Posted by: yesengul | Қараша 21, 2014

«Атамның арманы»

10685492_568896479922730_7006478739221502751_nБлог жүргізбегелі көп бопты. Көптеген пікірлерге жауап та жазылмай қалыпты. Кешірім өтінемін. Көп жазбамыз бүгінде фейсбукте жазылып, блогың рөлін алмастырып жіберді-ау деймін.

Жақында біздің отағасы бәрімізді жинап алып, жаңа өліңімді оқып берейін деді. Қасымызда Ұлықбек Жанарбек ұлы, Ақтанберді Бақытбекұлы (менің ақ балам, 8 жаста), Ботагөз Сабит бар.

– Өлеңімнің аты «Атамның басы» деп аталады, – деп бастады отағасы Бақытбек сөзін. Бұны естуі мұң екен Ақтанай мен Ұлықбек ішін басып, домалап күле жөнелді.

– Әке, әке, – дейді Ақтанай, – бұның ұят қой енді, бүкіл ел бізді юоқтап отыр екен деп ойлап қалады ғой, атын өзгертпесең болмайды.

– Жарайды, – деді әкесі, – әуелі тыңдап ал, мен неге олай атағанымды түсін, сосын жаңа ат ойла.

Өлең мазмұны «әкесінің шет елден келіп, өз атамекеніне  жамбасы тигендігі жайында, ата-бабаң мекеніне жетіп өлсем арманым жоқ деген талай боздақтың арманын арқалап келген бүгін ұрпақ жайында, ақыры атамның басы өз топырағына жетті» дегенге саяды. Ақтанай көп ойланбады:

– Әке, атамның рманы деп отырсың ғой. Өлең атауын «Атамның арманы» деп ауыстырайық деді. Сөйтіп, Ақтанай тұңғыш рет редакция жасады, әкесінің өлеңіне.

Қанша түзу қармасын жесір ескек,
Қайық өрге жүзбейді кекіректеп.
Енді не дер, оттайтын оспадарым,
«Мұнда сенің атаңның басы жоқ!»,- деп.

Бабам жатқан жер еді білгенге бұл,
Су қараңғы бұл жайдан мүлдемге тұл.
Ақ ит кіріп, аузынан көк ит шығып,
Көкитіндер болып жүр мүрдеңе құл.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: