Posted by: yesengul | Қаңтар 9, 2011

Қоян жылында қояндай көбейейік, ағайын!

Туған ай – туралған ет! Қызық теңеу, алайда келіспеске шараң жоқ. Қазақ менталитетімен ұштасып жатқан ұғым. Қазақ еместер бұл метафораны түсінбеуі де мүмкін. Ал, бізге өте жақын теңеу.

Иә, жылжып жыл,  көшіп күн де өтіп жатыр. Жаңа 2011 жылдың алғашқы он күнін де тарих қойнауына жібердік. Қызық Қытай жылнамашылары Ақ қоян мен бірге бұл жылды Сары мысық жылы деп те атайды екен. Ертеде Будда жыл бөлгенде Қоян мен Мысық қатар келіпті-мыс. Содан кейін 4-ші жылды екеуіне теңдей үлестірілген екен дейді. Қалай дегенмен, Түркі тектес халықтарда мысық жылы деген ұғым жоқ. 22 наурыздан бастап Ақ қоян жылы кіреді. Барыспен қоштасу сәті әлі туа қойған жоқ. Дабырлап-дұбырлап жаңа жылды да өткіздік.

Менің бір танысым:

– Менің балаларым жаңа жылды тойламайды, – деді. Ақтанайды сұрап еді, “Аяз ата шақырыңдар деп жүр” деген жауабыма орай, – олар үш жыл болды 22-наурызда Қызыр атаны күтеді. Содан сыйлық дәметеді, – дейді.

Былтыр Ақтанайлардың балабақшасында апайларына Наурызда Қызыр ата шақырып, бата беріп, сыйлық үлестіру жайлы идея тастаған едім. Апайлары ұсынысымызды жерге тастамады. Қазір баламның санасында Аяз ата мен қатар Қызыр ата да ұялап келеді. Шығыстың көптеген елдері Жаңа жылды күнтізбе ауысатын күн ретінде ғана қабылдайды, ұлан асыр той жасамайды. Ал, өздерінің жыл санаулары бойынша, жаңа жылдарын ерекше атап өтеді.  Мысалы, көп ұзамай Шығыс жыл санауы бойынша, Қытайдың жаңа жылы – Шағаны енеді. Олар бұл мерекені 30 күн тойлайды. Моңғолияда да Цагаан сарға ерекше мән берілген. Ақтанай:

– Мама, Қызыр Ата оянды ма? – деп сұрады.

– Жоқ, балам, енді бір аптадан кейін оянып, Қытайдан сапарын бастайды. Әуелі Қытай, Жапония, Корея, Моңғолияны аралап бір ай жүреді, сосын, Наурызда бізге келеді, одан әрі Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Әзірбайжан, Татарстан, Түркияны аралап,   Иранға жетеді, – дедім.

– Оның сыйлығы Аяз атаның сыйлығынан да мол ма? – деп сұрады.

– Әрине.

– Шанасына не жегеді?Бұғы ма?

–  Жоқ, 4 жұп арғымақ ат.

– ААА…

Міне, бұны тек жекелеген балалар санасына ғана емес, жалпы халықтық деңгейге көтеріп әкетсек, қалай болады? Қазақ өз ерекшелігі бар, өзгеше ұлт екендігін осылай танытсақ. Ақтанайға әкесі Қызыр Ата туралы мынадай өлең жазып берді:

Аяз Ата, Қызыр Ата,

Біздің үйге қыдыр Ата.

Шөлдедің ғой шай берейін,

Шұбат құйып, қымыз, Ата.

………………………..

………………………..

Алақанды жаяйын,

Ақ батаңды алайын, Аумин…

Advertisements

Responses

  1. Сәлеметсіз бе Есенгүл, хәліңіз қалай? Жаңа жылыңыз құтты болсын. Ақтанайға айтқандарыңызды оқыдым.
    Қазіргі балалар Аяз атаға сенуден қалды. Ерлі-зайыпты жолдастарымыз бірі Аяз ата, бірі Ақша қар боп мерекеге дайындалып-ақ келген екен, балалар “маска киген Казбек көке ғой” деп қарап тұр. Өзіміз де тақпақ айтқан соң, олар да қосылды. “Аяз ата беріп жіберіпті” деп сыйлықтар апарып беріп жатырмыз гой, сонда да сенбейді.

    • Сәлем, Гүлжазира, рахмет! Жаңа жыл құтты болсын! Иә, менің балам Аяз атаның өз әкесі екені біліп отыр. Бірақ, солай болуға тиіс деп қабылдайды. Біз енді осы үрдісті Қызыр Атамен алмастырсақ.

  2. Қазақтар екі топқа бөлініп тұрғанда екі мейрам да тойлана береді.

    • Иә, қазақтың ең басты проблемасы – қоғамының екіге жарылуы болып тұр ғой. Орыс қазақтар мен нағыз қазақтар бірін-бірі түсінуге ұмтылар емес. Сорақысы сол, жыл өткен сайын бұл алшақтық алыстап барады. Ал, интеграция жайлы әрбір жиындарда сарнаймыз. Бірақ, ол қай мәдениеттің төңірегіндегі интеграция екендігін айтпайды.

  3. Мен де блогымда балаларды кеңес жолынан қалған Аяз атаға телміртпей, Қыдыр атаға сенуді үйретейік деп материал жариялағанмын. Ақтанайға үйреткен тәсіліңіз өзге отбасыларға үлгі боларлық екен!

    • Рахмет, Тоты, Жаңа жылыңмен!

  4. Жазған кезім жаз болса да, жаза кетейін. Келер жылы керек боп қалар. Аяз атаны Қызыр атаға ауыстыру жақсы идея екен. “Біздің атамыз даланы түйемен аралайтын болса ғой” деген ой (4 арғымақ жеккен шананы айтамын) менікі. Сосын сыйлықтан гөрі балаға батаның берекелігін көбірек насихаттасақ. Бұл сыйлық берілмеу керек деген сөз емес, ұлттық ойыншықтар берілсе (асық, қуыршақ, киiз үй т.б.). Ойыншық салынған қапты Бақыт, Денсаулық, Байлық, Білім деген кейіпкерлер ұстап, солар үлестірсе, ата тек бата беріп, сақалы мен баланың басынан сыйпап тұрса. Қандай тамаша ия? )))


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Категориялар

%d bloggers like this: