоқтайсезілетін. Алып құс секілді. әлгі ертегілерде айтылатынсамұрық.

Кейін мектепті бітіріп, Алматыға сапар шегудің мүмкіндігі туғанда, Уланбатырға осы «Ақ самолетпен» ұштық.  Үш сағат бойы дарылдақ үн құлағымызды бітеп, басымызды айналдырып тастады. Оның үстіне жоғарылап, төмендеуі өте күрт жасалатындықтан, жүрегім төмен қарай суырылып кеткендей болып тұратын.  Ал, Мәскеуден Алматыға ТУ-154 ұшағымен қатынадық сол жолы. ТУ-154 ол Кеңес одағының  ең  ірі ұшағы болатын.  1995 жылыАлматыдан Ұланбатырға Боинг-727 кемесімен қатынадым. Қазір бүгінгі заманғыкомфортабельді ұшақтардың біразына отырдым. Демек, мен бала күнімнен күні бүгінге дейін әуе кемелерінің  біраз маркасына отырып көрдім. Ал, Шымкентке бет алған АН-24 ұшағысонау бір балғын күнімді көз алдыма елесетіп өтті. Қайран балалық, бәрібір саған ештеңе жетпейді ғой.

Advertisements

Responses

  1. Мынау жазбаныз маган оте оте унады.Суйкимди,жылы кабылданады екен.Шынында балалык шакка саяхат жасагандай куйде болдым.Каламынызга канат битсин!

    • Рахмет, пікіріңізге.

  2. Иә, қайын апкешка, балалық шақ деген өмірдің ең бір тәтті кезі ғой. Сіз сол саяхатқа бізді де ертіп барғандай болдыңыз. Шымкенте барғанда дарылдақ самолетке отырғаныңыз қызық болыпты…Бірақ, оған отырмағанда мынадай әдемі жазба тумас па еді…

    • Рахмет, Динюша, Төлеген Айбергенов айтады ғой:
      Қауышар болсам, сол сәтпен,
      Бәрін де саған айтар ем,
      Жалғыз-ақ тамшы моншақпен, – деп, сол секілді балалық шақ есіме түссе, көзімнің алды көлегейлене қалады.

  3. Иә,Есенгүл апайдың жазбасын оқып, сонааау балалық шағыма мен де барып қайтқандай болдым. Күзді күні егістікті дәрілеуге келетін самолет,вертолеттерді көрсек…»самолет,самолет, мені өзіңмен ала кет…» деп басталатын тақпақты бүкіл ауланың балалары даланы басына көтере айтушы едік… ол ұшақ бізді есту-естімеуі бізге бәрібір еді…

    • Сәлем, Тоты, блогыңды көріп жүрмін. Қуаныштымын. Сенен хабар болмай кетіп еді. Рахмет.

  4. Есенгүл! Сенің блогынды тауып алып, рахатқа батып отырмын. Блогыңның ғұмыры ұзақ болып, оқырмандарыңды қуанта бер. Сенің ойың өз ойыммен дөп түсіп жатқан соң мен де жауап жазып отырмын. АН-2 деген ұшақ жайсыз болса да, жылдам еді ғой, марқұм. Оның қызығын мен оқуға түсе алмай жүргенде көрдім.Бірінші жылы жарайды, түсе алмадық оқуға. Енді келесі жылы оқудан «құлағанда» дайындық курсына ілігу үшін тез ауылға барып, құжат әкелу керек болғанда, Алматыдан таңертең шығып, кешке осы ұшақтың арқасында соонау қазақстанның бір түкпіріндегі ауылда отырар едік.Сөйтіп, таңертең шығып, кешке келіп, ертеңіне ауылдан шығып, кешке Алматыға барған замандар болған.Солай ауылға келіп жүргенде, самолет ауылдан алыстау жерге түсіретін де кездері болатын. Әкеме еркелігім соншалық, ұшқышқа айт, келесі жолы мені үйдің қасынан түсірсін деппін ғой.Сол еркелік, сол балалық бәрі ауылда қалды. Есейдік өстік. қазір өзің айтпақшы транспорттың кез келген түріне мінетін болдық. Бірақ сол АН-2 балалықтың бір белгісіндей, ауыл мен Алматының арасына көзді ашып-жұмғанша жеткізетін ғажап көлік болып ойда қалды.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: