Posted by: yesengul | Қазан 20, 2010

Minber: Кезекті семинарлар

Соңғы кезде қатты қарбалас жүрмін. Талдықорғаннан оралғаннан кейін Соғыс және бейбітшілік репортаждары институтының (IWPR ) Алматыдағы өкілдігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы өкілдігі қолдаған «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернеттің дамуына ықпалы» атты семинарға дайындық басталды.

Арасында «Түркістанға», «Азаттыққа»  мақала беру керек. Осыкүндері түсінген бір нәрсем – ең қиын мәселе ұйымдастыру мәселесі екен. Бәрінен бұрын қуантқаны  Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің шақыруымызды қабыл алып, осы семинарға арнайы келіп қатысып, өз пікірін білідіріп, шараның басынан аяғына дейін отыруы. Депутат жаңа медиа жайында мұндай ақпараттардан хабарсыз екендігін айта отырып, жаңа медиа туралы Асхаттың зерттеулерін Үкіметке, Парламентке таныстыруды сұрады.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Е. Бөкетов атындағы университетінің аға оқытушысы Мейрамхан Жәпек Орталық Қазақстандағы медиа рынок жайындағы зерттеуін ортаға салды. Сөйтіп, семинарымыз маңызды, мазмұнды өткенге ұқсайды. Тек түске дейін 20-дан асқан журналистердің түстен кейін бәрінің жұмысы болып қайтып кетті. Сол қынжылтты. Екі телеарна тілшілері (Алматы арнасы мен «31 канал» телеарнасы) келеміз деп уәде бергенімен, келе алмады.

Ертесінде бізді Шымкент сапары күтіп тұр еді.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: