Posted by: yesengul | Шілде 25, 2011

Құдай маған ойыншық ал деген сана берді

Ақтанай бестен асты. Сұрамайтыны жоқ. Оның білгісі келетініне ақылың жетіп жауап беріп көр. Менен бірде:

– Мама, аспанды кім жаратты? – деп сұрады.

-Құдай жаратты.

-Жерді кім жаратты?

– Құдай жаратты?

– Адамды?

– Құдай.

– Ағаштарды, суларды?

– Құдай.

– Мына үйді кім салды?

– Адам.

– Қайтіп салды?

– Құдай оған сана берді, адам сол санасын жүзеге асырды, үй салды, жол салды, тамақа істеді, киім тікті.

Екеуміз көп ойыншықтың арасынан өтіп бара жатыр едік, ол маған қарап сәл қулана жымиды да:

– Мама, маған Құдай қандай сана бергенін білесіз бе? – деді.

– Қандай?

– Құдай маған ойыншық ал деген сана беріп тұр, – дегені. Қапелімде не дерімді білмей қалдым. Ойыншық алып бермеске амал жоқ.

Advertisements

Responses

  1. Ақтанай ақылды болып өсіп келе жатыр екен! Көз тимесін!

  2. салем Есенгүл. Мен Улаанбаатардан Тілеген деген журналист боламын. Маған Қазақстанда бізден барған Жүкел деген журналистнің E-mail адрессі немесе телефонын тауып берші. Тығыз керек болып тұр. Менің E-mail адрессім tilek_tlg@yahoo.com

  3. “Машина жақсы көреді” деп едіңіз Семейге келгенде, тағы сол ойыншықты алдыртқан шығар… 🙂 Негізі, біздің балалық шағымыздан қарағанда қазір ойыншықтар әлемі әлдеқайда озып кеткен сияқты. Кеше тұсаукесерге шақырды бір құрбым, баласына ойыншық алайын деп барып, не түрлісінен басым айналып,ақыры дым таңдай алмай қойдым. Әлде балам жоқ болған соң, өзімнің икемім жоқ болды ма…сәбиді қуантқым келген…

  4. Бала тілі – бал деген. Жарайсың, Ақтанай! ) Тфә-тфә!

  5. Құдай тіл көзден сақтасын.

  6. Есенгүл апай өз блогымды қалай ашсам болады кеңес беріңізші


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Категориялар

%d bloggers like this: