Posted by: yesengul | Қараша 25, 2010

Күтпеген сыйлық

Адам өмірінде талай күтпеген тосын оқиғалар бола бедерді ғой. Сондай жайт – Астанаға барған сапарымда менің басымнан да өтті. Астанаға екі түрлі мақсатпен жол тартқан едім.

Біріншісі – медиа бағытында жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдардың альянсы құрылып, соның үйлестіру кеңесіне қатысу мақсатымен, өйткені, Мінбер осы альянсқа мүше болып енген. Екіншісі – Қазақстан халқы ассамблеясы бір жиын өткізетін болып, оған мені аттай қалап шақырыпты. Екеуінің уақыты да бір кезге сәйкес келеді. Алғашқы күні МАК тың (біздің алянстың қысқарған атауы) жиынына қатысып келесі күні Ассамблеяның жиыны өтедеі деген Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне тарттым. Жиын 11-ге жақын басталды. Басталғаннан-ақ, журналистердің этно журналистикадағы рөлі және этнос аралық қатынастарды реттеудегі қызметтеріне алғыс айтылып, журналистерді көбірек мақтау басталды. Сол кезде менің жаныма Шархан Қазығұлов аға келіп, қолымды алып:

– Сен қазір қазақ журналистерінің атынан сөз сөйле, – деді.

– Не үшін? – деймін түсінбей.

– Саған қазір сыйлық беріледі

-Неғылған сыйлық?

-Грантқа ие болдың.

– Не үшін?

– Ойбай-ау, енді не үшін дерің бар ма, атың бар,. атағың бар журналиссің, еңбегің еленіп жатыр да, тәуба де, бірақ қазақ журналистерінің атынан бір ауыз лебіз білдірсең. Саған сенім артып отырмыз, – деді. Абдырап қалдым, не сөйлерімді де білмеймін. Ешқандай дайындығым жоқ. Сол екі ортада Қазақстан халқы Ассамблеясының жауапты хатшысы Нәзипа апай да келіп, маған сөз сөйлеуіңіз керек деп шегеледі. Бірақ, сөйлеп жарытпадым, ойларым әрі шашыраңқы болды, әрі дауысымда діріл білініп тұр еді. Керісінше, 150 мың теңгеге сертификат алдым.

Advertisements

Responses

  1. Оз созинмен айтканда кутпеген сыйлык алуынмен шын журектен куттыктаймын! Осындай куаныш сыйлайтын сыйлыктар коп болсын!

    • Рахмет, менің жолдасыммен аттас екенсіз. Басында, Бақыт жазып отыр ма деп таң қалдым. Тек электронды адресіңіз басқа болған соң ғана, ажыраттым.

  2. О-о мынауыңыз жуатын жаңалық екен ғой. Сол кезде Асқар Ақтілеу айтқан, бірақ жөнді ұға алмағам. Енді қанығым отырмын ақпарға. Есенгүл әпке,шын жүректен менің құттықтауымды қабыл алыңыз! Мұндай тосын сыйлықтарыңыз, марапаттарыңыз көбеймесе, кемімесін! Бізге сіздердің жолды берсін, иншалла!

    • Иә, Өркен, жавғымды жаңалық болды. Рахмет, өзіңнің де өркенің өсе берсін. Газеттерің күшті шығып жатыр деп естідім. Көре алмай жүрмін. Веб-адресс болса жіберші.

  3. Еңбегіңнің елеңгені де жақсы ғой,Есенгүл апай! Құтты болсын! Табыстан табысқа жете беріңіз!

    • Рахмет, Тоты. Өзіңде де жақсылықтар көп болсын.

  4. Есенгүл әпке, еңбегіңіз жемісті болсын. Қуаныштымын. Әрине, бұл сыйлық Сіз алатын жүлделердің басы да соңы да емес, бірақ әр сйылықтың орны бөлек болса керек. Біз Сіздердің жазған-сызғандарыңызды оқып, қызығып өскен інілеріңіз боламыз ғой. Басыңыз аман, бауырыңыз бүтін болсын! Шын жүректен құттықтаймын!

  5. Esengul apke ,kutty bolsin oljaniz.ar kashan joliniz bolsin!alayda sylik beredi degende kazahkstan halik assamblyasin maktap koymagan shgarsiz.ol bir ata zanga kayshi hukiktardan ygiliktenip otrgan zansiz uyim goy….
    desede sizdi kuttiktaymin!
    bauriniz Serik

  6. Әпшетай, күтпеген сый деп қабылдапсыз, бірақ ол сіздің ел, ұлт, жер тақырыбында тер төгіп жазған мақаларыңызбен, еткен еңбгіңіздің жемісі! ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Шығармашылық шыңға жете беріңіз, сансыз сәттілік тілеймін!!!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: