Қазанның 19-21 күндері Шымкентте болған едік. «Мінбердің» кезекті семинар-тренингін өткізу мақсатында.
Ұшақтан түскенде, күн әжептәуір салқын тұрды. Машинаға отырғанша, дірдектеп тоңып кеттік. Жаңбыр жауып тұр екен. Екі күн бойына күн қатты суық болды. Кемінде 10 градус жылы болған шығар. Одан аспайды.
Семинар-тренинг түске дейін өткіздік те, түстен кейін қайтуға дайындалдық. Біздің пойыздың уақыты кешкі 7 сағатта болғандықтан, бөлмемде демалып жатқан едім. 31-каналдан жаңалықтарды көрсетіп жатты. Кенет Шымкентте Бозқараған гүлдеп ауа температурасы 25-30 градусқа дейін ысып кеткендігі жайында ақпарат берілді. Журналистің есімін тоқтатып алған секілді едім. Қазір ұмытып отырмын. Әрі синоптиктердің болжауынша күн райының бұл температурасы әлі 45 күн сақталады деді журналист. Сондай-ақ, бұл алдағы қыстың қатал болатындығынан хабар беретіндігі айтылды. Сонымен қатар, ауа райының бұл құбылысы 1936 жылдан кейін ғана қайталанып тұр екен. Не ақпарат кеш берілді, не тілші жаңсақ хабар таратты. Әйтеуір бұл мәселе мен үшін түсініксіз болды. Кейін дәл осындай ақпарат «Азаттық» радиосының веб-сайтында да «Шымкентте қазан айының ортасында жұпаргүл гүлдеді» атты тақырыппен берілген екен. Бірақ, онда қазір Шымкенттегі ауа райы 25-30 градус ыстық әрі бұл температура 45 күн сақталады деген ақпарат жоқ. Обьективтілік деген осы. Айтпақшы 31-канал телеарнасының сайтын ашып әлгі ақпаратты іздеген едім. Таптым. Мына сілтеме арқылы кірулеріңізге болады. Екі ақпаратты салысытырп, көзіқарақты оқырман, өзі бағасын берер деген үміттемін.
маған ұшақ жайлы айтқан әңгімеңіз ұнады. қызық екен; әлі Одақтан қалған АН-24 ұшағы ұшып жүр, дегеніңізге…….. қаупсіз бе? қалай?
By: каймана казак баласы on Қазан 30, 2010
at 9:50 тд
Рахмет, айтып отырмын ғой, жоғары төмен құлдилағандай жүрегің суырылып кете жаздайды екен. Ал, дырылдағанда, құлағым тарс бітіп қалды.
By: yesengul on Қазан 30, 2010
at 1:42 тк
Есенгүл апай, қалайсыз? «Скаттың» ұшақтарын білеміз ғой, АҚШ-та 160 шақырымдық жерге кішкентай ғана ұшақпен ұштық. Бар болғаны төрт адам тіркелді. Бірақ, ол АН-24 сияқты қанаты түсіп қала жаздап селкілдемейді екен, өте жайлы ұшады. Мен бұрын мәселе ұшақтың көлемінде ме деп ойлаушы едім, сөйтсем, жасалуында екен ғой.
Айтпақты, тренингтеріңіз сәтті өтіпті, құтты болсын!
By: Мұхтар Сеңгірбай on Қараша 3, 2010
at 9:18 тк
Cәлем, Мұхтар, рахмет.
Жақында 7-ші телеарнадан бір сюжет көрдім. Экс-мәжілісмен Серік Әбдрахманов сөйлеп тұр. Қазақстан әр қайсысы 45 миллион долларға әуе қорғаныс күштеріне АҚШ-тың 50 жыл ұсталған 6 ұшағын сатып алыпты. Ал, жаңа ұшақтар 30 миллион доллар тұрады екен. Недеген көзсіздік деші. Сол өзің айтқан шағын ұшақтарды сатып алу мүмкіндігі Қазақстанда жеткілікті ғой.
Иә, тренинг сәтті өтті, рахмет.
By: yesengul on Қараша 4, 2010
at 5:52 тд