Posted by: yesengul | Қараша 4, 2010

Ақтанайдың айтқаны

Кеше Алматыда күні бойы жаңбыр жауды. Біз Ақтанай екеуміз қонаққа бардық. Қайтарда жаңбыр одан сайын еселене түсіпті. Түн іші. Біз машинамен Райымбек даңғылымен келе жатырмыз. Алдыңғы терезені қос таяқ (дворник) дамылсыз сүртуде. Осы құбылысты байқап отырған Ақтанай:

– Мама, ана жаңбыр тамшылары шабуылын тоқтатар емес, бізді алдымызды көрмесін деп қатты-қатты соғып жатыр. Ал, ана екі таяқ соларға қарсы шыққан батыр, иә. Тамшылармен күресіп жатқан, қайсысы жеңер екен? – деді. Баламның қисынды ойлары мені де сүйсіндіріп жіберді:

– Иә, балам әзірге қос таяқ берісер емес, түбі біз жеңетін шығармыз, – деп едім:

– Шаршаған соң тамшылар да шабуылын тоқтатар, – дейді жайбырақат.

Advertisements

Responses

  1. Ойлау жүйесі кең екен. 🙂 Тфу-тфу )))

    • Рахмет, Ақзере.

  2. Машалла! Енді осы Ақтанайға бір қарындас, іні керек болып жүр-ау…

    • Рахмет, Жұлдыз! Ойластырып жүрміз. Бәрі бір Алланың қолында.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: