Posted by: yesengul | Мамыр 31, 2011

«Мінбер» ұшырған түлектер

Былтыр мамырдың 28-29-ында Алматы қаласында ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында республиканың әр түкпірінен 25 адамның басын қосып, интернетте блог ашудың қыр-сырына қанықтырып жіберген едік.

Дәл сол күні 25 блог дүние есігін ашты. Біразы жергөгінде тұншықты. Біразы жарық дүниеге талпынып, бір жасқа жетпей дүние әлемге танылды.
Сол семинарда қанат қаққан біраз блог иелері бірнеше күн бойы блогтарының туған күндерін атап өтуде. Осы семинарда блог ашып, аса танымал болған блогшылардың интернеттегі мекенін сүзіп шығып, дүние есігін ашуға себепші болған «Мінберді» қаншалықты еске алғандарын қарап шықтым. Ең әуелі Тоты Мінберден түлеп ұшқанын»айғайлата айтып жар салыпты.

Сосын Бүркіттің блогын шолдым. Бүркіт те «Мінбер» семинарында блог ашқандығын тәптіштей жазған екен. Дәл осы сәтте Бүркіт СТВ телеарнасына блог жайлы сұхбат беріп отырды. Сұхбатында «Мінбер» жайлды тағы да еске салып өтті.

Амангелді Құрметұлы қазақ дәстүрімен туған күнді елемеуді мақсат тұтқан екен. Блогында ол жайлы ештеңе айтпапты. 28-інде «Теле-2» ұялы байланыстың ашылғаны жайлы жазған Ербол Азанбек те үнсіз.

«Балам бір жасқа толды» деп жарияға жар салған Өркен «Мінберді» еске алуды ұмытып кеткен секілді. Әзірге шолғандарым осы болды.

Advertisements

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: