Posted by: yesengul | Қараша 25, 2010

Күтпеген сыйлық

Адам өмірінде талай күтпеген тосын оқиғалар бола бедерді ғой. Сондай жайт – Астанаға барған сапарымда менің басымнан да өтті. Астанаға екі түрлі мақсатпен жол тартқан едім.

Read More…

Posted by: yesengul | Қараша 9, 2010

Әкем жайлы

Бүгінгі “Егемен Қазақстан” газетінде Бесбоғда Алтайдың әкем туралы мақаласы жарық көріпті. Назарларыңызға ұсынамын.

Read More…

Posted by: yesengul | Қараша 4, 2010

Ақтанайдың айтқаны

Кеше Алматыда күні бойы жаңбыр жауды. Біз Ақтанай екеуміз қонаққа бардық. Қайтарда жаңбыр одан сайын еселене түсіпті. Түн іші. Біз машинамен Райымбек даңғылымен келе жатырмыз. Алдыңғы терезені қос таяқ (дворник) дамылсыз сүртуде. Осы құбылысты байқап отырған Ақтанай:

Read More…

Posted by: yesengul | Қазан 27, 2010

Шымкентте күн ыстық па?

Қазанның 19-21 күндері Шымкентте болған едік. “Мінбердің” кезекті семинар-тренингін өткізу мақсатында.

Read More…

Posted by: yesengul | Қазан 20, 2010

Балалық шаққа саяхат

Кеше, яғни 19 қазанда Алматыәуежайынан Шымкентке ұшуға жиналдық. Уәделескендей Beeline кеңсесінің алдына сағат кешкі бесте Бақыт алып келді. Есік алдында Анар менАсхат күтіп тұр екен. Әуежайға тез жеттік. Есесіне ұшу уақытын күтіп бір сағаттан астам уақыт күту залында отырып қалдық. Skat әуе компаниясының әуе кемесі сонау бір жылдардағы кеңестік АН-24 ұшағы екен. Read More…

Posted by: yesengul | Қазан 20, 2010

Minber: Кезекті семинарлар

Соңғы кезде қатты қарбалас жүрмін. Талдықорғаннан оралғаннан кейін Соғыс және бейбітшілік репортаждары институтының (IWPR ) Алматыдағы өкілдігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы өкілдігі қолдаған “ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернеттің дамуына ықпалы” атты семинарға дайындық басталды. Read More…

Posted by: yesengul | Қазан 11, 2010

Өткен күннен бір белгі

Қағаздарымның арасынан 1 курс жылғы блокнотымды тауып алдым. Қызыл. алғашқы бетінде “18.ІҮ.91. К. Есенгүл. ҚазМУ. Филфак, 102 гр” деген жазу бар. Осыдан тура 19 жыл бұрынғы.

Read More…

Posted by: yesengul | Қазан 5, 2010

“Мінбердің” екінші семинары

Міне, біз Талдықорғандамыз. Біз бұл сапарды жазға жоспарлаған едік.

Алматыда 28-29 мамырда КИМЭП-те өткен “Қазақтілді БАҚ тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу” атты екі күндік семинар тренингімізден кейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінде қоғаммен байланыс менеджері болып қзымет істейтін Мұхтар Сеңгірбай дәл осы жобамен өңірлердің бірінде семинар тренинг өткізуді сұрады. Сөйтіп, АҚШ елшілігі талаптары бойынша жоба дайындауымызды өтінді. Әрі келесі семинарді қай өңірде өткізетіндігімізді таңдау қажет болды. Read More…

Posted by: yesengul | Маусым 30, 2010

Журналистер күнін қалай өткіздік?

Журналистердің кәсіби күнін “Табаганда” өткізуді жоспарладық. Жұма күнгі басқосуда оған баруға ниет білдіргендердің саны біршама еді. Жексенбі күні редакцияда бес қыздың ғана басы қосылды. Read More…

Posted by: yesengul | Маусым 19, 2010

ЖОҚТАУ

Қазақтың ұмытылып бара жатқан жақсы дәстүрлерінің бірі – о дүниенің қонағы болған адамын жоқтаумен қайтпас сапарға шығарып салу. Данышпан Абай бұл туралы: Read More…

« Newer Posts - Older Posts »

Категориялар