Posted by: yesengul | Наурыз 16, 2011

Сөмкемді қалай жоғалттым?

Таңертең сағат 9.00-де баламды балабақшаға әкелдім де, машинаға кеп отыра беріп едім, бір жас жігіт мені көре сала асығыс-үсігіс орнынан тұрып, маған қарай жүгірді. Түрі де, жүріс-тұрысы да күмәнді.

Жанынан бір жігіт екінші жаққа қарай зып берді. Әлгі жігіт менің қасыма келді де тереземнен бірдеңе деді. Тереземді түсірмей басымды шайқап едім, есігімді ашып жіберді. Сөйтті де:

– Тәте, сіз машинаңызды бауырларыңызға берген жоқсыз ба? Кеше олар мені келіп боқтап кетті, машинаңыздың нөмірі таныс, – деді.

– Мен машинамды ешкімге берген емеспін. Жап есікті, – дедім де, есікті жауып алып, орнымнан қозғалып кеттім.

Машинаның алдыңғы жағында «бір есігің ашық» деген белгі қызарып жанып тұрды. Кейде машинамның бұл белгісі есіктің жабық тұрғанына қарамастан, жана беретін, сол себепті де мән бермедім.

Үйге келдім де, қалыптасқан дағды бойынша, сөмкемді алмақ болдым. Бірақ, сөмкем жоқ. Машинаның ішін сүзіп шықтым таппадым. Сыртқа шыққанда байқадым, машинамның сол жақ алдыңғы есігі шала жабылыпты. Сонда ғана әлгі жігіттің менің аузымды аңқитып кеткенін бірақ білдім. Сөмкемде 40 мың теңге және барлық құжаттарым бар еді. Жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, техпаспорт және сақтандыру полисі, техосмотр. Ішім удай ашыды. 8-балабақшаның алдына қайта барғаныммен ешқандай пайда болмады.

102 ге хабарласып, шақырғанымызбен, олар бір сағаттан кейін келді. Әрі құжаттар жоғалды деген анықтама беру үшін «сөмкем ұрланды» деп шағымданудың қажеті жоқ деді. Сосын ішкі істер басқармасындағылар Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына келуімді сұрады. Барып едім, 405 бөлмеде Әлиев дегенге бар деді. Олар бір формаларды берді де, өздері диктовка жасап, арыз жазғыза бастады. Құжаттарыңды қайда жоғалтқанымды жазғызды да, «ұрлады» деген сөзді жазғызбай, «при неизвестных обстоятельствах» деп жаз деді. Мен айттым, «көпе-көрінеу ұрлап кетті ғой» деп едім.

– Олай жазсаңыз біз сізге анықтама бере алмаймыз. Құжаттарыңызды қайта қалпына келтіру қиын болады. Сол себепті де, жоғалды деңіз, – деді. Соңына «От подачи заявления по факту кражи  отказываюсь» деп жаз дейді.

– Неге? – десем. Құжаттарыңды тезірек қалпына келтіру үшін, – дейді.

Төле би мен Жұмалиев көшелерінің қиылысындағы халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) барып, жеке куәлігімді алуға әрекет етіп едім, ондағы басшыларға да «арыз» жазуым керек екен. Ол арызда да «ұрланды» деп жазбауым керек екен. Тек «жоғалтып алдым» деу міндетті. «Аш пәледен, қаш пәле». Ұрыны іздеп ешкімнің басы қатып жатпайды. Қылмыстық іс қозғалмайды. Сонда кім бізді қорғайды?

Advertisements

Responses

  1. Осыны білген соң ғой ұрылар тайраңдап жүргені. Құдай біледі, ұрлады деп жазбаңыз деушілердің өздерінің сол ұрылармен байланысы болса еш таңқалмас едім.

    • Иә, менің де назар аудартып отырғаным сол мәселе ғой. Ішкі істер басқармасындағылар жоғарыға есеп беру үшін ғана отыр, халыққа көмектесу үшін емес.

  2. Менің де сөмкемді машинадан тап осылай ұрлаған болатын. Милиция ешнәрсені табуға көмектеспейді ғой , өкінішке орай. Бірақ бір қуаныштысы сол күні кешке қарай сөмкеңізді таптық деп бір кісі телефон соғып, құжаттарым қайтқан болатын.

    • Құжаттарыңыздың табылғанына қуаныштымын. Мен қайта жасатып жатырмын.

  3. Ма мынауын жаткан кагазбастылык кой мамочка,,,

  4. Қайырлы шығын болсын!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: